35
5. Ұсыныс.
Немесе оқып, талқылап болып, талқылау
барысында туындаған сұрақтарын жазуына болатынын айтады.
6. Бұл жұмысты болған соң топтар қағазды келесі топқа
береді. Бұл әрекетті әр топ ӛз қағазын қайтып алғанша
жалғастыруға да болады. Кішігірім топтар ӛз сұрақтарын талқылап
болған соң, ұстаз әр топқа ӛз қағазына жазылған мәтінмен танысып
шығуды ұсынады. Оны іштей талқылап, келісетінін не
келіспейтінін айтуды, мәтіннен ӛздеріне берілген сұрақтарға жауап
табуды ұсынады. Кейін әр топ кезекпен ӛз жұмыстарының
қорытындысын таныстырады. Қысқаша мәлімет береді, сұрақтарға
жауап береді.
5. 1х2х4 әдісі
1. Шебер әдісті айтып, мазмұнын түсіндіреді: бұл әдісте
мәселенің шешімін әрқайсысы жеке, кейін жұппен, кейін топпен
шешеді.
2. Шебер мәселені ұсынады (сұрақты) және оқушыларға 3-6
мин ішінде жеке мәселені шешуді (сұраққа жауап беруді) ұсынады.
3. 6-7 оқушы ӛз шешімдерін таныстырып ӛтеді.
4. Енді оқушылар екеуден топталады.
5. 3-5 мин ішінде мәселенің шешімі бойынша құрылған
мәтіндерді салыстырып, мазмұнды, терең ойлы, кең кӛлемдегі бір
мәтін құрастыруды ұсынады.
6. 3-5 жұп бала жұмысын оқиды.
7. Кейін әр 2 топ 4 адамнан шығармашылық топ болып
бірігеді.
8. Шығармашылық топтарға 7-10 мин ішінде мәтіндер нұсқа-
сын салыстырып, құрлымын тереңдетіп, кеңейтіп мәтін жазу
ұсынылады.
9. Әр топ ӛз нұсқасын оқиды.
10. Ӛзара пайда болған қарым-қатынас нәтижесі анықталады.
6. Қиылысқан
топтар
1. Оқушыларға бірнеше шығармашылық топ құру ұсынылады.
(мысалы, 4 адамнан 3 топ)
2. Шебер
әдісті
жүзеге
асыру
жолын
түсіндіреді:
шығармашылық топтар 5-10 мин ішінде ұсынылған мәселені
талқылап, шешім шығаруы керек. (жоба жасап, модель
құрастырады)
3. Кейін топтағы оқушылар отырған ретімен санап шығады.
4. Енді шығармашылық топ жаңадан құралады. (мысалы,
3 адамнан 3 топ, бірінші топқа «бір» санды оқушылар, екінші топқа
«екі» санды оқушылар топталады)
5. Жаңа топтағы оқушыларға әр топтың ұсынылған мәселесі
бойынша шешімін талқылау ұсынылады, шешімді әр топтан келген
оқушы таныстырады. 10-15 мин уақыт беріледі.
6. Әр шығармашылық топтағы балалар ӛз тобының шешімін
түсіндіріп ӛтеді.
7. Ӛзара пайда болған қарым -қатынас нәтижесі анықталады.
7. Логикалық
тізбек
1. Шебер
оқушыларды әдісті жүзеге асыру жолымен
таныстырады: әрқайсысына сӛз немесе сӛз тіркесі жазылған
карточка таңдап алу ұсынылады. Бұл карточка және оны таңдап
алушы логикалық тізбектің бӛлшегі болып табылады. Тізбек ӛзге
оқушылармен ӛзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде құрастыры-
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
143
36
лады. Карточкаларды тиісті логика бойынша орналастыру керек.
Бірінші карточкада (тізбекте), бұл тізбектің бірінші мүшесі, мұнда
бүкіл логикалық тізбекке атау беретін сӛз немесе сӛз тіркесі болуы
тиіс. Бірінші сӛзге логикалық сәйкес сӛз келесі мүшесі болады.
2-3 логикалық тізбек құрастыру қажет.
2. Оқушылар бір-бір карточкадан алады. Әр карточканы
оқушылар кӛрмеуі үшін теріс бетімен жатуы тиіс.
3. Оқушылар карточкаларды алып болған соң, шебер ӛзара
ойланып, ӛзіндік байланыс ұйымдастыруды ұсынады. Нәтижесінде
2-3 логикалық тізбек құрылады.
4. Оқушылар ӛзара логикалық тізбек құру арқылы байланыс
жасайды. (яғни әр тізбектің орны мен қызметін түсінеді)
5. Логикалық тізбектер құрылып болған соң оқушылар
(бірінші болған тізбектен бастап), тізбектің атауын, әр тізбек
мүшесінің орналасу ретін және ойлай орналастырудағы логиканың
неде екенін түсіндіреді.
6. Оқушылар түсіндіріп болған соң, шебер оқушылардың
бӛлінуге ұсынған нұсқасымен келіседі немесе ӛз сценарийі
бойынша тізбек логикасын түсіндіре отырып, қайтадан логикалық
тізбекті құрастырады. (яғни, балалар тізбектерді дұрыс құрастыра
алмауы мүмкін).
7. Ӛзара пайда болған қарым- қатынас нәтижесі анықталады.
8. Қызметтік
ойын.
1. Шебер қызметтік ойынды шығармашылық ойлауларын
дамытуға, тәжірибе кезінде үйренгеніңді пайдалана алуға
жаттықтыру үшін қолданады. Олар сабаққа қызығушылығын
арттырады, ынтасын қойып, оқу материалдарын қабылдауын
жақсартып, белсенділігін арттырады.
2. Қызметтік ойынның құрамы мына бӛлімдерден тұрады:
3. Жағдайды үйрену бӛлімі, оқушылар мен эксперттерді
дайындайды, мәлімет жинайды;
4. Ойынның ӛту кезеңінің бӛлімі;
5. Сараптау бӛлімі, ойын қорытындысын бағалау, талқылау.
6. Қызметтік ойын – бұл келешек маманның кәсіптік қызме-
тіне дайындық, ол түрлі жағдайда жеңілуіне, оның түрлі шешімдері
барын кӛруіне, қиындық тудыратын жағдайларын кӛре алуына
және одан аулақ болуына мүмкіндік береді.
9. Жоба әдісі.
1. Дайындық. Шебер жоба тақырыбын таңдайды; оның түрін,
қатысушылар санын анықтайды; таңдалған тақырып аясында түрлі
мәселелер ойлап табады. Бұл жерде шебердің алдағы сабаққа жоба
бойынша жасаған кӛрсетілімінің (презентациясы) қызметі ерекше.
Шебер жоба бойынша жалпы мәлімет береді. Тақырыпты
талқылауды, жоба бойынша жұмыстың мақсатын, дайын жобаның
құрылымын кӛрсетуді, нәтижесінің бағалау белгілерін және жұмыс
барысын ұйымдастырады. Осы жерде жұмыстың бӛлімдері және
аяқтау мерзімі нақтыланады.
2. Жоспарлау. Жобаның бӛлімдерін дайындайтын шығарма-
шылық топтар құрылады. Оқушылар шығармашылық топта жаңа
мәліметтерді нақтылап, тақырыпты талқылайды, тапсырмаларды
реттейді, ӛз жұмысының қорытындысын бағалауды таңдап,
нақтылайды. Ӛзара қызмет жолдарын, жұмыс кестесін, қорытынды
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
144
Достарыңызбен бөлісу: |