138
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
миозин деп аталатын жиырылғыш белоктарының талқандалуымен және қайта
құрылуымен іске асады. Қарқынды да, ұзақ та жұмыстарда бұлшық еттердің
жиырылғыш белоктары босаңсу кезінде толық қайта құрыла алмайды, физикалық-
химиялық процестері бұзылады, қимыл бірліктерінің қозғыштығы мен
құбылмалылығы өзгереді. Осылардың нәтижесінен бұлшық ет босаңси алмай ұзақ
уақыт құрысқан қалпында қалады да, гиалинді дистрофияға немесе нәрсізденуге
ұшырайды. Миогелозға ұшыраған бұлшық етте ыңғай ауырып тұратын тығыз
беріштер пайда болады. Беріштенген бұлшық еттің серпімділігі нашарлайды,
босаңси алу қабілеті төмендейді, күші азаяды, қозғалыстары құрсауланады.
Миогелоз пайда болған кезде спортшының машықтану процесіне тиісті түзетулер
енгізілуі керек. Егерде бұлшық ет аппараты ары қарай аса қатты жүктеле берсе,
бұлшық еттердің физиологиялық жаңаруы онан сайын бұзыла береді. Сонда бұлшық
ет талшықтарының талқандалуы жеделдейді, ал элементтерінің қайта құрылуы
тоқтайды. Талқандалған талшықтар орынына дәнекер ұлпа толады да, миофиброз
деп аталатын ауру дамиды.
Миофиброз дамыған бұлшық еттерде сопақша келген тығыз денелер білінеді.
Бұлшық еттің дәнекер ұлпасынан пайда болған тығыз денелер өз бетімен
жоғалмайды және соның әсерінен мүшенің күші мен серпімділігі елеулі төмендейді,
қимылдар амплитудасы шектеледі. Миогелоз бен миофиброз процестері дамыған
жағдайда машықтану сабақтарын тоқтату немесе жүктемелерді азайту керек.
Емдеуге неше түрлі физиотерапиялық процедуралар, дәрі-дәрмектер қолданылады.
Миозиттен, миогелоздан және миофиброздан сақтандыру үшін машықтану процесін
ұтымды ету, суыққа ұрынбау, жүктемелердің қарқынын төмендету, аса жүктенген
бұлшық еттерді қыздыру, массаж жасау, қанайналымын күшейтіп, зат алмасу
өнімдерін жақпа майларды қолдану арқылы шығару керек.
Сүйектендіргіш миозит - бұлшық еттің қан қүйылған жерінің сүйектенуі.
Әдетте бұлшық етке қан құйылса сіңіп кетеді. Кейбір жағдайда қан тінге сіңбейді.
Қан тұрып қалған жерге дәнекер ұлпа мен ізбес тұздары жиналады және сүйек
жасушалары өседі. Сүйек тінінің пайда болуы дәнекер ұлпа жасушаларының
остебластарға айналуымен түсіндіріледі. Остеобластар бұлшық ет тініне кіріп, оны
сүйектендіреді. Сүйектендіргіш миозит спортшыларда қол қары және қол қарының
екі басты бұлшық еттерінің дистальды бөлімдерінде, санды әкелуші бұлшық еттің
жоғарғы үштігінде, тілерсекті жазушы төрт басты бұлшық етте жиі пайда болады.
Бұлшық ет сүйектенуінің бір себебі – олардың жарақаттарының дұрыс емделмеуі.
Жазылмаған жарақатқа массажды ерте қолданса, қыздыру процедураларын шамадан
артық жасаса, ал қимыл қозғалыстар осы кезде аз болса, сүйектену жүреді.
Сүйектенгенінің белгісіне жарақаттанған жердің қатая беруі, жақын жердегі буын
қимылдарының шектелуі жатады. Емдеу әдісіне сүйектене бастаған жерге қандай
болмасын тітіркендіргіш факторларды жолатпау. Сол үшін қолды немесе аяқты 2-3
аптаға гипспен иммобилизациялау керек. Гипс алынған соң емдік гимнастика және
физиотерапия беріледі. Алдын алу шараларына зақымдалған бұлшық еттегі қанды
ісікті міндетті түрде құрту, жылу процедуларын беруге абай болу, массажды ерте
жасамау, керісінше, емдік жаттығуларын ерте және кең дәрежеде қолдану.
Паратенонит – сіңірлер маңайындағы майлы тіннің қабынуы. Сіңірлердің
қынабы жоқ учаскелері дәнекер ұлпамен муфта тәрізді қапталып тұрады. Сіңірден
қашықтаған сайын ол тығыздала береді. Қатты ширықтыратын жұмыста, әсіресе ол
салқынмен қабат келсе, борпылдақ дәнекер ұлпа зақымдалады да, онда ұсақ-ұсақ қан
құйылған нүктелер пайда болады және май қабаты ісінеді. Паратенонит бір
машықтану кезіндегі аса қатты жүктенуден де, ұзақ уақыт бойы аса қатты
жүктенуден де пайда болады. Бұл ауру жаттығу жағдайлары қиын, дайындығы
жақсы
спортшыларда
жиі
кездеседі.
Паратенонит
жүгірушілердің,
139
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
футболшылардың, шаңғышылардың, секірушілердің ахилл сіңірі маңайында,
теннисшілердің, қылыштасушылардың, есушілердің қол басы сыртының және
білектің төменгі бөлігі сіңірлерінде, гимнасшылардың иығында жиі пайда болады.
Паратенонит дамыған кезде спортшының зақымдалған жерінде біртүрлі
ыңғайсыздық, қозғалыстарында ауырсынғандық сезім білінеді және осының
салдарынан ол ауық-ауық машықтануды тоқтатуға мәжбүр болады. Сіңірлер
маңында ісік және муфта тәрізді ауырып тұратын қалыңдық байқалады. Іскен жерді
алақанмен басса, қимылдаған кезде сіңірдің маңайындағы тіндердің үйкелісі
сезіледі, кейбірде тырылдаған дыбыс та естіледі.
Тендовагинит – сіңір қынабының қабынуы. Ұзақ үйкеліс салдарынан
қынаптан синовиальдық сұйықтық аз бөлінеді де, ақырында синовиальдық
қабықтың өзі жарақаттанады. Қабыққа нүкте-нүкте болып қан құйылады, ісінеді
және асептикалық қабыну процесі дамиды. Сүйықтықтан сіңір қысылады, ал
қозғалыстар кезінде қатты ауырсынғандық пайда болады және бара-бара ауырсыну
күшейе береді. Тендовагинит жиі жағдайда паратенонитпен қабат жүреді. Тендинит
сіңірдің дегенеративті дерттік процесі. Ол ұзақ уақыт аса қатты ширығу салдарынан
пайда болады. Аурудың симптомдары паратенонит белгілеріне ұқсас. Басқан кезде
сіңір бойында ауырсынғандық және ісік жерлер байқалады.
Паратенониттерді, тендовагиниттерді, тендиниттерді емдеуді жаттығулар
жасауды тоқтатудан және ауырған қол-аяқты 7-10 күнге иммобилизациялаудан
бастайды. Ауырған жерге спирттік және басқа дәрілік компресстер, физиотерапия
жасалады. Паратенониттерді емдеуге сіңір маңы май қабатына гидрокортизон
жіберу де қолданылады. Паратенониттердің, тендовагиниттердің, тендиниттердің
алдын алу шараларына қатты жермен жүгіруді тоқтату, лайықсыз жабдықтардан бас
тарту, бұлшық еттің сіңірге ауысатын жерін мұқият уқалау кіреді.
Миоэнтезиттер – миоэнтезиялық апараттың аурулары. Бұған бұлшық еттің,
сүйек қабығының, бұлшық еттің сүйекке жабысқан жерінің дертті процестері
жатады. Миоэнтезиттер тірек-қимыл аппаратының қысқа мерзімді де, ұзаққа
созылғанда аса ауыр жұмыс әсерінен пайда болады. Миоэнтезиттердің пайда
болатын жері спорт түріне байланысты. Лақтырушыларда, боксшыларда,
ватерполшыларда иық миоэнтезиттері, теннисшілерде, найза лақтырушыларда,
қылыштасушыларда – шынтақ миоэнтезиттері, футболшыларда, штангашыларда,
секірушілерде – санды әкелуші бұлшық еттер миоэнтезиттері, балуандарда –
тұлғаның артқы беті бұлшық еттерінің миоэнтезиттері кездеседі. Миоэнтезитпен
ауырған кезде машықтануды тоқтату және аяқ-қолдарды иммобилизациялау керек.
Емдеуге физиотерапия, майлы компрестер қолданылады.
Аса қатты ширығудан туатын сүйек қабығының, сіңірлер мен
байламдарының, сүйек беткі қабығына жабысқан жерінің қабынуынан пайда
болатын ауруларды периостит деп атайды. Периостеопатиялар үлкен күшпен және
амплитудамен қайта-қайта жасалған қатты қозғалыстар салдары. Қатты жерге
секірулерде, қатты жермен жүгірістерде сіңірдің коллаген талшықтары үзіледі және
қанталайды. Алғашқы симптомына жаттығуларды орындаған кезде пайда болатын
шамалы ауырсынғандық сезім жатады. Бара-бара ауырсынғандық сезімі тұрақтана
береді, қозғалған сайын немесе сүйек қабығын басқан сайын ауырсынғандық күшейе
түседі және ауырған жер сәл ісіп тұрады. Периоститтер кәрі жіліктің алдыңғы
бетінде, байламның тізе тобығына жабысқан жерінде жиі пайда болады. Осы ауруда
машықтану тоқтатылады, аяққа гипс лонгетасы салынады және арнайы жақпа
майлар пайдаланылады. Миоэнтезиттер мен периоститтерден сақтану үшін
жаттығуларды қатты жерде жасамау керек. Бұлшық еттер мен миоэнтезиялық
аппараттың ауруларынан кейін жаттығулар жасауға дәрігердің рұхсаты қажет.
Спорттық еңбекке жарамсыздық мерзімі – бірнеше күннен 4-6 айға дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |