Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



жүктеу 2,17 Mb.
Pdf просмотр
бет58/68
Дата10.11.2018
өлшемі2,17 Mb.
#18800
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68

     
 
 
122 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
ұстанатын  әдісі  болып  саналады.  Психологиялық  бастаушысы  ашу  мен  түрлі 
жағымсыз әрекеттер. 
Сенімді  мағлұмат  беру  –  бұл  аудиторияға  әсер  қалдыру.  Бұл  әрекет 
тәжірибелі журналистердің араласуымен жүзеге асады. Маңызды рөлді комментатор 
мен аудиторияның оған деген сенімі алады. Қарым-қатынас екіжақты диалог түрінде 
жүргізіліп, екі жақ та белсенділік танытады. 
Осы  әрекеттер  арқылы  БАҚ  пен  аудитория  арасында  белгілі  бір  байланыс 
туындайды.Айталық,  әрқайсысы  өз  мақсаттары  мен  қажеттіліктерін  көздейді.  Осы 
арқылы  бір-бірімен  әрекеті  түзіледі.  Бұл  екі  түрдің  әлеуметтік-психологиялық 
әрекеттерінің байланысы күрделі. Олар: 
-  мәліметтік  қысым  (аудитория  -  топ,  журналист  тарапынан  манипуляция 
құралы), 
- жаттану (екіжақты сенімсіздік), 
-  жаңалықпен  қамту  (шынайы,  нағыз  жаңалықты  алу  мақсатында  екіжақты 
қызығушылық), 
- тәрбие, жаһандану  (журналист  -  жаһандандырушы, білім мен мәдениеттің 
өсуіне себепші болады, рухани азықпен қамтамысз етуші), 
-диалог  (бір-біріне  деген  сенім  мен  бағалау.  Орын  алған  мәселені  бірлесе 
шешу). 
БАҚ  пен  аудиторияның  бір-бірімен  байланысының  нәтижелері  мынадай 
эффектіні көрсетеді: 
- утилитарлық (өмірлік мәселеледі шешуге талпыну), 
- заманауи (престижный), 
- позицияны күшейтудегі эффект, 
- танымдық қызығушылықтарды қанағаттандырудағы эффект, 
- эмоциялық, 
- эстетикалық, 
- жайлылық эффектісі. 
Жиі  кездесетін  жағдайлардың  бірі  журналист  позициясының  айқын  емес 
жасырын  көрініс  табуы.  Жазу  үшін  журналистке  белгілі  бір  аргументтер  беріледі, 
бірақ олар фактілермен дәлелденбегендіктен шынға жанаспай қалады.  Осы іспеттес 
құбылыс "псевдоаргументация" деген атқа ие. Мысалы: Оппозиционерлердің түйсігі 
өз  қарсыластарына  қарсы  жұмыс  істейді.  Бұрынырақта  қызмет  баспалдағымен 
көтерілу үшін міндетті түрде жоғарыдағы "ағалармен" бөлісу керек болатын. Онсыз 
мүлдем мүмкінемес[5]. 
Шындық  пен  дәлелсіз  жазылған  бұл  мәтін  арқылы  журналистер  қоғамды 
"оппозиционерлер тек нашар адамдар" деген ойға еріксіз итермелейді. Журналистік 
мәтін  көбінесе  жеке  дара  арнайы  сөздерге  бай  болады.  Олар  мәтін  ішінен  арнайы 
орын алып тұрады. Осындай сөздер "индикатор сөздер" деп аталады.  Олар оқырман 
назарын  байқатпай  бұрып  отырады.  Расында  мұндай  сөздер  сендіру  үшін  өте 
қолайлы құрал. Мысалы: Эх, өсекшілер, өсекшілер, сендер болмасаңдар біз не істер 
едік![5] 
Жоғарыда  аталған  мысалдар  журналистік  практикада  жиі  кездесетін  тағы 
бір нұсқамен тең дәрежеде тұрады. Ол  – авторлық ой ойлау. Осы  жерде ажыратып 
алатын  жайттардың  бірі  "ойдан  шығару"  мен  "ой  ойлау"  түсініктерінің  түрлілігі. 
Ойдан шығару дегеніміз - шынайы өмірде ешқандай жағдайда кездеспейтін жай. Ол 
ойлаудың  ойдан  шығарудан  ерекшелігі  журналист  жазып  отырған  кезде  осылай 
істесем деп ойлап, жарыққа шығарады, бірақ ол міндетті түрде шындық болуы тиіс. 
Автор  өз  кейіпкерінің  не  ойлағаны  жайында  білгісі  келіп  өз  ойын  сонымен 


     
 
 
123 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
байланыстырады.  Мысалы:  Компаниясын  құрып  отырған  ақшасы  мүлдем  оның 
өзінің  ақшасы  емес.  Ол  үлкен  адамдардың  ақшасы.  Әрине  оны  ол  көздерінің 
әдемілігі үшін алған жоқ. Қалалық жарнамалаушылар да жерді сүйгендіктен келген 
жоқ. Барлық ақшаларды кейін қайтарып, жұмыс істеуге тура келеді[5]. Мәтін ішінде 
сенімге  ену  мақсатында  журналистің  пайдаланатын  тағы  бір  әдісі  ол  -  фактілерді 
жинақтау.  Кейбір  зерттеушілер  бұл  тәсілді  "алмастыру  тәсілі"  десе,  енді  біреулері 
"бағаланатын жайлардың жинақталуы" деп те атап жатады.  Оның негізгі  мақсаты  - 
журналист аудиторияға тек шынайы аргументтерді жинақтап, алдына жайып салады. 
А.А.  Тертычный  атағандай  "кейде  журналистер  жазып  отырған  мақаласы  үшін  тек 
фактілерден  құралса  жауапкершілік  алмаймыз  деп  ойлайды".  Бұл  ойды  тек  бір 
жағдайда  қабылдауға  болатын  еді.  Егер  манипуляция  арқылы  адамдарды  сендіру 
тәсілі қолданбаса. Журналист барлық оқиғаны қамти бермейді. бір жайтты атаса, бір 
жайтты  қалдырып  отырады.  Сол  арқылы  аудиторияға  берілетін  мәлімет  бұрын-
соңды  жариялвнғвн  болуы  да  ғажап  емес.  Журналист  мақаласында  аргументтердің 
бірде  "ең  маңыздысын",  бірде  "ең  қызықтысын",  тағы  бірде  "ең  ерекшесін",  кейде 
"ең көрсеткіштігін" алып отырады. Сәйкесінше келтірілген мысал мен аргументтерге 
байланысты оқырманның әлемді қандай қалыпта қабылдайтыны анықталады. 
Мағынасы  жағынан  барлық  мысалдар  оқырманға  арналған  аппеляциямен 
тең. Оның негізі мәліметтің оқырман қауымына көңіл-күй мен белгілі бір таңданыс 
тудыратындай берілуінде. Мысалы: ... Қарапайым адам үшін қызыл желектің қалай 
елестейтінін  білу  қандай  қиын.  Негізі  жер  берушіге  кімнің  ол  жерді  жалдап  тұрып 
жатқаны  маңызды  емес  те.  Тек  оның  өзі  мен  мүлкіне  тиіспесе  болғаны.  Алайда 
сайлауға түсушілер сайлау алдындағы ақшаларын қандай жолмен болса да қайтарып 
алғысы келетіні сөзсіз. Бекер жұмсалмаған шығар, ол өтелуі керек[5]. 
Реплика  –  локаникалық  хабарлама.  Ол  негізінен  журналистің  белгілі-бір 
оқиға жайында жеке көзқарасы, бағасы, газет бетіне оқырманның көңіл-күйін өзіне 
аударту үшін жариялаған ұстанымы. Мақсаттық құрылымы - күнделікті өмірдегі іс-
әрекеттердің айқын көрінісін ашу, өзі де жария болып тұрған мәселені аңғарту. 
Комментарий  (пікір  білдіру)  -  ашық  пікір  алаңындағыдай  іспеттес  ойды 
жеткізе  білу.  Ол  белгілі  бір  оқиғаға  немесе  құжаттарға  қатысты  болуы  мүмкін. 
Мақсаттық  құрылымы  -  оқиғаны  тікелей  түсіндіру,  қоғамның  құлағына  анық 
жеткізіп,  пікірін  алу  [4].  Шолу  (обозрение)  -  қоғамның  өміріне  әсер  ете  алатын, 
энергетикалық  және  дәлеледенген  нұсқасы  бар,  әлеуметтік-саяси  практикада 
қолданылатын  ашық  хабарлама.Мақсаттық  құрылымы  -  берілген  түпнұсқадағы 
мәтіндегі  шынайы  фактілер  мен  символикалық  белгілерді  оқырман  қауымның 
назарына ұсыну. 
Көріп  отырғанымыздай,  жанрлық  жүйе  тек  позицияның  қажеттілігін 
растайды.  Позицияға  қатысты  барлық  жанр  түрлерінде  журналистің  пікірі  мен 
бағасы  өте  маңызды  орынға  ие.  Жазып  отырған  адамның  субъективтілігі  жөнінде 
нақ аталмаса да ол өзі -ақ айқындалып, басылымның түпнұсқасы ретінде қаралады. 
Журналистика  теориясының  тағы  бір  мәскеулік  маманы  А.С.Лавреневская  ұсынып 
отырған объективтілік және субъективтілік жайлы зерттеуі де аса қызық. Мәтіндегі 
объективтілік  деп  ол  шығармадағы  қоғамның  өмірінің  шынайы  проблемаларын 
субъектке  тәуелсіз  тұрғыда  қарастырады.  Ал  субъективтілік  деп  автордың  өзін  қай 
қырынан  көрсете  алатынын.  сол  арқылы  мінезі  мен  мәнерінің  мәтіннен  көрініс 
беретінін,  автор  шығармашылығының  көркемдігін  айтады.  Сонымен  қатар 
А.С.Лавреневская  позицияның  құрамын  айқындап  айтады.  Ол  -  "образдық  бағыт-
бағдар", "авторлық іс-әрекет", "пікір" және "жария етушінің өзіндік орны" (суретші, 
зерттеуші,  жахандық  жария  етуші,  прагматик).  Алайда  бұл  түсініктердің  бәрін 
зерттеуші  жазбаларда  қолдана  бермейді,  тек  фактілерге  сүйенуді  жөн  көреді. 


жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау