Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



жүктеу 2,17 Mb.
Pdf просмотр
бет56/68
Дата10.11.2018
өлшемі2,17 Mb.
#18800
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68

     
 
 
118 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
биліктің ағартушылығын әсірелеп көрсететін. Қазақ жерін, Орта Азияны отарлауды 
артта қалған мешеуліктен, орта ғасырлық надандықтан азат ету деп көрсетуге қанша 
тырысса  да  отаршыл  саясаттың  озбырлығы  орыс  социал  демократтары  арқылы 
батыс  елдерінің  ақпарат  құралдарына  жетіп  тұратын.  Лондонда  1855  жылы 
А.И.Герцен мен И.П.Огарев «Колокол» журналын шығарып, оның беттерінде Ресей 
империясының  бұратана  халықтарды  отарлаудағы  саясатының  қатігездігін 
әшкерелейтін мақалалар жарық көре бастайды. Бұндай жарияланымдар Ресей билігі 
ағартушы  самодержавиенің  европа  қауымдастығы  алдында,  оның  саясатының 
астарын әшкерелеп, абыройын түсірді. Сондықтан, өзі куә болған Шоқан Черняевтің 
экспидициялық  корпусының  Әулие  Ата  қаласын  зеңбірекпен  атқылап,  халқына 
көрсеткен  аяусыз  қатігез  іс  әрекеттерін  үнсіз  қалдырар  ма  еді.  Черняев  жорығына 
қатысқан Шоқан наразылығын білдіріп, одан кетіп қалғаны белгілі оқиға. Европада 
Парижде  тұратын,  Шоқанды  өзінің  туған  бауырынан  артық  көретінін  хатында 
жазған  Ф.Достоевскиймен  арасында  тығыз  байланыс  болды.  Хат  арқылы  Ресей 
империясының қоғамдық саяси өмірі мәселелері жөнінде пікірлер алмасып тұратын.   
Оңтүстіктегі  қазақ  жерін  отарлаудағы  патша  үкіметінің  саясатының  әшкере 
болуы қаупі және ұзақ уақыт Ресей империясының сыртқы барлауында қызмет еткен 
Шоқанның саяси көзқарасының сенімсіздігі  оның өлімінің себебі болды ма екен. 
 
 
ЖУРНАЛИСТ ИМИДЖІ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОБРАЗ 
 
Құтымова Гүлфайруз Нұрғалиқызы, магистр, оқытушы 
Айтбаева Бақытгүл Қайырбекқызы, магистр, оқытушы 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
 e-mail: 
gnurgalievna@mail.ru
 
 
Межелеген  мұратқа  жету  үшін,  адресаттың  қызығушылығын  оятып,  күткен 
сапасын алдына арту ең тиімді жолдардың бірі. Журналист өзінің әлеуметтік статусы 
мен  имиджін  орынды  пайдалана  алса  ғана  ресми  қарым-қатынасты  арада  сенім 
орнаған қатынасқа айналдыра алады. Орын алған жағдайға қарай әрекет етіп, соған 
сай  болатын  қарым-қатынас  жолын  таба  білсе  ғана  алға  қойған  мақсатына  жетеді. 
Қажетінше орнаған жағдайға қарап өз мүмкіндіктерін де бағалай алса шешімі қиын 
мәселелерді шеше алады. 
Для  того,  чтобы  достичь  идеалов  плановой  назначения  интереса,  один  из 
самых эффективных способов повышения качества ожидаемого. Если использование 
образа  социального  статуса  журналиста  и  установления  доверия  в  будущее 
отношений  круга.  Действовать  в  зависимости  от  ситуации  ,  это  было  только  в 
состоянии  найти  способ  общения,  чтобы  достичь  поставленных  целей  .  Если 
необходимо оценить возможность рассмотреть ситуацию в создании решения может 
быть трудно решить эти вопросы. 
 
In order to achieve the ideals of a planned destination of interest , one of the most 
effective ways to improve the quality expected. If you use the image of the social status of 
journalists and the establishment of confidence in the future of relations between the circle. 
To act according to the situation , it was only able to find a way to communicate to achieve 
your goals . If you want to evaluate the possibility to consider the situation in the creation 
of solutions can be difficult to resolve the issues. 
Кілт сөздер: БАҚ, психология, манипуляция, позиция, реплика. 
Белгілі  бір  көпшілік  қатысқан  процестерде  журналист  әр  жақтың 
психологиялық ерекшеліктерін нақ әрі толықтай ескеріп, санасып отыруы керек. Ең 
бір  талап  етілетін  жәйт  -  өзіңнің  мүмкіншіліктеріңді  біліп,  кәсібилік  қасиеттерін 


     
 
 
119 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
бағалай  алуы  қажет.  Ол  өзінің  аудиторияға,  билікке,  қалыптасқан  кәсібилік 
парызына  деген  қатынасын  белгілеп  алуы  шарт.  Осыған  байланысты  БАҚ 
өкілдерінің  мақсаттары  мен  тапсырмалары  анықталып,  қоғаммен  қарым–қатынас 
қалыптастырады.  Сондай  –  ақ,  журналисте  басқару,  үйіріп  әкету  қабілеті  болуы 
керек. Ал бүгінде әлеуметтік – психологиялық басқару әдістері журналистер қауымы 
үшін нағыз керекті сала. Басқарудың әлеуметтік  – психологиялық әдістері ұжымды 
қалыптастыру  әрі  дамыту  процесіне,  олардың  өз  араларындағы  әлеуметтік 
процестерге  ықпал  етудің  нақты  амалдары  мен  тәсілдерін  білдіреді.  Бұл  әдістердің 
мақсаты  –  адамдардың  өсе  түскен,  яғни  өскелең  әлеуметтік  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру,  олардың  жан  –  жақты  үйлесімді  дамуын  қамтамасыз  ету  және 
осылардың  негізінде  жеке  тұлғаның  еңбекке  деген  құлшынысын,  ұжымдардың 
тиімді  еңбек  етуін  арттыру.  Басқару  әдістері  ең  алдымен  ықпал  етудің  бағытын 
анықтайтын өзінің уәждемелік (мотивационной – себеп тудыратын) сипаттамасымен 
ерекшеленеді.  Бұл  сипаттама  адамдардың  мінез  –  құлқын  анықтайтын  және  тиісті 
әдіс топтарына бағдарланған уәждемелерді (мотивы – себепкерлер) көрсетіп береді.  
Әлеуметтік–психологиялық  әдістері  рухани  мүддеге  (қажеттілікке)  ықпал 
етудің  мүмкіндіктерін  пайдаланады.  Әлеуметтік  уәждеме  (мотивация)  саяси, 
моральдық,  ұлттық,  отбасылық  және  басқа  да  әлеуметтік  мүдделердің  бағдарын 
қарастырады. Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалық және 
ұйымдастырушылық  көрсеткіштері  арасында  тығыз  байланыс  болады.  Әлеуметтік 
мәселелерді  шешіп  алмайынша  еңбекке  деген  дұрыс  қатынасқа  (көзқарасқа) 
өндірісті  тиімді  дамытуға  қол  жеткізу  мүмкін  емес.  Әлеуметтік-психологиялық 
аспектіде  өндірістік  ұжымның  рөлін  қалай  ұғуға  болады?  Өндіріс  ұжымы  –  бұл 
қоғамның  пайдасы  үшін  бірігіп  қызметететін,  ортақ  мақсат,  ортақ  мүдде  бастарын 
біріктірген,  бәрі  біреу  үшін,  біреу  бәрі  үшін  жауап  беретін,  бір  ұйымға  жұмыс 
істейтін  адамдардың  жиынтығы.  Өндіріс  ұжымы  –  бұл  бірігіп  еңбек  ететін 
адамдардың  тек  жай  ғана  бас  қосуын  білдірмейді.  Ол  жекелеген  жұмыскерлер  мен 
олардың  топтары  арасындағы  тұрақты  әрекет  ететін  экономикалық,  өндірістік-
техникалық, өнегелік (нравственных), мәдени тұрғыда қалыптасады. 
Басқарудың әлеуметтік әдістері әлеуметтік әр қилы әдістердің кең спектірін 
қамти алады:  
 - әлеуметтік – саяси;  
 - әлеуметтік реттеу;  
 - әлеуметтік бастама;  
 - моральдік ынталандыру.  
Әлеуметтік  нормалау  әдістері  әр  түрлі  әлеуметтік  нормаларды  енгізу 
жолымен  ұжым  және  жеклеген  жұмыскерлер  арасындағы  әлеуметтік  қатынасты 
оңайлатуға мүмкіндік тудырады. Бұл нормаға ішкі тәртіп ережесі, ұйым жарғысы, әр 
түрлі  кодекстер,  өндірістік  әдеп  ережелері,  тәртіпке  шақыру  формалары  жатады. 
Әлеуметтік  –  саяси  әдіс  –  бұған  қоғамдық  ұйымдардың  ықпал  ету  әдістері  кіреді. 
Әлеуметтік  реттеудің  әдістері  әр  түрлі  ұжымдардың  топтардың,  тұлғалардың 
мүдделері мен мақсаттарын анықтау және реттеу жолымен әлеуметтік қатынастарды 
ретке  келтіріп,  үйлестіруде  пайдаланылады.  Моральдік  ынталандыру  әдістерін  өз 
қызметтерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген жеке жұмыскерлерді, ұжымдарды 
көтермелеу үшін қолданады.  
Басқарудың  психологиялық  тәсілдері  адамдар  арасындағы  қарым-
қатынастарды  ұжымда  үйлесімді  ахуал  жасау  арқылы  реттеуге  бағытталған. 
Басқаруды ұйымдастыру адам психикасының жұмыс істеуі, яғни дүние таным, қиял, 
ықылас-ілтипат және басқа элементтер негізінде жүзеге асады. Соныдқтан, адамның 
уақыт сәтіндегі психикалық ахуалы оның жеке іс-қызмет нәтижелеріне тікелей және 


жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау