1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет76/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   89

         
34           
 
 
Басапа ишан мешіті 
 
Қожаның 
Сейітінен 
болатын 
Басапа  ишан  Мақтұмсейіт  әулетінің 
алтыншы  ұрпағы.  1892  жылы  (ұлу 
жылы)  дүниеге  келген  дейді  бір 
деректерде  бірақ,  Басапаның  ӛмірін, 
тегін  бес  саусақтай  білетін  87  жастағы 
осы 
Ақарық 
ауылының 
тұрғыны 
Рзақұлов  Мырзабек  ақсақал  Басапа           
1890  жылы  туылған  деп  нақтылайды. 
Жасынан зерек, алғыр бала 10-13 жасы-
нан  бастап  сауат  ашқан.  Алғашында 
әкесінен  сауаттанып,  кейін  Аламесек 
орталығындағы  мешітте  Сұлтан  ахун-
нан  дәріс  алған,  кейіннен  Дәулетназар 
ахуннан  білімін  толықтырып,  1918  жы-
лы  Бұқарадағы  Мир-и-Араби  медресе-
сінде  білімін  жалғастырған.  1922  жылы 
медресені  тәмамдап,  Ақжарма  бойын-
дағы  мешітте  имам  болып  дәріс  оқиды. 
«Басқа  ахундар,  ишандар  6,7,11  жылда 
оқып  бітіретін  оқу  орнын,  Басапа                   
4 жылда оқып бітіреді, бұл оның зерек-
тігі емес пе», - деп тамсанады Мырзабек 
ақсақал. 
1922 жылы Басапа «Ишан» атағын 
алады. Осы жерде «ишан» сӛзінің мәнін 
ашсақ:  Ишан  –  «әулие»  деген  сӛздің 
баламасы,  сопылық  мектептің  жетек-
шісі. Әулие – «уәли» сӛзінің кӛпше түрі, 
мағынасы  –  ең  жақын  дос.  Құран 
кәрімде:  «Біліңдер!  Расында  Алланың 
достарына  (әулие)  қауіп-қатер  жоқ,  әрі 
олар қайғырмайды. Олар иман келтіріп, 
тақуа  болғандар.  Оларға  дүние  тіршілі-
гінде  де,  ақыретте  де  қуаныш  бар. 
Алланың  сӛздерінде  ӛзгеріс  жоқ.  Міне, 
ірі қол жетушілік осы», - деп баяндалған 
(юныс  сүресі  62-64  аяттар)  Бұл  атақты 
Басапаға,  бүкіл  мұсылман  қауымына 
белгілі  Ақ  ишан  деген  білімдар  адам 
берген.  Ол  осы  ӛңірге  арнайы  келіп, 
Басападан  емтихан  алады.  Барлық 
сынақтан  мүдірмей  ӛткен  Басапаны,  ел 
алдында  марапаттап,  ишан  атағын 
береді.  Басапаның  таңқаларлық  кере-
меттері  де  болған.  Бірақ,  бұл  қасиеті 
туралы  кағаз  бетіне  түспеген,  тек  ел 
аузында,  дәлірек  айтсақ  ӛзінен  кейінгі 
бауыры  Нұғман  баласы  Зейнулла 
ақсақал ғана біледі. 
 
 
 
Зейнулла ақсақал Басапа ишанның 
немересі.  Ӛз  әкесі  Нұғман  кезінде 
Басапаның  атқосшысы,  кӛмекшісі  бо-
лыпты. Нұғман да осал емес, ӛте сауат-
ты  діни  адам.  Кӛкілаташ  медресесінен 
білім  алған,  кӛзі  ашық,  сонымен  бірге 
қасиеті  де  болған.  Қасиеті  сол  –  жәй 
адамдарға кӛрінбейтін киелі жолбарысы 
үнемі  қасында  жүреді  екен.  Түнде 
ұйықтағанда аяқ жағында жатқан. Кейін 
соғысқа  кетіп,  оралмай  қалғанда: 
«Түнде  жолбарысы  келіп,  терезенің 
сыртынан  тырналап,  қыңсылап  кетті, 
әкелеріңе  бірдеңе  болды-ау»,  -  деп 
шешем марқұм жылап еді, артынша кӛп 
ұзамай әкемнен қара қағаз келді»,  - деп 
еске  алып  күрсінді  Зейнулла  ата. 
Басапаны кейіннен Ақжарманың алаша-
лары  тамалардан  сұрап  алады,  осылай-
ша  Басапа  Ақжармаға  келіп,  кӛптің 
кӛлінің маңында мешіт ұстайды. Басапа 
1910  жылы  үйленген.  3  қыз  2  ұлы 
болған.  Сәпи,  Сейфулла  дейтін  ұлдары 
соғысқа 
кетіп, 
қайта 
оралмаған, 
қыздары:  Әшия,  Зұбайда,  Тайба.  Осы 
үш қыздан ұрпақтары бар.  
Қуғында  жүрген,  зұлмат  заманда 
жаны 
ашыған 
жұрты: 
«Басеке, 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
 
152 


         
35           
қолыңнан  бәрі  келеді,  неге  торғай 
болып  ұшып  кетпейсің,  балық  болып 
жүзіп кетпейсің?» - дегенде,  «Жоқ, мен 
олай  істей  алмаймын,  Алланың  жүзіне 
қалай  қараймын,  тағдырыма  жазғанын 
кӛрермін...», - деп қысқа қайырады екен. 
1921  жылы  Кеңес  үкіметі  мешіт-
терді  жабу  туралы  шешім  қабылдап, 
артынша  молда,  имамдардыңда  соңына 
түскенде,  Басапа  Ӛзбекстанға  барып 
паналайды.  Ол  жақта  4  жылдай  бой 
тасалап, еліне оралады. 1937 жылы КГБ 
оны  қайта  тұтқындап  алып  кетеді.  Сол 
кеткеннен қайтып оралмайды. Білімдар, 
шәкірт  тәрбиелеген,  мешіт  ұстаған 
Басапа  кітаптар  жазған.  Бірақ  сол 
кітаптардан  бірде-бірі  қалмаған.  Ең 
ӛкініштісі де сол. 
Соңғы тұтқындап алып кетерде бір 
қап кітабын ӛзімен арқалап кеткен екен. 
Басқада 
кітаптарын, 
Аққұмдағы 
Тәжімбет дейтін кісіге тастап кеткен, ол 
кітаптарды  бір  жерге  кӛмген.  Ӛлерінде 
қызына  тапсырған,  бірақ  кейін  сол 
жерді қызы таба алмай қалған. 
«Қуғында  жүргенінде,  бала  күнім, 
мені  ертіп  алып,  ауыл  сыртындағы  бір 
бейіттің  басына  апарды,  ұзақ  отырып 
жылады, сонан оралған соң кітапты сол 
бейіттің  қасына  кӛміп,  Құран  бағыш-
тады,  бұл  жайлы  ешкімге  айтпауымды 
ӛтінді.  Міне  қаншама  жыл  ӛтседе  енді 
ғана  айтып  отырмын,  бірақ  ол  жерді 
енді 
таба 
алмаймын-ау», 

деп 
Мырзабек ақсақал еске алады. 
Кӛп  зерттеуді  талап  ететін  баба-
мыз  туралы  дерек  кӛзі  жоқтың  қасы. 
Бұл  адам  туралы  білетін  2  кісі  ғана, 
Ақарықтағы  Мырзабек  ақсақал  мен 
Ақжармадағы 
Нұғманов 
Зейнулла 
ақсақал. 
Жанталасқан 
мына 
заманда 
рухани  кемелдігіміз  кеміп  бара  жатқан-
дай.  Бірақ  біз  құндылығымызды  жоғал-
туға тиіс емеспіз, қайта оларды жарыққа 
шығарып,  ұрпаққа  ұғындыруға  міндет-
тіміз.  Сол  бабалардың  жүріп  ӛткен 
жолы  бізге  үлгі,  небір  зұлмат  басынан 
ӛтіп  жатса  да,  олар  дінін  еш  нәрсеге 
айырбастаған  жоқ,  қайта  қастерлеп 
қорғады, халықтың кӛзін ашты. 
Басапа  ишан  асқан  діни  сауатты-
лығымен заманында еліне қызмет еткен 
адам.  Шәкірт  тәрбиелеген,  мешіт 
ұстаған  имам.  Ұлттық  болмысымыздың 
рухани  кемелдігіне  тағы  бір  есімді 
қосып, байытпақпыз. 
Ендеше,  Басапа  XX  –  ғасырдың 
Сыр  ӛңіріндегі  діни  ағартушылық 
бағыттың ӛкілі деуге әбден лайық адам. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.  Қ.Смағұлұлы.  Бабалар,  аталар  оның  жалғасы.  Мақтұмсейіт  әулие  ұрпақтарының 
шежіресі. 
2.  Сырдария ауданының энциклопедиясы. 
3.  Құран Кәрім. 
4.  Интернет материалдары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
153 


жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау