30
Жыландар тіршілігін зерттеу барысында жергілікті экологиялық
үдерістерді, олардың пайда болу себеп- салдарын, олардың алдын - алуға
қажетті тәсілдерді де бірлікте қарастыруға тырыстық. Бұл болашақ биолог
мамандарды танып білуге тиісті тіршіліктің өзін қоршаған табиғатпен бірлікте,
қарым – қатынаста болатын қалпымен тұтастай қабылдауға, солармен біріктіре
отырып зерттеуге дайындайды. Сонымен қатар, алға қойған мәселелерді
шешуге байланысты мақсаттар мен міндеттерді шешудің әдістері мен
құралдарын дайындаудың дұрыс жоспарын жасауға және зерттеу сатыларын
нақтылауға мүмкіндік береді.
Студенттердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруда және ғылыми
жұмыс жүргізу мәдениетін көтеруде экологиялық тұстарын қоса қарастыру
арқылы оларда табиғатқа және бүкіл әлемге деген дүниетанымдық
көзқарастарды қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Белгілі биолог М.И. Морозованың еңбектерінде көрсетілгендей, әрбір
тіршілікті зерттеу барысында оны сол аймақтың экологиялық
ерекшеліктерімен қоса қарастыру білім алушылардың мамандық сапаларының
және зерттеушілік қабілеттіліктерінің қарқынды дамуына себеп болатындығы
байқалады [140].
Жоғары оқу орындарында білім алушылар өмірдегі өз орнын анықтаумен
қоса маңайдағы жағдайларға дұрыс баға беруге, қоршаған экологияның
тіршілікке тигізетін әсерін бағалауға, оған деген өзіндік көзқарасын дәлелдей
білуге тиісті.
Бұл мәселелерді тереңдете қараған Н.Д.Андреева және В.П.Соломиннің
еңбектерінде кез-келген биологиялық жағдайды қарастыруда және зерттегенде
оның экологиялық тұстарын байланыстыра қарастырудың мақсаты нақты
көрсетіледі [141-142]:
- білім алушыларда табиғаттың біртұтастығы туралы ұғым
қалыптасады;
- табиғатты оның тіршілігін танымдық, эмоционалды және эстетикалық
тұрғыдан қабылдайды;
- білім алушыларда табиғатты сақтауға
жауапкершілік cезімі дамиды;
- әлемдік деңгейге бағытталған ғылыми дүниетанымы қалыптасады.
Сонымен қатар, өлкелік компонентті зерттеуде қазіргі таңда білім берудің
алдына қойылатын «кіріктіре отырып білім беру» мақсаты жүзеге асады.
Мұндай жағдайда білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарының біртұтастығы,
теория мен практиканың арасындағы байланыс жүзеге асады. Мұнымен қоса
өлкелік компонентті зерттеуде табиғаттың объективті бүтіндігін (көптеген
байланыстармен қамтамасыз етілген) және оның тұтастығын, адам мен
табиғаттың байланысын, адамның табиғатқа деген тиімді және тиімсіз
әрекеттерін де қоса қарастыруға тура келеді.
Адамды табиғаттың бір бөлшегі ретінде қарай отырып, зерттеген
тіршілікті құртып жіберудегі не адамның денсаулығы мен өмірін ең биік
құндылық ретінде, оны дамытудағы адам рөлі де бірге қарастырылады. Сол
арқылы табиғат пен адамның қарым -қатынасы негізінде болашақ мамандарда
экологиялық-гуманистік көзқарастың пайда болуына мүмкіндік жасалады.