74
Ж.Дәдебаев «Көркем шығарма жазу оңай емесі рас.
Көркем шығарма жазу – бір басқа да, сол шығармаға
қажетті өмір шындықтарын іздеу, жинау – бір басқа.
Өмір шындығына негізделмеген шығармада шынайылық
болмайды. Сондықтан да, М.Әуезов болашақта жазатын
шығармасының тақырыбын тапқан соң оған негіз болатын
шындық құбылыстарды талмай іздеп, жалықпай жинаумен
шұғылданған. Жазушы еңбегінің қаншалықты ауыр, қиын,
тіпті, қияметі мол еңбек екендігін ғұлама қаламгер осылай
ұғады және өзгелерді де осылай ұғынуға міндеттейді»
[Тақырып және идея. А., 2010, 120-б.] дей келіп, Мұхтар
Әуезов шығармашылығы турасындағы ой-пікірлерінің
өміршең сипатқа ие екендігін айтып өтеді.
«Кеңес дәуірі әдебиетін зерттейтін мамандар алдында да
өте күрделі, зор мақсаттар тұр. Еліміздің әдеби-көркемдік
өміріндегі жаңа жағдай, бұрын белгісіз һәм қолға берілмейтін
материалдардың жария болуы, жеке басқа табыну мен
тоқырау жылдарындағы қатыгез құбылыстардың айқын
таңбалануы Кеңес әдебиеті тарихына соны көзбен қарап,
мұрағаттық жұмыстарды тереңдету, көптеген қалыптасып
қалған принциптер мен баға, пайымдауларға өзгеріс енгізу,
көркем туындылар мен әдеби құбылыстарды бүгінгі күн
талабына сәйкес талдау міндеттерін алға тартады» [Қазақ
әдебиетінің тарихы. А., 2005, 328-б.] деген пікірге сәйкес
тәуелсіз ел әдебиетінде де іргелі зерттеулер жүргізіліп,
мәдени мұрамызға деген жаңаша пайымдаулар жасалынуда.
Тәуелсіз ел әдебиетіндегі солақай сындардың көбейіп,
«шын сын» мен хас шебердің суреткерлік тұлғасы мен
көркем туындының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін,
эстетикалық ләззатын Жанғара Дәдебаевтай танып, зерделі
ой айтатын сыншылардың азайып бара жатқандығын
ескерсек, бүгінгі әдебиетіміз үшін сыншы еңбектерінің
маңызы арта беретіні сөзсіз.
75
Сыныптан тыс тәрбие
Гүлбадан МӘМБЕТЫРЗАЕВА,
Ақтөбе облысының
Шалқар ауданындағы
«Тоғыз» орта мектебінің
мұғалімі.
«ҚАЗАҚ ТІЛІ – ЖАРҚЫН
БОЛАШАҚ» ОЛИМПИАДАСЫ
Мақсаты: оқушыларға ана тілінің сөз құдіреттілігін,
сөз өнерінің өміршеңдігін ұғындыру; қазақ тілін жетік
меңгеруге, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға, ән өнерін
құрметтеуге, туған жерінің тарихын терең меңгеруге, өзін-өзі
ұстау мәдениетіне тәрбиелеу; жан-жақтылығын, белсенділік
қабілеттерін дамытып, шығармашылылықтарын шыңдау.
Түрі: сайыс. Әдісі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сахналық
қойылым. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих,
музыка, өнер, география.
Сайыс барысы.
- Туған тілі, туған жері, туған тарихы туралы ән-жырға
қоспаған, тіліне тиек етпеген ақын-жазушыларымыз кемде-
кем шығар. Айбынды да айшықты, өнегелі де өміршең,
мағыналы да мәңгі мұрамыз – ана тілімізді асқақтатып,
мәртебесін көтеру – бүгінгі ұрпақ, сіздердің құзырлары-
ңызда. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де
бейнелі тілдердің бірі. Ұлы Абай «Өткірдің жүзі, кестенің
бізі Өрнегін сендей сала алмас» деп өз ана тіліне таңырқап,
тағзым еткені белгілі.
Шәкірттеріміздің ұлттық рухын биіктетіп, шығарма-
шылығын шыңдап, дарындыны даралау мақсатында
ұйымдастырылған « Қазақ тілі – жарқын болашақ» атты
76
олимпиадасына хош келдіңіздер!
Жоспары:
1. «Сөз мәнері» бағыты /мәнерлеп оқу/;
2. «Тіл білімі» бағыты /сұрақ, тапсырмалар/;
3. «Әнші -бұлбұл» бағыты /қазақ әнін орындау/;
4. «Сахна саңлақтары» бағыты /сахналық қойылым
көрсету/;
5. «Жас ғалым» бағыты /шығармашылық жұмыс/;
6. «Өлкетану» бағыты /туған жердің тарихымен
таныстыру/.
Сайыстың ережесімен, өту барысымен және қазылар
алқасымен таныстыру.
І. «Сөз мәнері» бағыты. Мақсаты: қазақ тілінде
мәнерлеп оқуға машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, көркем
шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы
оқушыны ауызекі сөйлеуге үйрету.
ІІ. «Тіл білімі» бағыты. «Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден
басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп,
жүйкені босатады. Адам мәдениетінің алғы шарты – дұрыс
сөйлей білу. Түсіне білгенге сөйлей білу де – өнер. Біздің
қазақ «Аталы сөз – баталы сөз» дегенде осы дұрыс сөйлей
білуді айтқан.
Қазір біздер «Тіл білімі» бағыты бойынша қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінен оқушыларымыздың білімін
бағамдайтын боламыз.
Қазақ тілі пәнінен тапсырмалар:
1. Бос орынды толтырыңыз /5 ұпай/.
1. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша ....................
болады /буын/.
2. «А, о, ә, е» дауысты дыбыстары ..................... дауысты
дыбыс болып табылады /ашық/.
77
3. Сөздердің дұрыс жазылу жиынтығы ...............................
..... деп аталады /орфография/.
4. Қазақ тілінде ...................... дауыссыз дыбыс бар /26/.
2. Берілген екі бағандағы сөздерді жұптастырыңыз
/5 ұпай/:
3. Берілген сөздердің қандай сөз табына жататынын
және оның мағыналық түрін жазыңыз /5 ұпай/:
Ақылды .......................................... /сын есім, қатыстық/;
Бейбітшілік ...................................... /зат есім, дерексіз/;
Әрең .................................................. /үстеу, сын -қимыл/;
Алтыларда .................................... /сан есім, болжалдық/.
4. Берілген қосымшалардың ненің жұрнағы екенін
және олардың етістіктің қандай шағын жасайтынын
жазыңыз /10 ұпай/:
-атын: ................................ /есімше, ауыспалы өткен шақ/;
-ып:................................................. /көсемше, өткен шақ/;
-мақ:.................................... /есімше, мақсатты келер шақ/;
-ар: .................................... /есімше, болжалды келер шақ/;
-а: ..................................... / көсемше, ауыспалы осы шақ/.
5. Берілген фразеологизмдердің мағынасын ашып
түсіндір /10 ұпай/:
1. Маңдайы терлеп көрмеді /бейнет көрмеді, жұмыс
істемеді/ 2. Нәр сызбады /дәм татпады, тамақ жемеді/.
3. Аяқ суытты /демалды, тынықты/. 4. Қабағына қырау
қатты / түнерді, тұнжырады/. 5. Жылы қабағын бермеді
/жақтырмады, үндемеді/. 6. Зәрезап болды /үрейі ұшты,
1) табу сөз.
2) эвфемизм.
3) кәсіби сөз.
4) термин сөз.
5) неологизм.
А) өркен.
Ә) отбасы.
Б) шырайлым.
В) қайтыс болу.
Г) мұражай.
Достарыңызбен бөлісу: |