1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет63/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   89

         
35           
ӛркендеуіне, жарқын болашағына үлкен 
сенім ұялатады. 
Біздің  ту  –  ашық  аспан  астында 
барлық  халықтар  арасындағы  татулық-
тың бейнесі. Еркін дала халқы құшағын 
айқара  ашатын,  еркіндікті  сүйетін,  кең 
пейіл,  ақ  кӛңіл,  адал  халықтың 
мемлекеті ретінде бейнеленген. 
Қазақ  халқының  ӛткені  мен  бүгі-
нін  таразыға  сала  отырып,  келешегіне 
отаншылдық  туын  арқау  еткен  оқушы-
ларға  ұлттық  рәміздерді  түсіндіру, 
болашаққа  бағыт  сілтеу  әрбір  ұстаздың 
міндеті.  Ендеше,  оқушыларды  отан-
сүйгіштік  сезімге  тәрбиелеуде  оның 
мән-мағынасын  түсіндіруіміз  қажет. 
Ондағы  мақсатымыз  –  әрбір  баланың 
бойындағы  ӛзінің  Отанына  деген,  ӛз 
елінің  рәміздеріне  деген  құрмет  сезімін 
ояту.  Иә,  Отанның  ӛзі  осы  желбіреген 
кӛк  тудан,  елтаңбадан,  әнұраннан 
басталады  екен.  Бір  мезетте  бүкіл 
еліміздің  жастары  орындаған  әнұран 
біздің  мектептерде  де  шырқалады. 
Біздің  бүгінгі  елтаңбамыз  ұлттық 
рухымызды  асқақтатып,  шаңырағымыз-
дың  беріктігін  паш  етіп,  еліміздің 
қанатты  тұлпардай  ұшқырлығын  дәлел-
деп  келеді.  Мемлекеттік  рәміздер  – 
біздің мақтанышымыз. Отанға, туған ел, 
қасиетті  жерге  деген  сүйіспеншілік, 
намыс  пен  жігер,  сезімнің  қалыпта-
суына  да  дәл  осы  ұлттық  рәміздердің 
әсері  мол  екендігіне  сенімдімін.  Ту, 
елтаңба, 
әнұран 
әлемдегі 
әрбір 
мемлекеттің рәміздері болып табылады. 
Олар  ӛзіндік  түстері  мен  мазмұны 
жағынан ерекшелініп отырады. 
Еліміз  егемендікке,  тәуелсіздікке 
қол  жеткізгеннен  кейінгі  жиырма  жыл 
еліміздің  жас  қайратының  талабының 
оң  болғанын  дәлелдеп  тұрғандай.  Осы 
жиырма  жылда  Отанымыздың  қиын 
ӛткел,  тар  асулардан  қалай  аман 
ӛткеніне  қазақстандықтар  куә,  әлем 
жұртшылығы  куә.  Қазіргі  Қазақстанда 
тұратын 
жүзден 
астам 
этностың 
тағдырын  қазақ  тағдырынан  бӛле-жара 
қарамай, барлығын бір ананың баласын-
дай  бауырға  тарту  нәтижесінде  еліміз 
ішкі-сыртқы  саясатта  үлкен  беделге  ие 
болды. Жас мемлекетімізде саяси тұрақ-
тылық,  ұлтаралық  келісім  қалыптасып, 
Қазақ  халқының  береке,  бірлігі  артты. 
Ана  тілімізге  деген  құрмет  Ата 
Заңымыздан бастау алды. 
Алаш  ардақтысы  А.Байтұрсынов-
тың:  «Басқадан  кем  болмас  үшін  біз 
білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. 
Білімді  болуға  оқу  керек,  бай  болуға 
кәсіп  керек.  Күшті  болуға  бірлік  керек. 
Осы  керектердің  жолында  жұмыс  істеу 
керек»,  деген  ұстанымы  бүгінде  біздің 
жолбасшымызға  айналып  отыр.  Сонау 
тоқсаныншы жылдардағы күйреп қалған 
шаруашылықтар,  босап  қалған  дүкен 
сӛрелері,  елді  жайлаған  жоқшылық  пен 
қымбатшылық  аз  уақытта  еңсеріліп, 
халықтың тұрмысы оңалды, экономика-
дағы  ӛрлеу  елдің  әл-ауқатын  арттырды. 
Бұл  тұрғыдан  алғанда  мемлекеттік 
меншікте,  мемлекеттік  кәсіпорындарда, 
мемлекеттік  шаруашылықтарда  ғана 
жұмыс  істеп  үйренген  халық  жаңа 
жұмысқа  баулынды,  кәсіпкерлікпен 
айналысуына  жағдай  жасалды,  «Жеке-
меншік» деген ұғым қалыптастырылды, 
адамдардың  жаңадан  ӛмір  сүруіне 
қолдау  кӛрсетілді.  Сол  жылдардағы  ел 
басына  түскен  қиындықтарды,  кедергі-
лерді,  тапшылықтарды  санап  тауыса 
алмайсыз. 
Мәселен, 
тәуелсіздіктің 
алғашқы  жылдарында  «рубль  аймағын-
дағы»  елдердің  қиын  құрсауда  қалған 
тұсында,  инфляцияның  күн  санап 
шарықтап  ӛсуі  кезінде  Қазақстан 
кӛрегендікпен  жол  тапты.  Сол  тұста, 
Ресей  Қазақстан  ӛз  ақшасын  шығара 
қояды  деп  әсте  күтпеген  болатын. 
Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында, 
дәлірек айтқанда, 1993 жылдың 12 қара-
шасында  тӛл  теңгеміздің  дүниеге 
келуінің  ӛзі  бізді  болашаққа  бастайтын 
батыл  қадам  еді.  Сондай-ақ,  мемлекет-
тік  рәміздеріміздің  бекітілуі,  шекара-
мыздың  айқындалуы  –  осының  бәрі 
тәуелсіз  мемлекет  үшін  аса  қажет 
құндылықтар болатын. 
«Тәуелсіздік  бізге  не  берді?»  - 
деген кезде, жер кӛлемі жағынан әлемде 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
125 


         
36           
9-шы 
орын  алатын  Қазақстанның 
әлемдік қоғамдастықтан ӛз орнын ойып 
тұрып  алғанын  айтар  едім.  Жаңадан 
салынған  елордамыз  –  Астанамыз  бар. 
Астана  қаласының  салынуы  республи-
камыздың  әлеуметтік,  экономикалық 
және  саяси  дамуына,  ұлттық  қауіпсіз-
дігіміздің  нығаюына  үлкен  үлесін 
қосты.  Есілдің  жағасындағы  ару  қала 
тарихи маңызды оқиғалардың ордасына 
айналды.  Астанада  ХХІ  ғасырдағы 
ЕҚЫҰ-ның  тұңғыш  Саммиті  ӛтті. 
Қысқы  «Азиада – 2011» спорт сайыста-
рының  салтанаты  да  Астананың  мәрте-
бесін, 
қазақстандықтардың 
рухын 
кӛтерді. 
Тәуелсіздік 
алғанға 
дейін 
Қазақстанда қазақтардың саны 40 пайыз 
ғана болды. Яғни, біз ӛз мемлекетімізде 
тұрып, ӛсім жағынан азшылық жағдайда 
қалып  келдік.  Оның  әртүрлі  себептері 
болғанын  білеміз.  Дегенмен,  тәуелсіз 
мемлекет болғаннан кейін ондағы негіз-
гі ұлт, мемлекет құраушы ұлт сан жағы-
нан басым болуға тиісті еді. Бұл бағытта 
да  жүргізілген  оңтайлы  кӛші-қон,  де-
мографиялық  саясат  тәуелсіздік  жылда-
ры  қазақтардың  санын  6,5  миллионнан 
10,3  миллионға  жеткізді.  2010  жылдың 
1  қаңтарындағы  мәлімет  бойынша, 
Қазақстандағы 
қазақтардың 
саны               
63,6 пайыз болды, яғни 20 жылға жуық 
уақыт  ішінде  қазақ  халқының  саны           
3,8 млн. адамға кӛбейді. 
Еліміз жастардың білім алуына да 
аса үлкен кӛңіл бӛліп келеді. 1993 жыл-
дан  бері  «Болашақ»  халықаралық 
стипендиясы  беріле  бастады.  1994-  
2010 
жылдар 
аралығында 
бұл 
стипендияға  ие  болып,  алыс  және 
жақын  шетелдерде  білім  алған  жастар-
дың  саны  7600-ге  жетті.  Тәуелсіздік 
жылдарында 
мемлекетіміз 
ӛзінің 
болашақ  мамандарын  даярлауда  осын-
дай  белестерді  бағындыра  алды.  Қазақ 
мектептерінің саны кӛбеюде. Мемлекет-
тік  грант  есебінен  жылына  33  мыңнан 
аса  жас  білім  алуда.  Ал,  «Назарбаев 
университетінің»  есігін  айқара  ашуы  – 
еліміздегі  жастардың  әлемдік  деңгейге 
сай  білім  алуына  жасалған  мемлекеттік 
қамқорлық. 
Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары-
нан  бастап  елімізде  жұмыссыздықпен 
күреске  елеулі  мән  берілді.  Соның 
арқасында  қазақстандықтар  тұрмыс-
тіршілігі үшін жұмыс іздеп шекара асып 
кеткен  жоқ.  Олардың  жұмыс  істеуіне 
ӛзімізде  жағдай  жасалды.  «Болашақтың 
іргесін  бірге  қалаймыз»  атты  биылғы 
Жолдауда  Үкіметке  2020  жылға  дейін 
халықты  жұмыспен  қамтудың  жаңа 
бағдарламасын 
жасау 
тапсырылды. 
Міне,  бұл  бағдарлама  да  жақында 
қабылданып,  оған  бюджеттен  қомақты 
қаржы  бӛлінді.  Енді,  ӛз-ӛзімен  шұғыл-
данатын,  жұмыссыз  жүрген,  тұрмысы 
тӛмен халықты қайта оқытуға, жұмысқа 
орналасуына  жәрдемдесуге,  ауылдағы 
кәсіпкерлікті  қолдауға,  экономикалық 
әлеуеті тӛмен аймақтардан экономикасы 
дамыған  аймақтарға  кӛшуге  жағдай 
жасау  үшін  мемлекет  тағы  да  қаржы 
бӛліп отыр. 
Тәуелсіздікке  жету  жолы  қанша-
лықты  ауыр  болса,  тәуелсіздікпен  ты-
ныстаудың баяндылығы да соншалықты 
жауапты  екені  анық.  Жас  ұрпақ 
тәуелсіздіктің  тағылымдарын  танып, 
қастерлеп,  құрметтеп  отыруы  керек. 
Тәуелсіздік  бізге  бәрінен  де  қымбат. 
Сондықтан  да  бәріміз  еліміз  үшін 
еңбектенуіміз,  халқымыз  үшін  қызмет 
істеуіміз керек. 
Жоғарыда  айтқандай  ӛрендерді 
тәрбиелеу  үшін  ӛзіміз  бірінші  кезекте 
туған  елімізді,  тілімізді,  ұлтымызды 
сүйе  білуіміз  керек.  Сол  білгенімізді 
ерінбей-жалықпай 
ӛскелең 
ұрпаққа 
үйрете,  жеткізе  білуіміз  керек.  Сонда 
ғана  біздің  сүйікті  Қазақстанымыз, 
туған 
Отанымыз 
биіктен 
самғап, 
шарықтай бермек. 
Батырлардың қаныменен алған жер, 
Тау-тасына елтаңбасын салған жер. 
Бейбіт ӛмір кешесін сен біз барда 
Бабалардан аманатқа қалған жер. 
 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
 
126 


жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау