Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 21,5 Kb.
Pdf просмотр
бет2/53
Дата21.11.2017
өлшемі21,5 Kb.
#1239
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

 
кәсіптік даярлауға, қызметкерлерді қайта даярлауға және олардың біліктілігін 
арттыруға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек 
жағдайларын белгілеуге қызметкерлердің (қызметкерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек 
дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға 
байланысты қалыптасатын қатынастар;
 
      26) еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және 
(немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен 
қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;
 
      27) еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - қызметкер еңбек міндеттерін орындаған 
кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі талаптарына 
сәйкестігі;
 
      28) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек 
қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек 
қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау;
 
      29) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - 
эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің 
қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;
 
      30) еңбек міндеттері - қызметкер мен жұмыс берушінің Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актілерінде, 
еңбек шартында, ұжымдық шартта келісілген міндеттемелері;
 
      31) еңбек стажы - қызметкер еңбек міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған, 
күнтізбемен есептелген уақыт;
 
      32) еңбек тәртібі - жұмыс беруші мен қызметкерлердің Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек 
шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында 
белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы; 
 
      33) еңбек тәртіптемесі - қызметкерлер мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыру 
жөніндегі қатынастарын реттеу тәртібі;
 
      34) еңбек төрелік соты - бітімгерлік комиссиясында келісімге қол жетпеген 
кезде еңбек дауын шешу үшін ұжымдық еңбек дауының тараптары уәкілетті адамдарды 
тарта отырып құратын, уақытша жұмыс істейтін орган;
 
      35) еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-
техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де 
іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі 
мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
 
      36) еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор - еңбек қауіпсіздігі және 
еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі;
 
      37) еңбекті нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында 
қызметкерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек 
(уақыт) шығындарын айқындау және осының негізінде еңбек нормаларын белгілеу;
 
      38) еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және 
(немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету 
деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары;
 
      39) еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, 
бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға
еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге 
келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан 
Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық 
шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, 
қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;
 
      40) ереуіл - жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауында өздерінің әлеуметтік-


 
экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық 
немесе ішінара тоқтату;
 
      41) жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, 
санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ 
өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;
 
      42) жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті 
өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы 
киім; 
 
      43) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды 
тұлға;
 
      44) жұмыс берушілердің өкілдері - құрылтай құжаттары немесе сенімхат 
негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге 
уәкілетті жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
 
      45) жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, 
нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртіптемесінің ережелері;
 
      46) жұмысқа орналастыру - халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 
жәрдемдесуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар 
кешені;
 
      47) жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін 
орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
 
      48) жұмысты тарифтеу - орындалатын жұмыстарды Жұмысшылардың жұмыстары мен 
кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылардың, 
мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, 
жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, 
мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік 
сипаттамаларына сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу;
 
      49) жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының 
талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске 
сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;
 
      50) жұмыс уақытының жиынтық есебі - жұмыс беруші белгілеген, бір жылдан 
асыруға болмайтын есептік кезеңдегі жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс 
уақытының есебі;
 
      51) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгілі бір өндірістік 
факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе 
сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп 
соқтыратын еңбек жағдайлары;
 
      52) зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе 
еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына 
теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
 
      53) кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына 
байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы 
немесе қатты ауру;
 
      54) кепілдіктер - қызметкерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында 
берілген құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектесетін құралдар
тәсілдер мен жағдайлар;
 
      55) қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың 
өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, 
санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер 
мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек 
процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
 
      56) қауіпті еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда 


жүктеу 21,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау