31
да ӛте аз таралған Windows Mobile тек
Nokia смартфондарында ғана болады.
Қандай құрылғыны алсаңыз да, желілік
технологиялар әлемінде интернетсіз,
желілерсіз Сіздің құрылғыңыз кӛңіліңіз-
ден шығатынына күмәнім бар. Сіздің
смартфоныңыз, планшетіңіз ең алды-
мен, шапшаң ақпарат жеткізу, алу,
тарату кӛзі. Сондықтан да сіз оның
барлық мүмкіндіктерін тек интернетке
қосылу арқылы ғана бағалап, пайдалы-
лығына кӛз жеткізе аласыз. Бұл құрыл-
ғылардың артықшылығы сонда – Сіздің
кез келген жерде жүріп-ақ ақпарат алуға
мүмкіндігіңіз бар. Сізде мен бұл
ақпараттарды компьютердің кӛмегімен
де ала аламын деген ой болуы мүмкін,
бірақ сіз кез келген жерде, кез келген
ортада, автобуста, жүріп бара жатып, ас
ішіп отырып, серуендеп жүріп компью-
терді пайдалана аласыз ба? Компьютер
бұл жағдайда қолайсыздау. Смартфон-
дарды мінсіз құрылғы деп атауға да
болмайды, олардың да ӛзіне тән
кемшіліктері бар. Мәселен, Смартфон
оқуға ӛте ыңғайлы, бірақ мәтінді
жӛндеуге, түзетуге келгенде қолайсыз-
дық тудырады, дегенмен жұмыс істеуге
болады [1].
Smart education – бұл ортақ
стандарт, келісім мен технология негі-
зінде Интернет желісіндегі бірлескен
білім берушілік әрекетті жүзеге асыру
мақсатында құрылған оқу мекемелері
мен профессорлық-оқытушылық құра-
мының бірлестігі. Яғни бұл контентті
бірлесіп құру және пайдалану, бірлесіп
оқыту деген сӛз. Сондай-ақ, Smart
education, немесе «жетелі оқыту», - бұл
барлық әлемнің контентінің кӛмегімен
еркін кіруге болатын интерактивті білім
ортасындағы икемді оқыту. Smart
education ұғымының мәні – білімнің кең
кӛлемді қолжетімділігі. Ӛз кезегінде,
«жетелі оқытудың» мақсаты –білім беру
процесін электронды ортаға кӛшіру
арқылы оқыту процесін тиімді ету.
Мұндай тұрғы оқытушының білімін
кӛшіріп алып, әрбір адамға қол жетімді
етеді. Оқыту әр жерде және үнемі қол
жетімді болады. Кітаптық контенттен
белсенді контентке кӛшу «жетелі
электронды оқытуға» кӛшудің тағы бір
жағдайы болып табылады. Білімді
электронды түрде берудің нәтижелілігі
артады. Ғылым мен техниканың жылдан
жылға кең ӛріс алып, жедел қарқынмен
дамуы, білім мен дамудың негізгі кӛр-
сеткіші болып табылатын адами капита-
лымызды артуына алып келуі тиіс. Осы
орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
халыққа жолдауындағы «Оқу үрдісінде
ақпараттық технологияларды білім беру
саласын жақсартуда қолданысын кеңей-
ту керек» деген сӛзін басшылыққа ала
отырып, ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде жаңа ақпараттық техноло-
гияларды пайдаланып, аталмыш оқыту
жүйесіне жаппай кӛшу арқылы білім бе-
руді жетілдіру керек. Себебі 2014 жыл-
ғы 17 қаңтардағы ҚР Президентінің
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат,
бір мҥдде, бір болашақ» атты
жолдауында: «Қазақстанның әлемдегі
ең дамыған 30 елдің қатарына кіру
тұжырымдамасында басты басымдылық
ретінде ұлттық білім берудің барлық
буынының сапасын жақсарту, оқыту
нәтижесі
оқушылардың
сындарлы
ойлау, ӛзіндік ізденіс пен ақпаратты
терең талдау машығын игеру болуға
тиіс» деп белгілеген болатын [2].
Барлық операциялық жүйелердің
ӛзіндік серверлері бар, онда ақылы және
тегін қосымшалар орналасқан. Бұл
қосымшалардың саны ӛте кӛп, ойын
қосымшаларынан
бастап,
ғылыми
кітаптар мен әдебиеттерге дейін онлайн/
офлайн қосымшаларды қамтиды. Бүгін-
гі қолданушылардың басым кӛпшілігі
ӛздерінің гаджеттерінің мүмкіндіктерін
толық пайдалана ала алмай отыр.
Мәселен, бұл құрылғылар адамның
барлық қажеттіліктерін ӛтеуге бағыт-
талған. Сондықтан да сіздің денсаулы-
ғыңыздан бастап диетаңызға дейінгі
аралықты бақылап отыратын мүмкіндік-
тері бар. Біз құрылғымыздың сервисте-
рін пайдалану үшін алдымен құрылғы-
дағы ӛндірушінің серверінде тіркелуіміз
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
91
32
керек. Қосымшаларды пайдалану үшін
сізге ӛндіруші серверінің операциялық
жүйесінде жеке тіркеуден ӛту қажет.
Мәселен, Android жүйесін қолдану үшін
сізге Google компаниясының Gmail
пошталық серверінде тіркеуден ӛту
керек, себебі Android Google компания-
сының жеке меншігі болып саналады.
Сондықтан да Google сіздің жеке бас
мәліметтеріңізді сақтауға жауапкерші-
лікті алады. Бірақ бұл ӛзіңізге қатысты
барлық деректерді толығымен енгізу
деген сӛз емес, себебі бұл жағдайдың сіз
үшін тиімді әрі қауіпті тұсы болуы
мүмкін. Сонымен құрылғыны жедел
басқарып, мүмкіндіктерін толық пайда-
лана алатын іскер қолданушы болуы
үшін Youtube-тен ӛз құрылғыңыздың
операциялық жүйесінің нұсқаулығымен
танысып шығуға болады. Интернетте
кӛбірек жұмыс істеп, ӛзіңізге ыңғайлы
браузерді (интернетте жұмыс істеуге
арналған бағдарлама) пайдалануға бола-
ды. Ал, педагог мамандарға күнделікті
оқу-тәрбие үдерісінде мультимедияны
пайдалану тиімді. Мультимедиа –
ақпараттың сақталатын құралы. Сандық
құралдың әрекеті, мысалға латын тілін-
де мәтін, жазу-сызу, аудио, анимация
және видео деген ұғымды білдіреді.
ХХІ ғасыр – технологиялар ғасы-
ры болып отыр. Мобильдік құрылғылар,
Интернет желілері ӛмір сүрудің қара-
пайым күнделікті дағдысына айналып,
ақпараттық технология адам ӛмірінің
маңызды бӛлшегі болып кірігіп кетті.
Сандық қоғам, сандық орта қалыптасты.
Дамыған мемлекеттер технологияларды
адам игілігіне пайдалану мүмкіндікте-
рін мейлінше арттырып жатыр. Интер-
нет желілері адамның әр түрлі бағытта
дамуына мол мүмкіндік береді. Адам
үйде отырып-ақ, кәсіпкерлікпен де,
ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де,
шығармашылықпен де айналыса алады.
Әлеуметтік желілер арқылы адамның
ӛзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге
асыруына жол ашылды. Ақпараттық
қоғамда адамның ӛзіндік ойлауы,
әрекетке
шығармашылық
тұрғыдан
қарап, ыңғайлы жол таба білуі маңызды
болып табылады. Соның нәтижесінде
интеллектуалды экономика қалыптасып,
технологияның
қарқынды
дамуына
мүмкіндік туып отыр. Бұл ӛзгерістер
алдымен,
білім
саласына
тікелей
байланысты. Соған орай білім берудің
жаңа философиясы қалыптасып, модер-
низация қарқынды жүріп келеді. Білім
беру
саласында
дәстүрлі
оқыту
электронды оқытуға, электронды оқыту
smart оқытуға ауысты. Орта білім
беруде оқушылардың ӛздігінен дербес
білім
алуына
басымдық
берілсе,
біліктілік арттыру жүйесінде қашық-
тықтан оқыту, корпоративті оқыту
кеңінен қанат жайды. Ендігі міндет –
сол алған білімнің адамға қызмет етуіне
мүмкіндік беретін smart оқыту ортасын
дамыту.
Адамның жақсы білім алуын,
табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын
жоғары дәрежеде ұйымдастыру егемен-
ді елімізді одан әрі дамытатын азамат-
тарды тәрбиелеуде маңызды қадам
болып табылады. Терең білім – тәуелсіз-
дігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығы-
мыздың алдаспаны деген Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың сӛзімен қортындыла-
ғым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Orleu.pvl.kz.
2. В.А.Даулетова. «Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі». Орал
қаласы.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар.
4. «Информатика негіздері» журналы №1, 2007 ж.
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
92
Достарыңызбен бөлісу: |