1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет75/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   89

         
36           
Білім  беру  құзырлары  түсінігін 
айқындайтын  болсақ,оны  үш  топқа 
бӛлуге болады. Білім беру мазмұнының 
1-жалпы  метапәндік  (барлық  пәндер 
үшін),  2-пәнаралық  (пәндер  немесе 
білім  беру  аймақтары  циклі  үшін),           
3-пәндік 
(әрбір  оқу  пәні  үшін). 
Осылайша, 
білім 
берудің 
негізгі 
құзырлары  білім  беру  аймақтары  мен 
оқытудың  әрбір  сатысындағы  оқу 
пәндерінің деңгейінде нақтылана түседі. 
Ресей  ғалымы  Н.В.Кузминаның 
кӛзқарасы  бойынша:  «Құзырлылық» 
дегеніміз  –  педагогтың  басқа  бір  адам-
ның  дамуына  негіз  бола  алатын  білім-
ділігі мен абыройлылығы», - деді. 
Құзыр  –  ӛкілетті  қызмет  адамы, 
сол  салада  оның  сәйкес  білімі,  танымы 
болуы қажет және жауапты шешімдерді 
қабылдауға құқылы. 
Құзырлылық  –  жұмыскердің  ӛз 
білімі,  біліктілігі  және  дағдылары 
негізінде  нақты  кәсіп  аясында  жоғары 
сапалы  және  мӛлшерлік  еңбек  нәтиже-
леріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін 
білікті атқара алу қабілеті. 
Болашақ 
мұғалімнің 
тұлғасы, 
дәстүрлі  пәндердің  (философия,  психо-
логия,  тарих,  мәдениеттану,  шетел  тілі) 
әсеріне 
байланысты 
қалыптасады. 
Соңғы уақыттарға дейін коммуникатив-
тік 
құзырлылықты 
қалыптастыруға 
жеткілікті кӛңіл бӛлінбеді. 
Қазіргі  оқытушы,  болашақ  мұға-
лімдерді  дұрыс  ұйымдастыра  отырып, 
бағыт-бағдар  беру  арқылы  ӛздігінен 
жұмыс  жасауға  үйрету  нәтижесінде, 
жаңа 
идеялар 
мен 
жаңалықтар, 
болжамдар  мен  нәтижелер  әкелетіндей 
тұлға 
даярлап 
шығуды 
кӛздеуде. 
Оқытушы  қауымнан  болашақ  мұғалім-
дер  тек  білімге  ғана  емес,  ӛмірге  де 
үйрететін  қабілеттілікті  қажет  етіп 
отыр. 
Болашақ  мұғалімдердің  коммуни-
кативтік  құзырлығын  кәсіби  даярлау 
үдерісінде заманауи білім беру техноло-
гияларын  пайдалана  отырып  ағылшын 
тілін  оқыту  арқылы  қалыптастыру 
қазіргі заман талабы. 
Олардың  ішінде  проблемалық 
оқыту,  интерактивтік  оқыту,  модульдік 
оқыту,  ойындық  технологиялық  оқыту, 
коммуникативтік  оқыту  тағы  басқа 
технологиялар  шетел  тілін  үйренуші-
лердің белсенділігін арттыруда қолайлы 
болып  табылады.  Оқыту  технологиясы 
педагогика  ғылымында  «педагогикалық 
үрдістің  жүзеге  асу  жолы»  танылады. 
«Педагогикалық  технология  –  оқушы 
мен  оқытушыға  қолайлы  жағдайда  оқу 
үрдісін 
жоспарлау, 
ұйымдастыру, 
ӛткізудің және оқушымен оқытушының 
бірлескен  педагогикалық  әрекетінің 
әрбір  жеке  бӛлшегіне  дейін  ойласты-
рылған моделі». 
Мұғалімдердің  коммуникативтік 
құзырлылығының қалыптасуының тиім-
ділігі педагогикалық шарттардың жиын-
тығы  арқылы  анықталады:  мамандық 
саласына  бағытталған  оқыту  материал-
дарын сұрыптап таңдау; коммуникатив-
тік  құзырлылықты  қалыптастыруда 
сабақ түрлерін дұрыс жүйелеу; болашақ 
мұғалімдердің  коммуникативтік  құзыр-
лылықтарын қалыптастыруды жетілдіру 
барысында  тиімді  әдістерді  қолдану; 
болашақ мұғалімдердің коммуниктивтік 
құзырлылықтарын 
қалыптастыруға 
ықпал ететін техникалық және техноло-
гиялық  құралдарды  орынды  пайдалану; 
мамандыққа  бағдарланып,  ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларға 
негізделген  таңдау  курстарын  ӛтуде 
қолданбалы  бағдарламалар  кешенін 
пайдалану; 
болашақ 
мұғалімдердің 
коммуникативтік 
құзырлылықтарын 
қалыптастыруды  жетілдіруге  байланыс-
ты  арнаулы  дайындалған  бағдарлама-
ларды  және  әдістемелік  нұсқауларды 
қолдану. 
 
 
 
 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
 
150 


         
34           
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.  Шетел  тілі  пәні  мұғалімдерінің  қабілеттерін  арттыру  жолдары  //Хабаршы.-
Түркістан, 2005 ж. - №5. - 193-195 бб. 
2.  Оқытудағы  жаңа  технология  негізінде  жүзеге  асырудағы  кейбір  мәселелер 
//Ізденуші.- Шымкент, 2006 ж. - №1.- 129-135 бб. 
3.  Болашақ  шетел  тілі  мұғалімдерін  даярлаудың  дидактикалық  шарттары  //Ұлт 
тағылымы.- Алматы, 2007 ж. - №1. - 104-107 бб. 
4.  Болашақ  ағылшын  тілі  пән  мұғалімдерін  даярлау  мазмұнындағы  білім  мен 
іскерліктердің сипаты // Ізденіс.- Алматы, 2007 ж. - №4. - 272-277 бб. 
5.  Болашақ  ағылшын  тілі  пән  мұғалімдерін  даярлауды  педагогикалық  тапсырмалар 
тұрғысынан жетілдіру: Тіл саласында білім беруге арналған Халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференцияның материалдары. - Қарағанды, 2007 ж. - 210-213 бб. 
6.  Ә.Қ.Қасымов, Т.Ж.Увалиева. «Оқыту технологиялары». Кітап, 2007 ж. 
 
 
 
БАСАПА ИШАН ЖАЙЛЫ... 
 
 
М.Рауан
 1
, М.Есімова
2
 
Сырдария ауданындағы №130 Абай орта мектептің 9 сынып оқушысы
1
, тарих пәні мұғалімі
2
 
 
 
Қазіргі 
Ақжарма 
ауылында 
(бұрынғы  Ильич  совхозы)  Басапа  ишан 
атындағы  мешіт  бар.  20  жылға  жуық 
уақыттан  бері  ауыл  тұрғындары  осы 
мешітке барып, құдайға құлшылық етіп 
келеді.  Кеңес  үкіметі  орнап,  мешіт-
медресе  атаулыны  жермен  жексен 
еткен,  молда,  ишан,  ахундарды  елден 
аластап,  кӛзін  жойған  заманда,  дініміз, 
тіліміз,  болмысымыз  ұмытыла  бастады. 
Ұмытылып, жойылған құндылықтардың 
арасында,  заманында  халық  пір  тұтқан, 
қасиеттеп,  қастерлеген,  халқына,  еліне 
қызмет  еткен  тұлғалар  да  болды. 
Олардың  халыққа  жасаған  игі  істері 
түгілі,  аттары  да  аталмай,  ұмытылып 
кете  барды.  Тақырыбыма  арқау  болып 
отырған  тұлға  –  Басапа  ишан  есімі  де 
ұмытылғалы  тұрған,  ескерусіз  қалған 
ата-бабаларымыздың 
бірі. 
Атында 
мешіт болғанымен, бұл кісі жайлы кӛне-
кӛз  қарияларымыз  ғана  білетіні  айқын. 
Бүгінгі ұрпақ түгілі тіпті ел ағаларының 
ӛзі де бұл адам туралы біле бермейді. 
Менің  мақсатым  –  Басапаның  есі-
мін жыр етіп айтуға тұрарлықтай адам  
болғанын,  қазір  ешкім  естімегенімен, 
уақытында  бір  қауым  елдің  пірі,  қадір 
тұтатын  ер  –  азаматы  болғандығын, 
елге, болашақ ұрпаққа жариялау. 
Сонымен, Басапа кім болған? 
Қазіргі  Жалағаш  ауданы,  Ақарық 
елді  мекенінде  Аламесек  дейтін  орта-
лық болған. Осы жерде сарықасқа, тама 
халқы  тұрады.  1850  жылы  13  жасар 
Алдаберген  (қажы)  баланы  еліне  алып 
келеді.  Сейітасқар  баласы  Алдаберген 
қажы Басапаның әкесі Алдаберген қажы 
Аламесекте  мешіт  ұстап,  ұрпағын 
ӛрбіткен,  халқының  кӛзін  ашқан,  діни 
сауатты  кісі  болған.  Балаларын  да  діни 
оқытқан адам. 
 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
151 


жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау