116
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Шоқан Уәлихановтың шығармалары бес томдық көлемде академик Әлікей
Хақанұлы Марғұланның жинақтауымен басылып шықты. Оның география,
этнография, тарих, этнология ғылымдары бойынша жазған еңбектері және қоғамдық
саяси көзқарастарымен қызметі туралы көптеген ғылыми зерттеулер жарық көрді.
Дегенмен де бұл зерттеулердің кеңес дәуіріндегі социализм идеологиясы үстемдігі
тұсында Шоқанның саяси қоғамдық көзқарастары мен қызметін, өмірінің
шындығын, оның сан қырлы жақтарын жан жақты терең ашып көрсетуге
мүмкіндіктері болды ма деген сұрақтарға жауап керек сияқты. Шоқан өмірін
зертеуге саналы ғұмырын арнаған энциклопедияшы ғалым Әлікей Марғұлан Шоқан
туралы өзі ғана білетін көп дүниелерді жариялай алды ма. Кеңестік империялық
саясат жағдайында, оның репрессиялық озбырлығын өз басынан өткерген ғалым
бүгін тірі болса Шоқанның саяси көзқарастары мен өмірі туралы
құпия болып келген
деректерді жария етер еді. Олай дейтін себебім, жаңылмасам, 1984 жылы ақпан
айында Мұхтар Әуезовтың музей үйінде, белгілі фольклоршы ғалым Рахманқұл
Бердібаев Әлікей Марғұланмен кездесу ұйымдастырып, зиялы қауым өкілдері
алдында Ол Шоқан туралы қызықты әңгімелер айтты. Кездесу теледидар арқылы
көрсетілді. Бұрын соңды дидарын көрмеген, даусын естімеген атақты ғалымның
әңгімесі аса тартымды болды. Сөйлемінің құрылымы өте жинақы, артық бояма
көркем сөзі жоқ. Таза ғылыми қазақша тілде, өзіне тән қоңыр даусымен бір сағаттай
сөйлеген болатын. Атақты жазушы Сәбит Мұқановтың Шоқан туралы жазған
«Аққан жұлдыз» тарихи көркем романындағы Шоқан мен әкесі Шыңғыстың
арасындағы қатынастардың кеңестік идеологияға икемделініп, жаңа демократиялық
және
ескі
феодалдық
көзқарастардың
қайшылықтарының
көріністеріне
сәйкестендіріле суреттелуін Әлікей атамыз жақтырмай, Сәбитте жаза берген ғой,
деп, мәселенің идеологияландырылған астарына мән берген болатын. Шоқанның
Омбыдағы жігіттік шағы туралы, оның өзінің қатарластарынан шоқтығы биік
тұратындығын,
жан-жақты білімділігін, алғырлығы және тектілігіне тән такаппарлық
қасиетін,орыс ақсүйектері қауымдастығы өкілдері сауық кештерінде қыз
келіншектер алдында жеке басының тартымдылығымен ерекше көрінетіндігін атап
өткен еді. Шоқан жас кезінде сері болған, орыс офицерлері арасында кең тараған
преферанс ойынын жақсы білген, шараптан да бас тартпаған, тіпті, бір қыста карта
ойынынан отыз сегіз сиырдың құны болатын ақша ұттырған деп Шоқанның жас
адамға тән іс әрекеттерінен кейбір мағлұматтарды айтқан еді. Орта Азияға жасалған
Черняевтің экспедициялық корпусының жорығына қатысқан Шоқан патша үкіметі
әскерінің аяусыз басқыншылық саясатына наразы болғандығын жалпылама ғана
сипаттаған болатын. Өзі білетін деректерді ашық айту коммунистік иддеология
үстемдігі жағдайында мүлдем мүмкін емес еді.
Шоқан Уәлихановтың өмірінің соңғы жылдарының белгісіз жақтары туралы
соңғы кезде біраз мәселелер қозғалып жүр. Солардың ішінде ерекше назар аударуға
тұрарлығы кеңес одағы кезіндегі мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің полковнигі
Б.Қыстаубаев деген азаматтың «Тайна Чокана Валиханова» деген деректік
материалдарға негізделіп жазылған кітабы. Бұл еңбекте Шоқан өмірінің қызметі
және оның қоғамдық саяси көзқарастарына байланысты патша үкіметінің іс
әрекеттері туралы материалдар негізінде Шоқан өлімінің құпиясына қатысты
болжамдар жасалған.
Бұл мәселе жөнінде әлі жарияланбаған дерек деп айтуға толық негіз болатын,
белгілі қоғам қайраткері, атақты жазушы Әнуәр Әлімжановтың өз аузынан естігенін,
осы жолдар авторы оқырман назарына ұсынып отыр.
1991 жылы қыркүйек айында Қазақтың мемлекеттік университеті (КазГУ)
жанындағы Қоғамдық ғылымдар пәндері оқытушыларының біліктілігін арттыру
институтының бес айлық курсында тыңдаушы болған едім. СССР-дің ыдырау