32
шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі
(елеусіз болса да) шығармашылық
тапсырма-міндеттер, жаттығу, ойын
түрлерін ұсынған жӛн;
- әрбір шығармашылық тапсырма-
ны оқушыға ұсынудың жолын, әдіс-
тәсілін білу керек;
- шығармашылық жаттығу ойын-
тапсырмалардың мазмұны жеткіншек-
тердің жас ерекшелігіне, қызығушы-
лығына үйлесуі керек;
- тапсырма міндетпен танысқаннан
кейін бала жұмысқа кіріседі.
Мұғалімнің ең үлкен міндеті:
- бала белгілі бір кӛркемдік шешім
тауып, ӛз туындысын ұтымды аяқтап
шыққанға дейін оны назарынан тыс
қалдырмау, шығармашылық бағыт-
бағдар беріп отыруы;
- шығармашылықпен
жеке-дара
оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл
балалары
ойласу
үшін
жағдай,
мүмкіндік туғызу;
- Сыныпта, ұжымда ӛзара шығар-
машылық ахуал орнату.
Мұғалім оқиға, сюжет құруға,
образ жасауда жазушылық шеберлік
танытса, оқушылардың қызығушылығы
оянады. Ӛздерінің күшіне деген сенім
қалыптасады. Сондықтан, мұғалімнің
шығармашылықпен айналысуы және
ӛзінің
жазған
дүниелері
жӛнінде
балалармен пікір алмасуы заңды.
Кӛркем
шығарманың,
әдеби
процестің механизмін түсінбейтін мұға-
лім оқушыны әдеби шығармашылыққа
үйретіп баулымақ түгілі, оқушы жасаған
дүниеге нақты, әділ бағасын беріп,
кӛркемдік дәрежесін тани да алмайды.
Шығармашылық ізденістер жасап,
ӛмір талабына сай еңбектеніп жүрген
ұстаздар оқушының қабілет ерекшелік-
терін тез анықтайды. Оқушылардың
бірден кӛзге түсетін ерекшеліктерін
былай топтастыруға болады:
- ӛте белсенді;
- танып-білуге деген құштарлығы
жоғары;
- есте сақтау қабілеті жоғары;
- сӛздік қоры мол;
- қиындықты жеңе біледі;
- шыншыл, турашыл;
- ӛздігінен ізденіс жасай алады;
- олимпиадаларға қатысады;
- эссе, әңгіме, мақала жаза алады;
- конференцияларға қатысады,
- танымы кең, білімі терең;
- оқулықтан материалды сұрыптап
ала алады.
Заман жаңарған сайын оқыту мен
тәрбие жүйесі де, әдіс-тәсілдері де
жаңарып, түрленіп отыруға тиіс. Себебі,
алдымызда отырған жас ұрпақ дамыған
Қазақстанның
іргетасын
қалайтын,
тәуелсіз тудың тұтқасын ұстайтын
азаматтар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. С.Ахметов. Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттырудың жолдары.
Алматы, «Рауан» баспасы, 1994 ж.
2. А.Бидайбекова. Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға арналған
әдістемелік нұсқаулар. Алматы, 2010 ж.
3. Т.С.Сабыров. Оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың
әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануға мұғалімді
даярлаудың теориялық негіздер. Алматы, 1996 ж.
4. Т.Мейірманқұлова. Білім берудегі инновациялық технологиялар. Алматы, 2000 ж.
5. Қ.Тасболатов. «Оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру».
6. Б.Тұрғанбаева. «Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту».
7. М.Жұмабаев «Педагогика» Алматы, 1989 ж.
8. «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту» Әдістемелік
нұсқау «Дарын» орталығы Астана, 2002 ж.
9. Ю.Гатанов «Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту курсы» Санкт-Петербург,
1998 ж.
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
113
30
КӚРУ ҚАБІЛЕТІ БҦЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ
ҚАБЫЛДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
С.Сарсенбаева
Қызылорда қаласындағы №5 кӛру қабілеті бұзылған балалардың арнаулы (түзету)
мектеп-интернатының тәрбиешісі
Қазіргі таңда ең ӛзекті мәселенің
бірі – мектеп жасындағы кӛру қабілеті
бұзылған балалардың қоршаған ортаны
қабылдау
ерекшеліктерін
анықтау
болып отыр, сонымен қатар, оларды
әлеуметтік ортаға бейімдеп, ӛзімен
қатарлы қалыпты балалардың құқығы-
мен тең қылып, қалыпты азамат етіп
тәрбиелеу.
Толассыз ақпаратты адам кӛз
арқылы қабылдайды. Кӛру қабілеті
бұзылған балалардың даму мүмкіндігі
шектеулі. Кӛру қабілеті бұзылған және
нашар кӛретін балалардың психикалық
дамуындағы заңдылықтарды қарастыра-
тын ғылымдардың саласы – тифлопси-
хология деп аталады.
Тифлопедагогика – педагогика
ғылымының кӛру қабілеті бұзылған
балаларды оқыту және тәрбиелеу жӛнін-
дегі саласы. Ғылым саласы ретінде
ХІХ ғасырдың басында дами бастады.
Кеңес Одағы кезінде әр түрлі ауытқуы
бар балаларға арналған оқыту-тәрбие-
леу мекемелері ашылып, олар жалпы
білім беру жүйесіне кірді. Кӛру қабілеті
бұзылған балалар арнаулы (түзету) ме-
кемесінде білім алып, жоғары оқу орын-
дарына түсуге жағдай жасалды. Олар-
дың арасында академик Л.С.Понтрягин
және
А.Г.Витушкин,
профессор
В.И.Зубов, жазушылар Н.Островский,
Э.Асадов,
Н.Силков,
А.Притчина,
сазгерлер В.Никитин, Н.Поликарпов
секілді кӛрнекті тұлғалар да бар.
Тифлопедагогика саласында мол
еңбек қалдырған Б.И.Коваленко мен
В.С.Сверлов болды. О.Скороходованың
еңбектері дефектология ғылымында
ерекше орын алады. Оның «Мен қалай
қоршаған ортаны қабылдаймын және
түсінемін» атты еңбегінің дефектология
үшін маңызы зор.
Бүгінде тифлопедагогикада кӛру
кемістіктерін алдын алу, түзету жолда-
ры, механизмдер мен кемшілігі бар
функциялардың орнын толтыру жағ-
дайы, саралап оқыту түрлері, мазмұны
мен әдістері ашып кӛрсетіледі. Бала-
ларды мектепке дайындыққа, мектеп
кӛлемінде жалпы және орта кәсіптік
білім алуға, рухани ӛсуге, эстетикалық,
тәрбиеге, дене тәрбиесіне әлеуметтік-
психологиялық және еңбекке қалып-
тастырады. Кӛру кемістігі бар ересек-
терді оқытудағы мақсат – ӛмірлік тәжі-
рибесі мен жалпы біліктілігін, білімін
және әлеуметтік дәрежесін кӛтеру.
Алғашқы кӛру бұзылысы кезінде
психикалық әрекетіне материалистік
мінездеме берген француз ағартушысы
Д.Дидроның
«Кӛретіндерге
кӛруі
бұзылғанлар жайлы насихат хат» атты
оқулығында, ал одан кейінгі әйгілі
«Энциклопедиясында»
қарастырды.
Д.Дидроның еңбектері қоғамның кӛруі
бұзылғанларға деген кӛзқарасын ӛзгер-
тіп, олардың міндетті түрде арнайы
білім алу керектігіне қол жеткізді. Кӛруі
бұзылған адам қараңғылықты сезбейді
және қараңғы түнекте ӛмір сүремін деп
ойламайды. Психологиялық жағынан
алғанда кӛруі бұзылғандық шынында
бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт.
Оған А.В.Бирилев ӛз еңбегінде мынадай
салыстырмалы мысал келтіреді: «Кӛруі
бұзылған адамның жарықты сезуі мен
кӛзін байлаған адамның жарық кӛруінде
айырмашылық бар», - дейді.
Белгілі қоғам қайраткері Е.Келлер
былай деп жазды: «Кӛруі бұзылғандар-
дың сипап сезімі арқылы дүниенің
қызығын нәзік түсіне алуын кӛзі кӛре-
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
114
Достарыңызбен бөлісу: |