Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



жүктеу 2,17 Mb.
Pdf просмотр
бет57/68
Дата10.11.2018
өлшемі2,17 Mb.
#18800
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68

     
 
 
120 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
тура  әсер  етіп  қана  қоймайды,  барлық  ұжымның  іс-қызмеи  қорытындыларына  да 
әсер  етеді.  Басқаруды  ұйымдастыру  мен  жүзеге  асыру  кезінде  адамдардың  іс-
қызметтегі мінез-құлқының заңдарын ескеру қажет. Бұлар:  
 - адам әрқашан өзі аз шығарып, көп нәтижелерге жетуге ұмтылады;  
 -  әрбір  адам  нәтижесінде  жарамды  формада  өзіне  ең  көп  шамадағы 
көтермелеу мен ең аз шамада жаза болатындай әрекет етуге ұмтылады;  
 - әрбір адам өзін іс жүзінде көтермелейтін немесе жазалайтын инстанция не 
айтса, соны істейді;  
Басқарудың психологиялық әдістеріне мыналар кіреді:  
 - шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп жинақтау;  
 - еңбекті ізгілендіру; 
Әлеуметтік–психологиялық  әдістері  рухани  мүддеге  (қажеттілікке)  ықпал 
етудің  мүмкіндіктерін  пайдаланады.  Әлеуметтік  уәждеме  (мотивация)  саяси, 
моральдық,  ұлттық,  отбасылық  және  басқа  да  әлеуметтік  мүдделердің  бағдарын 
қарастырады  [3].  Қарым-қатынас  барысында  журналистің  басты  мақсаты  -  ол 
объектпен  жоғары  дәрежедегі  түсіністік  орнатып,  көздегеніне  жету.  Егер  ол  қажет 
мәліметтердің  көзі  болса,  көп  нәрсе  журналистің  бет-әлпетіне,  өзін  қалай 
ұстағанына,  сөйлеу  мәнеріне,  басқалармен  араласуына,  сөйлесіп  отырған  адамның 
санасы  мен  көңіл-күйін  ажырата  алуына  байланысты  пайдаға  асады.  Межелеген 
мұратқа жету үшін адресаттың қызығушылығын оятып, күткен сапасын алдына арту 
ең  тиімді  жолдардың  бірі.  Журналист  өзінің  әлеуметтік  статусы  мен  имиджін 
орынды пайдалана алса ғана ресми қарым-қатынасты арада сенім орнаған қатынасқа 
айналдыра алады. Орын алған жағдайға қарай әрекет етіп, соған сай болатын қарым-
қатынас  жолын  таба  білсе  ғана  алға  қойған  мақсатына  жете  алады.  Қажетінше 
орнаған жағдайға қарап өз мүмкіндіктерін де бағалай алса шешімі қиын мәселелерді 
шеше алады. 
Тек  жалқаулар  ғана  бүгінгі  таңдағы  БАҚ-тың  кемшіліктерін  атағысы 
келмейді.  Ал  өз  жұмыстары  жайында  журналистердің  ойы  қандай  екен?  Өздеріне 
қаратылған  түрлі  сындарға  қандай  көзқарас  ұстанады?  Бұл  айыптаулар  нақты 
дәлелдермен  көрсетілген  бе  ол  ешкімді  қызықтырмайды.  Осы  мәселелерге  қарап 
тарих беттерін парақтасақ та мардымды ештеңе жолыға қоймады. Терең зерттелген 
сала тіл мәселесі екенін көреміз. Мысалы, "парламенттік сөздердің мәдениеті" атты 
жинақта Б.В. Колодкин сынды депутаттың - жастар санасына тіл арқылы әсер ету - 
деген сияқты, сонымен қатар А.П. Сковородникованың сөз саптаулары келтірілген. 
Аса қызық та жан-жақты басылымдар болып Америка зерттеушілерінің - "Баспаның 
төрт  теориясы"  және  "Масс-медиа  жөніндегі  тұжырымдар"  саналады.  Адам 
психологиясын зерттеген ғалымдар позицияны аса толық бір жинақ  деп есептейді. 
Сондай-ақ  сұхбаттасу  кезіндегі  кездесетін  психологиялық  түйткілдерге 
байланысты  психолог  мамандардың  бірнеше  кеңестері  бар.  Солардың  ішінде 
журналистер  қауымына  қатыстысын  талдап  өтсек,  респондентімен  алғаш 
кездескенде  сыпайы  амандасып,  танысу  -  алдағы  мақсаттарға  жетудегі  негізгісі. 
Екіншіден,  тілші  түйінді  мәселелер  себебін  іштей  зерделеп,  оны  респондентіне 
жеткізу жолын іздеу. Жеткізген жағдайда оның қабылдауы мен эмоциясын бақылап 
отырып, соған сай байыппен әрекет ету - фактіге қол жеткізу жолдары. 
Қарым - қатынас барысында қолданылатын адам санасы мен әрекетіне әсер 
ететін бірнеше тәсілдер бар. Олар: еліктеу, сендіру, еліктіру. Бұлардың механизмдері 
күрделі әрі сан қилы. Олар кең ауқымды жұмыс істейді. Осы арада сендірудің әсері 
жайында кеңінен зерттелген. Дегенмен тәсілдердің барлық түрлері де пайдаға асады. 
Еліктеу  -  бұл  басқа  біреудің  әрекетін,  мінезін,  қимылына  қарап  қайталау. 
Еліктеудің  құрамына  кіретін  негізгі  әрекет  көшбасшының  бар  болмысын  қайталау. 


     
 
 
121 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Ең  кең  тараған  түрі  -  конформизм,  яғни  кез-келген  күші,  билігі  бар адамға  еліктей 
салып, өз орныңды, жеке көзқарасыңды жоғалту, мүлдем дара әрекет ете алмау. 
Еліктіру - эмоциялы-психологиялық әрекеттің түрі. Бұл жерде аса маңызды 
рөл  қолпаштауы  көп  көшбасшыда  болады.  БАҚ-та  кең  тараған  тәсілдердің  бірі  - 
сендіру. Бұл тәсіл адамдардардың бойында басқа бір ерекше сезімнің пайда болып, 
жекешелену  қалпын  тудырады.  Әсіресе  көп  қолданылатындары  манипуляция 
арқылы, мифтік әңгімелер арқылы еліктіру, стереотипизация. 
Сендіру  -  бұл  адамның  білімі  мен  ой  санасы  арқылы  әрекет  ету.  Басқа 
тәсілдерге қарағанда бұл түрі біліп істелгендігімен ерекшеленеді. Ол міндетті түрде 
түрлі дәлелдер мен аргументтердің келтірілуін талап етеді. Бұл тәсілмен жұмыс істеу 
қате  пікірге  бой  алдырғандар  арасында  күрделі  болып  келеді.  Сендіруді  дұрыс 
пайдаланып,  онымен  жұмыс  істей  алу  -  журналистің  хас  шеберлігінен  хабардар 
етеді.  
Жоғарыда  аталған  әртүрлі  факторларда  оқырман  сондай  мол  өзіндік 
психологиялық  әсер  алады.  Қазіргі  заманауи  журналистика  саласында  БАҚ 
өкілдерінің  айналасында  қажетті  нәтижеге  жету  мақсатында  көптеген  түрлі 
эффектілер пайдаланылады. Бұл тәсілдерді жетік білудің қажеттілігі сонда, ол арылы 
жағымсыз әрекеттер жасауға жол берілмейді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 
адам  санасымен  манипуляция  жасау  бүкіл  әлемде  белең  алған  жайт.  Сол  арқылы 
газет,  журнал,  телеарна,  радиохабарлар  түрлі  пікір  таратып,  жұрт  санасын 
басқарғысы келеді.  
Манипуляция  арқылы  әсер  етудің  негізгі  бөліктері  болып  сендіру  мен 
еліктіру,  еліктеу  саналады.  Бұлар  анық  сенім  ұялатпайды,  олар  адамның  эмоциясы 
арқылы  әлеуметтік  тұрғыда  әсер  етеді.  Манипуляцияның  негізгі  мақсаты  - 
аудиторияны  өзіне  бағынышты  етіп,  кез-келген  пікірмен  келісе  беретіндей  етіп 
жасап алу. 
Мифологизация  -  бұл  арнайы  ойластырылған  әлем  картинасы.  Бұл  жерде 
шындық  тұмандалып, құбылыстар түрлі  кейіпте елестейді. Пропагандалық  аңыздар 
шындықты  жасырып  "өтірік  сана"  тудырады.  Бұл  әсіресе  жастар  арасында  кең 
тараған  сендіру  түрі.  Әлі  ешқандай  тәжірибесі  мен  білімі  жоқ  жастар  алданып, 
тағдырлары тұмандалып қалып жатады. 
Сананы  стереотипизациялау  -  бұл  күнделікті  өмірге  еніп,  сіңіп  кеткен 
құбылыстар арқылы әсер ету. Психологиялық стереотиптер адамдарға тез әрі жедел 
түрде  өмір  заңдылықтарына  бағынуға  итермелейді,  өкініштісі,  адам  бойындағы 
шығармашылық  бастаулары  мен  рухани  байлығын  кемітеді,  сананы  тізгіндеп 
тастайды. Құралу барысында стереотип үш сатыдан өтеді - теңестіру, күшейту және 
ассимиляциялау. 
Манипуляция әдісі мен стереотипизация тәсілі қосылатын болса аса жоғары 
көрсеткіш пен эффект береді. 
Идентификация - бұл өзін басқа түрге жатқызудағы күрделі процесс.  
Өзін  басқа  қоғамға,  топтарға  жатқызу  арқылы  адам  сол  адамдардың 
әрекеттері мен мінез-құлықтарын бойына сіңіріп, өзін жоғалтып алады. 
Имиджмейкерлік  –  бұл  тауар,  адам,  әрекеттердің  арнайы  қызықтыру 
мақсатында ойластырылып жасалған болмысы. 
Имидж  болмыстың  бояуларын  қоюландырып,  сендіру  функциясын 
атқарады. Бұл жерде белсенді әрекет ететін құбылыстар - ол адам психикасын алдау, 
әлеуметтік-психологиялық ұстанымдар, ойдың ұшқырлығы, еліктіру. [4,153 бет]  
Клипмейкерлік  (клип,  түрлі  бейнелерді  түсіру)  -  бұл  арнайы  хабар 
таратудың  бір  түрі.  Басты  ұстаным  -  эмоцияның  шарықтауы  мен  сананың  әлсіреуі. 
Қайталау мен ашулы әрекетпен мінезделеді. Аса танымал "сары баспасөздің" басты 


жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау