1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет65/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   89

         
35           
мәнін 
арттыру 
талабы 
бастауыш 
мектептегі  оқудың  сапасын  кӛтеруде, 
әсіресе  оқу  дағдысын  жетілдіруді 
ерекше  қажет  етеді.  Тӛменгі  сыныпта 
оқудың түрлері екіге бӛлінеді: 
-  дауыстап оқу;  
-  іштей оқу. 
Дауыстап оқу кӛбінесе 1-2 сынып-
тарға  тән  болады.  Бірақ  1  сыныпта 
іштен  оқуға  болмайды  деген  ұғым 
болмауы  керек.  Іштен  оқу  алғашқы 
сыныптарда-ақ  басталады.  Оқудың  бұл 
кӛрсетілген  екі  түрі  бір-бірімен  ұштас-
тыра  жүргізіледі.  Дегенмен,  оқушыны 
оқуға  дағдыландыру,  жаттықтыру  негі-
зінен  дауыстап  оқу  арқылы  жүзеге 
асады. Дауыстап оқудың пайдасы мол: 
-  оқушы  әр  сӛйлемді,  әр  сӛзді  ӛз 
сазына келтіріп оқуға жаттығады; 
-  оқығанын кӛру және есту сезімі 
арқылы қабылдайды
-  мұғалімнің  оқушының  қалай 
оқитынын бақылауға мүмкіндік алады. 
Дауыстап  оқу  қаншалықты  пайда-
лы  болғанымен,  оның  да  кемшілік 
жақтары  болады:  біріншіден,  дауыстап 
оқыған  адам  тез  шаршайды;  екіншіден, 
дауыстап  оқыған  бала  іштен  оқығанын 
жете  түсіне  алмайды.  Дауыстап  оқуға 
әбден  тӛселіп  алған  адамдар  қоғамдық 
орындарда  жұмыс  істеуі  қиындайды. 
Сондықтан,  сынып  жоғарылаған  сайын 
оқушыны  іштей  оқуға  дағдыландырған 
дұрыс.  Іштен  оқу  арқылы  да  түсінуге 
болады.  Оқудың  бұл  түрі  оқушыға 
үлкен жеңілдік әкеледі. Мысалы, кейбір 
оқушыға  күніне  бірнеше  бетті  оқуға 
тура  келеді.  Ал,  дауыстап  оқығанда 
сонша  бетті  оқу  қиындық  тудырады. 
Іштен оқудың тағы бір пайдалы жағы  – 
оқушы қалаған жерінде, қалаған орында 
ешкімге  кедергі  келтірмей  оқи  алады. 
Ал,  оның  бір  кемшілігі  мұғалім 
оқушының қалай оқитынын дер кезінде 
аңғармай  қалады.  Міне,  осыдан  оқудың 
бұл  екі  түрін  де  балаға  кіші  жастан 
үйрету  қажет  болады.  Оқудың  бұл 
түрлерінің  екеуіне  де  дұрыс  оқу, 
шапшаң оқу, түсініп оқу және мәнерлеп 
оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-
бірімен  тығыз  байланыста  іске  асады. 
Бастауыш  сыныпта  оқушылардың  оқу 
сабақтарында  жіберетін  қателіктеріне 
тоқталатын болсам: 
-  әріп, буын немесе сӛз қалдырып 
кетіп оқу; 
-  кейбір  буындарды,  сӛздерді  екі 
рет қайталап, ежіктеп оқу
-  тілі 
келмегендіктен 
немесе 
әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші 
әріппен алмастырып оқу. 
Мен  бұндай  кемшіліктерді  бол-
дырмау  және  алдын  ала  дағдыландыру 
үшін  ӛз  тәжірибемде  мынадай  жұмыс 
түрлерін ұйымдастырамын: 
-  оқушыны 
бірнеше  қайталап 
кітап  оқуға  жаттықтырып,  дағдылан-
дырамын; 
-  оқыту  жұмыстарына  ата-анала-
рына тапсырма беремін
-  қате  оқыған  сӛздерді  қайталап 
оқытамын; 
-  мәтіннен  қате  оқылған  сӛздерді 
сыныпта  тыңдап  отырған  оқушыларға 
түзеттіремін; 
-  ата-аналармен 
ынтымақтаса 
жұмыс жүргізіп, оқу дағдысын бақылап, 
тексеріп 
отыруын 
қадағалауды 
тапсырамын. 
Оқуы  талаптан  тӛмен  оқушыға 
дұрыс, саналы және шапшаң оқу дағды-
сын  дамытуға  уақытында  кӛмектесу 
үшін, оны жүйелі түрде есепке аламын. 
Оқушылармен  жоспарлы  түрде  жүргі-
зілген  жұмыстың  нәтижесін  бірнеше 
аптадан соң кӛруге болады. Ӛз еңбегінің 
аз да болса нәтижесін кӛрген оқушының 
оқуға  деген  қызығушылығы  артады. 
Оқушының  күн  сайынғы,  апта  сайынғы 
шапшаң  оқу  қабілетін  анықтап  отыру-
дың  тиімділігін  ӛз  тәжірибемде  байқап, 
нәтижесін кӛріп келемін. 
Оқу  дағдысының  біз  қолданып 
отырған  дұрыс  оқу,  сапалы  түрде 
түсініп және мәнерлеп оқу дейтіндердің 
үшеуі  де  бір-бірімен  ӛте  тығыз 
байланысты  компоненттер.  Сондықтан, 
бұл  үшеуіне  оқушыны  жаттықтыру  әр 
сабақта  қатар  іске  асырылып  отыруы 
тиіс.  Сабақ  сайын  бұл  бағытта  үнемі 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
129 


         
36           
үзбей  жүйелі  жүргізетін  жұмыс  тұтас 
келіп,  оқушылардың  оқу  дағдысын 
қалыптастырады.  Бастауыш  мектептегі 
оқу  сабағының  сапасы  әр  сабақтың 
қаншалықты  дәрежеде  ойланып  құрыл-
ғанына,  қолданылатын  әдіс-тәсілдеріне 
және ұйымдастыруға тікелей байланыс-
ты.  Оқу  сабағын  жүргізуде  және  оған 
қажетті әдіс-тәсілдерді іздестіру үстінде 
мыналарды ескеру қажет: 
1.  Бастауыш  сынып  оқушылары-
ның  оқу  дағдысын  жетілдірудің  бір 
шарты  –  оқушының  дұрыс  және  мүдір-
мей  оқуын  қамтамасыз  ету.  Олай  етпе-
ген  жағдайда  оқушының  мәтінді  толық 
түсінуін  қамтамасыз  ету  мүмкін  емес. 
Сабақта  қолданған  әдіс-тәсіл  оқудың 
техникасын  жетілдірумен  бірге,  бала-
ның  кітапқа  деген  оқу  ынтасын  артты-
ратындай,  ал  кӛптеген  жағдайда  бір 
мәтінді  жалықпай  әлденеше  рет  оқуға 
дағдыландыратындай болуы керек. 
2. Оқу сабағында оқушының ойлау 
қабілетін,  қызығушылығын,  бір  затты 
екіншісімен  салыстырып,  бірін  екінші-
сіне  қарама-қарсы  қойып  байқағыш-
тығын  тағы  басқа  қасиеттерін  дамыту 
керек. 
3.  Оқушының  шығармашылық 
қиялына әсер ете білу керек. Дұрыс оқу 
талабына келетін болсақ оқушы мәтінді 
дұрыс  оқуға  дағдыланбайынша,  білімді 
жете  меңгере  де  алмайды.  Сондықтан, 
мәтінді  оқытқанда  оқушының  әрбір 
сӛзді  дұрыс  айтуы  мен  оқуын  мұғалім 
қадағалап отыруы керек. Ал, дұрыс оқу 
дегеніміздің ӛзіне келер болсақ, ол: 
-  оқушының  оқып  тұрғанда  сӛз 
ішінен  әріпті,  жеке  буынды,  сӛздерді 
қалдырып кетпей оқуы
-  кейбір  сӛздерді  қайталап  оқи 
бермеу; 
-  мәтіндегі сӛздердің мағынасына 
қарай  лайықты  дауыс  ырғағын  сақтап 
оқу. 
Мәтінді  оқуда  бұл  талаптар  орын-
далмаса,  онда  оқушы  мәтіннің  сӛзін 
дұрыс ұға алмайды. Оқудың қандай түрі 
болса 
да 
балаларды 
мадақтап, 
марапаттап қолдау кӛрсетіп отырамын. 
Қорыта  келгенде,  оқушылармен 
тығыз  қарым-қатынаста  болған  жағдай-
да  ғана  жетістікке  жететінімізді  білдім. 
Оқушы  тілін,  сӛздік  қорын  дамыту  тек 
оқулықпен  шектелмеу  қажет.  Сондық-
тан  да  оқушылардың  ата-анасымен 
тығыз  байланыста  болып,  кітапханамен 
байланысып,  баспасӛз  басылымдарына 
жазылу  арқылы  білім  мен  біліктілікті 
арттыруға болады. 
Әр  ұстаз  оқу  –  тәрбие  жұмысына 
шығармашылықпен  қарап,  жаңа  заман 
талабына  сай,  озық  ұлттық  дәстүр 
рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіру 
мақсатында  оқытудың  түрлі  әдіс-
тәсілдерін  пайдаланса,  игі  нәтижеге 
жетері 
сӛзсіз. 
Осындай 
қажырлы 
еңбектің  арқасында  ғана  еліміздің 
жеткіншектерін 
тәрбиелеуде 
үлкен 
жетістіктерге жетеріміз даусыз. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.  Г.Сапарғалиев. Оқушыларға праволық тәрбие беру туралы. - А., 1988 ж. 
2.  М.Смайылова.  Тәрбие  жүмысын  жоспарлау  туралы.  //Қазақстан  мектебі,  №10,  
1988 ж. 29-30 бб. 
3.  Ж.Ә.Әбиев,  С.Б.Бабаев,  А.М.Құдиярова.  Педагогика:  Оқу  құралы.  Жалпы 
редакциясын басқарған Құдиярова А.М. - Алматы: Дарын, -2004 ж. - 448 б. 
4.  Н.Степаненков. О планировании работы классного руководителя. - Минск, 1978 г. 
5.  Т.Сабыров.  Оқыту  теориясының  негіздері.  -  Алматы,  Қазақстан  Республикасы 
Білім министрлігі баспаханасы, 1992 ж. 
6.  М.Шешенханова.  Мектеп  басқарудың  демократиялық  алғышарттары  //Қазақстан 
мектебі журналы, 1993 ж.  
7.  Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. /Құрастырған Ж.Нүржанова. - Алматы, 1991 ж. 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
 
130 


жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау