Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет13/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51

28 
 
Біз  зерттеу  ісімізде  болашақ  мамандарға  өлкелік  компоненттерді 
пайдаланудың 
жолдары 
мен 
әдіс-тәсілдерін 
көрсетуге 
байланысты  
педагогикалық басшылық кезінде олардың тұлға ретінде қалыптасуы үшін тек 
теориялық білімді игертумен шектелмей, сонымен қатар олардың   кәсіби ойлау 
тәсілдерін  жетілдіру  мақсатымен,    әр  түрлі  оқу  іс-әрекеттерін  орындата 
отырып,  логикалық,    диалектикалық,  логикалық-эвристикалық  мәселелерді 
шешетін тапсырмаларды орындатуды көздедік. 
Біздің  зерттеуіміз  көрсеткендей,  биология  пәнінің  мазмұнын  меңгерту 
барысында студенттердің зерттеу кезінде анықтап танысқан әрбір нысанды пән 
мазмұнына  ендіру  арқылы  олардың  меңгерген  білімінің  абстрактіден  нақтыға 
және  жалпыдан  жекеге  бағытталғандығын  байқады.  Бұл  арқылы  болашақ 
мамандардың    таным  үдерісінің  және  ақыл-ой  қызметінің  бағдарлы  негізі 
қалыптасуына жағдай жасалды. Болашақ маманның  өз ісінің барысын жүйелі 
түрде  ойлап  шешуі  үшін  зерттеген  нысандарының  бір-бірімен  байланысын, 
алған  деректердің  нақтылығын  қадағалай  отырып,    бір  мәселеден    келесіге 
көшу    кезінде  олардың  ұқсастығы  мен  айырмашылығын  салыстыру  арқылы 
жаңа ұғымдарды меңгеруіне бағыт берілді.   
Осылайша,  студенттерге  белгілі  бір  теориялық  материалды    меңгерту  
зерттеу  нәтижесінде  алынған  деректермен    толықтырылып,  нақты  нысанды 
көрнекілік  түрінде пайдалану  негізінде  түрлі деңгейінде  талдау  жасалып және 
оның  бүкіл  қасиеттеріне  талдау  жасалып,  ғылыми  тұжырымға  келу  арқылы 
болашақ  маманның  кәсіптік  деңгейінің  көтерілуіне  мүмкіндік  туатынына  көз 
жеткіздік.    Бұл  жағдай  болашақ  мұғалімнің  субъектті  айқындамасының 
қалыптасу динамикасын көрсететіні белгілі.  Осындай жұмыстар негізінде әрбір 
биологиялық  нысанның  қарапайым  қасиеттері  мен  олардың  анықтамаларын  
біліп қана қоймай,  меңгеретін білімнің бір деңгейінен екінші деңгейіне көшіп 
отыру  қамтамасыз  етіледі.  Осылайша  ұйымдастырылған  білім  беру  жүйесінің 
негізінде болашақта  маманның өз іс-тәжірибесінде қолданатын ұғымдары мен 
біліктері  біртіндеп  мазмұндық  жағынан  да,  әдістемелік  тұрғыдан  да 
толықтырылып және нақтылана түседі.  
Бұл  келтірілген  деректерден  байқайтынымыз,  біріншіден,  болашақ 
маманды  кәсіби  іс-әрекетке    дайындау    теориялық  және  әдістемелік  тұрғыдан  
бір-бірімен  байланысты  түрде  жүзеге  асатындығы.      Екіншіден,  оқыту  мен 
тәрбиелеудің  мақсаттарын  қамтамасыз  ету  барысында    білім  беруді  жаңаша 
құрып,    студенттердің  өзіндік  жұмыстарының    түрлерін  ұйымдастыруды 
кеңінен  қолдану  арқылы    оларды  практикалық  әрекеттің  әр  деңгейінің 
міндеттерін шеше   білуге дайындау міндеті орындалады.  
Теория  мен  практика  бірлігінің  мұндай  тәсілі  танымның  диалектикалық, 
технологиялық,  қалыптастырушы  әдістерін  қолдануды  ұсынатын  білім  беру 
үдеріс  арқылы  жүзеге  асырылады.  Оларды  қолдану  жасырын  құбылысты 
анықтаудан  сырттай  ерекшеленетін  түрлі  фактілердің  ішкі  тұтастығын 
қабылдау талдауымен байланысты танымның теориялық тәсіліне алғышарттар 
тудыртады.  Теориялық  талдау  кезінде  студент  қарама-қайшылықтарды  бөліп, 
түрлі  нысандар  мен  құбылыстардың  нақты  диалектикасын  көрсетуді  үйренеді 


29 
 
және  ситуацияларды  шешуді  жалпылама  тәсілін  меңгере  келе  обьективті 
байланыстар  мен  дамуға  қол  жеткізеді.  Бұл  «Пәннен  білімді  өндіру»  деген 
теорияны  нақтылай  түседі.  Оның  қызмет  етуі  диалектикалық  ойлаудың 
заңдылықтарына  сәйкес  келеді,  ол  бойынша  танымның  жалпы  жүру  барысы 
заттың  түрлену  үдерісінде  құбылыстан  мағынаға  қарай  дамиды.    Демек, 
теориялық  білім  ойлаудың  шығармашылық  қызметінің  нәтижесі  болып 
саналады  және    тым  жаңа  нәтижелер  пайда  болатын  практикалық  әрекетпен 
байланысады. 
Білім  берудің    мұндай  тәсілі  ойдың  танымдық  үдерісте  бүтіннен  бүтінге 
жылжуына мүмкіндік береді. Студенттің жүйелі ойының негізінде  абстрактілі 
ойға көшуіне сол арқылы алдымен нысанның тұтастығын  жалпы формаларын 
қамти келіп, сосын ғана жеке қасиеттерін шешуге мүмкіндік алады.  
Мұндай тәсіл белгілі нысанға тән құбылыстар мен қасиеттерін олардың іс-
әрекеті туралы белгілі білім жүйесін құруды талап етеді.   Осылайша зерттеген 
нысандары  мен    құбылыстарының  барлық  жалпы  ортақ  белгілерін  сипаттай 
отырып,  білім инвариантына ие студент білімнің келесі сатысына көтеріледі.   
Өлкелік компонентті пайдалануға байланысты зерттеу жүргізу барысында 
зерттелінетін  нысандар  мен    құбылыстың  бүтіндігіне  жауап  беретін  жүйелік 
байланыстарды қарастыру мәселесіне баса көңіл аударылды.   
Экологиялық  және  биологиялық  білім  беруде  мұндай  жүйелілік 
байланысты  зерттеуге  көңіл  бөлгендердің  қатарында:  Н.В.Кузьмина,  Р. 
Стенберг, А.П.Беляева, Н.Ф.Винокурова және т.б. атай аламыз [135-139]. 
Табиғаттың  кез-келген  нысаның  зерттеуде  нысандарды  біртұтастық  
қатынастардан  бөліп  қарай  алмаймыз.  Бұл  әрбір  нысанды  оның  табиғи  және 
экологиялық  ортасынан  жеке  бөліп    қарастыуға  болмайтындығын  көрсетеді. 
Кез  -  келген  биологиялық  мәселелерді  шешуде  оның    экологиялық  тұстарын 
ескермей  болашақ  маманның  дүниетанымдық  және  мәдени-шығармашылық 
келбетін  дамыту  мүмкін  емес.  Сондықтан  да,  біз  дайындаған  әдістемелік 
кустың  құрылымына,  мазмұны  мен  әдістемесіне    жыландар  тіршілік  ететін 
аймақтың    табиғи  ерекшеліктері  мен    сыртқы  экологиялық  факторларын  қоса 
алып қарастыруды көздедік.  
Бұл зерттеу мәселемізді жүйелі түрде құрастыруымызға негіз болды. 
Мұндай көзқарас табиғатқа құндылық қарым- қатынастарды қалыптастыру 
және  қарастыратын  негізгі  компоненттерді  –  мақсатты-  жобалық,  мазмұндық, 
ұйымдастырушылық-процессуалды, 
бағалаушылық-нәтижелілік 
тұрғыдан 
біріктіруге  негіз болды.  
Нәтижесінде  студенттердің  бойында  табиғатты  бірлікте  қарау,  оның 
экологиялық  тұстарын  ескере  отырып  зерттеу  икемділіктері  қалыптасатыны 
белгілі. 
Өлкелік  компонентті  қолдану  арқылы  оқытудың    мақсаттары  мен 
мазмұны, білім мен тәрбиелеу үдерісінің мазмұны мен компоненттері, оларды 
жүзеге  асыру  формалары  мен  әдістері,  оқытудың  әдістері  мен  құралдары  
арасындағы байланыстар бір-бірімен тәуелді түрде өзгеріп отырады.   


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау