30
Наблюдение за работой детей в группе
Педагоги на тренинге
МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
К.Тілепов
Арал ауданындағы №61 орта мектептің директоры
Қоғам дамуы мен әлемдiк педаго-
гикадағы ӛзгерiстер мектеп ӛмiрiне де
елеулi әсер етуде. Ӛйткенi, мектеп
қоғам ӛмiрiнiң айнасы бола отырып,
қоғамдағы құбылыстарға тiкелей арала-
сады және олардың маңыздыларын ӛз
ӛмiрiне қабылдайды. Соның дәлелi
ретiнде қазiргi мектептегi инновация-
лық үрдiстердi айтуға болады. Шығар-
машылықпен жұмыс iстейтiн iзденiмпаз
мұғалiмдер ӛз практикасына бiлiм
берудiң жаңа технологияларын батыл
ендiруде, кейбiр жекелеген ұстаздар мен
шығармашылық топтар ӛз бағдарлама-
ларын дайындап, отандық және халық-
аралық гранттарға қатысуда, кӛптеген
педагогикалық
ұжымдар
тәжiрибе-
сынақ жұмыстарын жүйелi жүргiзiп
жатыр
және
бұлардың
кӛпшiлiгi
нәтижесiз емес те. Ӛкiнiшке орай, осы
құнды бастамалардың кӛпшiлiгi мектеп-
тiң жылдық және перспективалық
жоспарларында кӛрiнiс таппаған, тапса
да нақтылық жетiспейдi. Демек, мұның
бәрi сыртқы ортада болып жатқан
ӛзгерiстердiң жаңғырықтары болып
табылады. Бiрақ, бұл мектеп ӛмiрiндегi
ӛзгерiстер тек сыртқы әсерге ғана
тәуелдi, оған iшкi ықпал болмайды
деген сӛз емес. Сол инновацияларды
жоспарлы түрде жүргiзу кездейсоқ
қателiктерден туындайды.
Арнайы әдебиеттерде «Менедж-
мент немесе басқару қызметi негiзгi
тӛрт функцияны қамтиды, олар: жоспар-
лау, ұйымдастыру, диагностикалау және
бақылау» деп жазылған. Осы басқару
функцияларының ең бiрiншiсi жоспар-
лау болып табылады. Бұл – кез келген
iс-әрекеттi жүзеге асыру жоспарлаудан
басталады деген сӛз. Дегенмен, жүргi-
зiлген зерттеулер мен ӛткiзiлген ӛзара
пiкiрлесулер мектеп басшыларының
кӛпшiлiгi жоспарлаудың басты ұста-
нымдары мен негiзгi қағидаларын,
оңтайлы формалары мен тиiмдi әдiс-
терiн, маңызды бағыттары мен мәндi
ерекшелiктерiн бiлмейтiнiн, нәтижесiн-
де жылдық жоспардағы кӛптеген
мiндеттер мен iс-шаралардың орындал-
майтынын, орындалса да сапасы тӛмен
болатынын кӛрсетiп берiп отыр.
Дұрыс жоспарлаудың маңызы ту-
ралы кӛптеген ғалымдар ӛз еңбекте-
рiнде айтып жүр. Солардың бiрi, мына-
дай мысал келтiредi: Банкротқа ұшыра-
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
97
30
ған 100 фирманы зерттеу барысында
барлығына ортақ бiр кемшiлiк оларда
стратегиялық жоспарлаудың жоқтығы
немесе нашарлығы екендiгiн байқаған.
Әрине, бұған кейбiр директорлар «Бiлiм
беру ӛнiм ӛндiретiн, сапасы санымен
ӛлшенетiн сала емес» деген уәж айтуы
мүмкiн. Алайда, ӛркениеттiң кӛш басын-
дағы елдердiң бiрi Жапонияда барлық
салада негiзiнен 1-2 жылға емес, тiптi
он, жиырма да емес, 50 немесе 100 жыл-
ға жоспар жасайтынын ұмытпауымыз
керек.
Сол жағдайды ескере отырып
мұғалім білім беру жағдайында оқу
үрдісін диагностикалау арқылы білім
сапасын қамтамасыз етуге қол жеткізуі
тиіс.
Жыл қорытындысын талдау –
мұғалiмнiң күнделiктi жұмысындағы
кӛптеген жалпы ақиқаттан жеке фактi-
лерге ауысу логикасын кӛрсету ӛзегi.
Сауатты, терең жасалған диагнос-
тикалық талдау әр мұғалiмнiң ӛз саба-
ғының сапасымен және оқушылардың
бiлiм сапасы арасындағы байланысты
кӛруге және ӛз еңбегiне сырт кӛзбен
баға беруге мүмкiндiк бередi, мұғалiм-
нiң жiберген қателiктерiн қайталамау
жолдарын кӛрсетедi.
Мұндай сауатты, терең талдау
болмаса, мектеп басшылары да, педаго-
гикалық ұжым және жеке мұғалiм де
ненiң дұрыс, ненiң бұрыс екенiн,
кемшiлiктердiң себептерiн, ұжымның
жеке жалпы iстерiнiң нәтижелерiн және
келешекте кеткен кемшiлiктердi бол-
дырмау жолдарын бiлмейдi. Бұл ұжым-
ды ең қатерлi жағдай – жайбарақат-
тылыққа әкелiп соғады. Оқу жылына
қорытынды жасаудың жинақталған,
жүйеге келтiрiлген, классификациялан-
ған мәлiмет базасынсыз iске асыру
мүмкiн емес.
Педагогикалық талдаулар iшiндегi
мұғалім үшiн ең күрделi оқу жылына
талдау жасау, яғни педагогтың тек
әдiстемелiк дайындық қана емес,
сонымен бiрге талдау объектiсiн жан-
жақты бiлудi талап етедi. Әрине, барлық
оқу-тәрбие үрдiсiнде барлық жұмыс-
тардың нәтижесi мен дамуын талдау
мүмкiн
емес.
Сондықтан,
талдау
объектiлерiн негiзгi бӛлiктерiн ғана
анықтау керек. Осы объектiлердi блок-
тарға топтау қажет. Блок дегенiмiз –
белгiлi бiр мақсаттарға бағытталған
жүйе. Осындай блоктардың бiрi: Педа-
гогикалық қызмет жүйесін диагности-
калау.
Мұғалімнің педагогикалық іс-
тәжірибесін диагностикалық тұрғыдан
зерттеу тӛмендегі бағыттарды қамтиды:
- мұғалімнің оқушылармен қарым-
қатынасы;
- таным
заңдылықтарын терең
түсінуі;
- психопедагогикалық
біліктілігі
мен әдістемелік шеберлігін тұрақты
жетілдіріп отыруы;
- ӛзінің педагогикалық қабілет-
терін дамытуы;
- педагогикалық
техникасын
арттыру бағытындағы жүйелі жұмысы;
- жаңашыл
педагогтардың
іс-
тәжірибесі мен білім берудің жаңа
технологияларынан хабардар болуы;
- жеке
оқушылар мен сынып
ұжымдарын жүйелі зерттеп отыруы;
- жаңа буын оқулықтары мен
мемлекеттік бағдарламаларды оқып-
үйренуі.
Осы педагогикалық қызмет жүйе-
сін диагностикалау арқылы мұғалімнің
педагогикалық іс-тәжірибесін диагнос-
тикалық тұрғыдан бағыттарын айқын-
дауға болады. Білім беру саласындағы
әртүрлі іс-әрекеттерді жүйелі түрде
қолдана отырып, білім беру сапасын
арттыруды қамтамасыз етуге қол
жеткіземіз.
Сонымен қатар, білім сапасын
арттыруда мұғалімдермен диагностика-
лық зерттеулерді жүргізу арқылы
тӛмендегі
сұрақтар
қою
арқылы
анықтауға болады:
1. Мұғалiмдермен
диагностика-
лық зерттеулер жүргiзуге арналған
сұрақтар.
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
98
Достарыңызбен бөлісу: |