30
лік оқыту бағдарламаларына негізделе-
ді. Ақпараттық әдістемелік материалдар
коммуникациялық байланыс құралда-
рын пайдалану арқылы білім беруді
жетілдіруді кӛздейді.
Адамдардың мәлімет алмасуына,
қарым-қатынас жасауына ақпараттық-
коммуникациялық
технологиялардың
қолданысқа енуі мен қалыптасуы жақсы
әсерлерін береді. Ақпараттық техноло-
гияның негізгі талабының бірі –
оқушыларға ақпараттық білім беру,
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
және ақпараттық технологияны пайда-
лану дағдыларын заман ағымына сай
бейімдеп тәрбиелеу, қалыптастыру.
Ақпараттық-коммуникативтік техноло-
гияда оқыту үрдісінің функциялары
оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық
болжамдау және шығармашылық қабі-
леттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың
ақпараттық-комму-
никативтік және интерактивтік техноло-
гияларының негізгі бағыттары:
- электронды
оқулықтар;
- телекоммуникациялық техноло-
гиялар;
- мультимедиалық
және гипер-
мәтіндік технологиялар;
- қашықтықтан
оқыту
және
басқару.
Ақпараттық технологияларды пай-
далану белгілі тақырып мазмұнын ашу-
да және білімін жетілдіруде мәліметтер
кӛлемін ұлғайтады:
1 Оқушының танымдық іс-әрекет-
тері күшейіп, ӛзіндік жұмыстарды тез
орындау мүмкіндіктері артады.
2. Әр түрлі оқу орнында отырып
бір-бірімен байланыса отырып, білім
ала алады. ҰБТ тапсырмалары мен
емтихандар
сұрақтарын пайдаланады
3. Оқушы ӛз бетінше немесе ӛзге
оқушылармен топтасып бірге жұмыс
жасауға мүмкіндік алады.
Ақпараттық технологияларды пай-
далану дидактикалық пән бойынша
базалық білімді меңгеруді, алған білімді
жүйелеуді, ӛзін-ӛзі бақылау дағдыларын
қалыптастыруды, жалпы оқуға деген
ынтасын арттыруды, оқушыларға оқу
материалдарымен ӛздігінен жұмыс істе-
генде әдістемелік кӛмек беру мәселеле-
рін шеше алады. Ақпараттық техноло-
гиялар мен инновациялық педагогика-
лық әдістерді біріктіру білім берудің
сапасы мен тиімділігін арттырады, білім
беру жүйесінің білім алушылардың
деңгейі мен даму ерекшеліктеріне
сәйкестігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияның барлық мүмкіндіктерін
пайдалана
отырып,
оқушылардың
шығармашылығын қалыптастыру үшін
сабақ барысында мынадай үдерістерді
қолдану тиімді:
- оқушының дайындық деңгейін,
ынтасын және қабылдау жылдамдығын
ескеру арқылы жаңа материалдарды
меңгеруге байланысты оқытуды ұйым-
дастыру
және
оқыту
процесіне
интерактивті құрылғылардың мүмкін-
діктерін пайдалану;
- оқытудың жаңа әдістері мен
формаларын (проблемалық, ұйымдасты-
рушылық іс-әрекетін компьютерлік
ойындар және т.б.)
сабақта жиі қолдану;
- проблемалық
зерттеу,
аналитикалық және модельдеу әдістерін
қолдану арқылы классикалық әдістерді
жетілдіру;
- жаңа
ақпараттық технология
құралдарын (жаңа типті компьютерлер,
телекоммуникация, виртуальды орта
және мультимедия-технология, интерак-
тивті құрылғылар) пайдалану арқылы
оқу процесінің материалдық-техника-
лық базасын жетілдіру.
«XXI ғасыр – ақпарат ғасыры»
болғандықтан адамзатқа компьютерлік
сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп
пәндерін
компьютер,
интерактивті
құралдардың кӛмегімен оқыту нәтиже-
лерін зерттеудегі ғылыми проблемалар-
ды шешу ең басты орын алады. Бұның
себебі, оқыту процесінде туындайтын
компьютерлік сауаттылықтың педагоги-
калық-психологиялық жаңа проблема-
лары әлі толық шешілмегендігінде.
Ақпараттық-коммуникациялық техно-
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
87
31
логияларды игеру қазіргі заманда әрбір
жеке тұлға үшін және әрбір адам үшін
қажетті шартқа айналды.
Компьютер және интерактивті құ-
ралдар арқылы ӛткізіліп жатқан оқыту
процесі оқушының жаңаша ойлау қабі-
летін қалыптастырып, оларды жүйелік
байланыстармен заңдылықтарды табуға
үйретіп, нәтижесінде – ӛздерінің кәсіби
ӛсуіне, қалыптасуына жол ашады. Бү-
гінгі ақпараттық қоғамдағы, оқушылар-
дың ойлау қабілетін қалыптастыратын
және компьютерлік оқыту ісін дамыта-
тын жалпы заңдылықтардан тарайтын
педагогикалық технологияларды ғана
тиімді деп санауға болады.
Қазіргі заманда ақпараттық ортада
жұмыс жасау үшін кез келген мұғалім
ӛз ойын жүйелі түрде жеткізе алатын-
дай, коммуникативті және ақпараттық
мәдениеті дамыған, интерактивтік тақ-
таны пайдалана алатын, Он-лайн режи-
мінде жұмыс жасай алатын болуы тиіс.
Жалпы
ақпараттық-коммуника-
циялық технологияны оқыта отырып,
оқушыны кәсіби дағдылардың негізінде
еркін бағдарлай білуге, ӛзін-ӛзі дамыту-
ға, адамгершілік тұрғысынан жауапты
шешімдерді қабылдауға қабілеттілігін
қалыптастыруға, яғни жеке тұлғаны
қалыптастыруға негізделген, ақпаратты
технологияны терең меңгерген, бүгінгі
заманға лайықты болуға қалыптастыру.
Ал, оны қалыптастыру мұғалімдерге,
яғни біздерге байланысты.
Оқушының
бәсекеге
қабілетті
болуы тікелей білімге де байланысты.
Интерактивті құралдар оқыту формасын
ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі
оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгі-
зуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқу-
шылардың пәнге деген қызығушылы-
ғын арттырады. Біз жаңа технологияға
ӛркенді елдердің кӛптен бері пайдала-
нып келе жатқан интерактивті құралдар-
ды қолданып отырмыз. Бұл – Қазақстан-
ның алға қарай дамуының белгісі.
Мұғалімнің оқу процесінде, яғни
практикалық сабақтарда интерактивті
құралдарды қолдану оның жеке тәжіри-
бесіне, шығармашылық ізденісіне бай-
ланысты. Қорытындылай келе, ақпа-
раттық-коммуникациялық технология-
ны орынды пайдалану оқыту сапасын
дамытып жетілдіруге кӛмектеседі.
Мұғалімнің белгілі бір нәтижеге
жетуі шәкіртінің білімімен анықталады,
яғни оқушы алған білімін әрі қарай
жетілдіріп, қажетіне қолдана алуы бо-
лып табылады. Заман талабына сай жа-
ңа инновациялық технология әдістерін
үйретіп, бағыт-бағдар беруші – ол әрине
мұғалім. Оқушылар жаңа үрдістерге,
жаңа оқуға бейімделуі тиіс. Осы үрдіс-
пен бәсекеге сай дамыған елдердің қата-
рына ену ұстаздар
қауымына зор міндет-
тер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Мұғалімге жүктелер міндет ӛте
ауыр, тек ӛз ісіне берілген, жаңалықты
жатсынбай
қабылдайтын,
ұлттық
қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата
отырып, шәкірттерінің жанына нұр
құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің
лайықты тұлғасы деуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (Ел Президентінің халыққа
Жолдауы), Астана, 2007 ж.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
3. С.Т.Мұхамбетжанова,
М.Т.Мелдебекова.
Педагогтардың
ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларды
қолдану
бойынша
құзырлықтарын
қалыптастыру әдістемесі. Алматы, ЖШС Дайыр «баспасы», 2010 ж.
4. Б.Б.Жолдасова. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. «Білім»
баспасы, №5.
5. Ж.Садыбекова. «Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технология-
ны қолдану қажеттілігі», «Информатика негіздері» журналы. 4-5 бб, №4, 2008 ж.
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
88