1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет51/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89

         
30           
тәжірибелердің 
талаптары 
ескеріле 
отырып,  педагог  мамандардың  білікті-
лігін арттыруға бағытталған оқу курста-
ры  ӛткізіліп  келеді.  Соған  байланысты 
Кембридж  университеті  (Ұлыбритания) 
мен  Назарбаев  зияткерлік  мектептері 
арасындағы  жасасқан  бағдарламалары 
аясында  мектептерде  тәжірибе  кезеңі 
жүргізілуде.  Жүріп  жатқан  іргелі 
ӛзгерістердің 
бірі 
жеті 
модуль 
тұрғысында оқып үйрену. 
Білім  берудегі  жаңа  педагогика-
лық  технологиялар.  Әрбір  технология 
ӛзіндік  жаңаша  әдіс-тәсілдермен  ерек-
шеленеді.  Біз  оқыту  мен  оқудағы  жаңа 
тәсілдер  мен  әдістердің  бірі  ретінде 
«Диолог»  арқылы  оқыту  мен  «Қалай 
оқу  керектігін  үйрену»  амалдарын 
қарастырамыз. 
Атақты 
ғалым 
В.М.Шепель: «Технология», бұл – ӛнер, 
шеберлік, 
іскерлік, 
әдістер 
мен 
жағдайдың  ӛзгеруі»  деген  болжамдар 
келтірген екен. Менің түсінуімше, ұстаз 
үшін  бұл  бұрынғы  тәжірибеде  білетін-
дері  жаңа  әдісте  жемісін  бергенмен  ең 
бастысы  –  оқыту  әдісін  дұрыс  таңдау. 
Оқушының  қабілетін  дамыту  үшін 
теориялық,  психологиялық,  педагогика-
лық 
зерттеулерге 
сүйеніп 
білім-
біліктілігін  жетілдіру.  Ендеше,  оқытуда 
жаңа  технологияны  пайдалана  отырып 
білім беру жүйесін қалыптастыру іскер-
ліктің жаңа бір түрі болып саналады. 
Сыни  ойлау  жүйесі.  Оқушыларды 
сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету  мен 
мұғалімдердің  сыни  тұрғыдан  ойлауы 
негізіне  олардың  оқуына  байланысты 
таңдау 
жасауы 
мен 
идеялардың 
маңыздылығы  жӛнінде  ойлана  білу 
қабілеті  қарастырылады.  Оқушылар 
арасындағы  сұхбаттасу  және  мұғалім 
мен  оқушы  арасындағы  диалогтың 
шәкірттердің ӛзіндік ой пікірін жүйелеуі 
мен  дамуына,  білім  жинау  жауапкерші-
лігін  түсінуіне  кӛмектеседі.  Сыни 
тұрғыдан  ойлауды  оқытудың  оқушы-
лардың бойына тұлғалық тұрғыдан асыл 
қасиеттерді  қалыптастыруда  атқаратын 
рӛлі  зор.  Ой  қозғау,  ояту,  ой  жинақтау 
жүзеге  асады.  Мұғалімнің  теориялық 
оқыту  шеберлігі  ӛзі  білген  білімінің 
бәрін  балаға  тез  үйретуде  емес,  еппен 
үйрете  білуінде.  Оның  кәсіби  біліктілік 
дәрежесі  оқушының  бойына  жаңалыққа 
құштарлық  сезімін  ұялатып,  білген 
үстіне  біле  түсуге,  білімін  тереңдете 
түсуге  жетелейді.  Сабақта  игерілуге 
тиісті  материалдарды  ӛту  кезінде  әр 
оқушының  жеке  қабілетіне  сүйенеді, 
ойын  тұжырымдауға  ерік  береді,  сол 
күнгі  сабақ  үстіндегі  жағдайды  ескеріп 
жедел  қайта  қалыптастыра  біледі. 
Сабаққа  барлық  оқушыларды  қатысты-
ра отырып, диалог, әңгімелесу негізінде 
құрады. 
Оқушылардың  оқу  жетістіктерін 
бағалау ӛлшемдері. Оқыту үшін бағалау 
және 
оқуды 
бағалау 
жетістіктері 
оқушының  алға  қадам  басуына  және 
оған  қолдау  кӛрсету  үшін  керек.  Егер 
мұғалім ӛз пәнін жақсы білсе, онда оны 
оқушының бойына сіңірудің дұрыс әдіс-
тәсілдерін  табатыны  анық.  Сондықтан, 
мұғалімнің  біліктілігі  мен  білімділігі, 
оның ӛз кәсібін меңгеру деңгейі жоғары 
болуы  керек.  Осы  қағидалар  негізінде 
дайындығына  аса  жауапкершілікпен 
қараған  мұғалімнің  жүргізген  сабағы 
күтілген 
нәтижеге 
қол 
жеткізеді. 
Сондықтан  бағдарламада  сыни  бағалау 
тәсілдері қарастырылған. 
Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларды 
(АКТ)  пайдалану.  Бұл  бағдарламада 
мұғалімдер 
интернет 
желісінде 
бірлескен жұмысқа қатысу үшін ақпарат 
алмасу  тәсілдерін  желіде  орындайды. 
Ақпараттық  дегеніміз  –  ақпарат,  жаңа-
лық,  ал  коммуникациялық  дегеніміз  – 
байланыс, қатынасты білдірсе, техноло-
гия – іскерлік, шеберлік ұғымдарын біл-
діреді  екен.  Мүмкін,  оқулық  кӛлемінде 
ғана  шектелген  білім,  оқушының 
теориялық  білімін  күнделікті  ӛмірімен, 
тәжірибемен  ұштастыру,  ӛз  бетімен 
ойлану, ӛздігінен іздену кезінде мүмкін-
дігін  тежейтін  шығар.  Себебі,  қазіргі 
заманғы  білім  үрдісі  күнделікті  ӛмірде 
болып  жатқан  сан  алуан  жаңалықтар-
мен,  ӛзгерістермен,  адамзат  баласының 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
101 


         
31           
ақыл-ой жетістіктерімен толықтырылып 
жүзеге 
асырылуда. 
Қазіргі 
уақыт 
қоғамдағы  ақпараттандыру  процестері-
нің  қарқынды  дамуымен  ерекшеленеді. 
Бұл  ӛзгеріс  ақпараттық-коммуникация-
лық  технологияларды  ескере  отырып 
ақпаратты  таратудың  жаңа  құралдары 
мен жүйелерін пайдалануды мақсат етіп 
қояды.  Осы  орайда,  білім  саласына 
ғаламтор желісі, интерактивті құралдар-
ды  қолдану,  электронды  оқулықтар 
қолданысқа  келді.  XXI  ғасыр  – 
ақпараттандыру  ғасыры.  Оқушылардың 
осы  ақпарат  жетістіктерін  жан-жақты 
пайдалануды  игеріп  кетуі  қоғамдағы 
ӛзгерістер  мен  процестерді  меңгеруді 
жеделдетеді  және  жеңілдетеді.  Ал, 
бүгінгі жас буын қоғамда жүріп жатқан 
ақпаратты  техникалық  құралдардың 
кӛмегімен тез қабылдайды. Ендеше, бұл 
ӛзгеріс  біздің  оқыту  жүйемізге  тың 
серпін мен жаңа екпін береді. 
Дарынды 
балалармен 
жұмыс 
істеудің  қазіргі  заманғы  технология-
лары. Талантты және дарынды балалар-
ды  оқыту  барысында  олардың  қабілеті 
мен  талантын  ашу  ӛте  маңызды.  Бұл 
орайда  олардың  қажеттіліктерін  түсіну-
ге  қатысты  ой-пікірлерін  және  оқыту 
мен  оқудың  сараланған  стратегияларын 
таңдау  жӛніндегі  идеялар  қамтылады. 
Оқушылар жүргізілген сабақтар арқылы 
сенімділікпен  жұмыс  атқарады,  бір-
бірлерінің  пікірлерін  бағалайды,  мұға-
лімді  құрметтеуге,  ӛз  мүмкіндіктерімен 
тұжырым  жасауға,  ойларын  еркін 
айтуға,  бір  сӛзбен  айтқанда,  бар 
ынтасымен оқуға беріледі. Нәтижесінде 
сабақ  барысында  бір-бірінің  жақсы 
қасиеттерін  үйренеді.  Дарынды  және 
талантты  оқушы  сабақты  ӛзі  талдайды, 
мұғалім  тек  бағыттаушы  қызметінде 
кӛрінеді. 
Оқушылардың  жас  ерекшеліктері-
не  сәйкес  оқыту  және  оқу.  Аталған 
модульді  оқытуда  түрлі  жастағы  бала-
лардың  жас  шамасына  қарай  бейімдел-
ген  сындарлы  диалог  жүргізу  қарасты-
рылған.  Оқыту  мен  оқу  олардың 
мүмкіндігіне сай ӛткізілетін болады. Әр 
оқушының  сабаққа  қызығушылығы, 
дүниетанымы,  ойлау  қабілеті,  отбасын-
дағы  даму  ерекшеліктері  әр  түрлі. 
Сондықтан,  оқушыларға  әр  түрлі  талап 
қоюға  тура  келеді.  Олардың  ӛлеңдерін, 
эсселерін,  шығармаларын  оқу  кезінде, 
оқырманға 
ой-пікірін 
ашық, 
ішкі 
дүниесін  анық,  еркін  жеткізетінін 
байқайсын.  Бұл  ерекшелік  оқытудағы 
қазіргі  заманғы  әдіс-тәсілдерді  қолдану 
негізінде қол жеткізген мүмкіндік. 
Оқытуды  басқару  және  кӛшбас-
шылық.  Бұл  модульде  мұғалімдердің 
тәжірибесі  мен  түсініктері,  олардың  ӛз 
тәжірибелері  туралы  ой-тұжырымдары-
на  сүйене  отырып,  зерттеу,  бағалау, 
дамыту  тұрғысынан  ӛзгерістердің  іске 
асырылатындығына  негізделген.  Кӛш-
басшылық  мұғалім  енгізетін  ӛзгерістер 
тарапынан 
қарастырылады. 
Қоғам 
жедел  даму  үстінде.  Оқыту  жүйесі 
ӛзгеруде.  Қазіргі  заманғы  білім  беруге 
қойылатын басты талап – сапалық. Сон-
дықтан,  мұғалім  кӛшбасшылығы  оның 
сыни тұрғыдан ойлана білу қабілетін әр 
қырынан кӛрсетіп, деңгейін танытады. 
Біз  алдағы  уақытта  оқу  мен 
оқытудағы  жаңа  тәсілдер  стратегиясын 
сабақтарға  кіріктіретін  боламыз.  «Сын 
түзелмей,  мін  түзелмейді»,  -  деп 
түсіндірген  ата-бабаларымыз.  Ал,  сыни 
ойлаудың  соңғы  кезде  жиі  келтірілетін 
маңызды  тәсілдерінің  бірі  –  азаматтар-
дың  ӛз  бойындағы  қабілеттерін  ӛзіндік 
ізденіс  арқылы  дамыту.  Бұл  қағидағаға 
ӛткен  бабаларымыз:  «Ӛмірдің  мәні  – 
араласу,  дидарласу,  жүздесу,  түсінісу, 
ӛзіңді  тану»,  -  деп  жауап  беріп  кеткен. 
Бұл  терең  мағыналы  идеяның  астары 
«Әр  ісіңе  сыни  тұрғыдан  ойланып  яғни 
сын  кӛзбен  қарап  мініңді  түзеп, 
түбегейлі  ӛзгеріс  жаса»,  -  дегенді 
меңзейді.  Бүгінгі  күнгі  мұғалімнің 
мақсаты  жас  ұрпақтың  бойындағы 
шығармашылық  қиял,  дарын,  қабілетін 
одан  әрі  диалогтік  әңгімені  ӛрбіте 
отырып рухани құндылығымызды қатар 
сіңіру  арқылы  дамыту.  Ойшылдардың 
зерттеулеріне  қарағанда  сыни  ойлау  ӛз 
табиғатыңды  сүю,  ӛз  ата-анаңды  сүю, 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
102 


жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау