1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет29/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   89

         
31           
тапшылығы  орын  алуда.  Қалыптасқан 
жағдайдың  негізгі  себепшісі  білім  беру 
үрдісін  ұйымдастыру,  яғни,  жас  маман-
ның  бойынан  табылуға  тиісті  тәжіри-
белік дағды, білім мен тәжірибені талап 
ететін  нақты  ӛндірістік  жағдайлардан 
теориялық білім берудің алшақтап кетуі 
болып  табылады.  Қалыптасқан  жағдай-
да  теория  мен  практиканың  арасында 
алшақтықты  жою  мәселесімен  жұмыс 
берушіге  күресуге  тура  келеді,  себебі 
білікті  мамандармен  қамтамасыз  ету 
бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. 
Қазақстанның  әлеуметті-экономи-
калық  даму  мақсатын  жүзеге  асыруда 
кәсіптік білім беретін оқу орындарында 
бәсекелестікке  қабілеті  бар  болашақ 
мамандарға әртүрлі ӛндірістік салаларға 
даярлау деңгейі білім беру жағдайлары-
мен  анықталады.  Қазіргі  таңда  жан-
жақты маман даярлау олардың әлеумет-
тік,  кәсіптік,  ӛздік  жұмыс  жасай  алу 
қабілеттерін  дамытумен  белгіленеді. 
Себебі,  әлеуметтік  сала  экономикасын 
дамыту  осы  болашақ  мамандардан 
тӛмендегідей  шарттардың  орындалуын 
талап етеді. 
- жүйелі ойлауды; 
- құқықтық ақпараттық мәдениетті; 
- кәсіпкерлік мәдениетті; 
- ӛзін-ӛзі тануды; 
- басқаларға ұсынуды; 
- ӛз қызметін білімді талдауды; 
- жаңа білімді; 
- жаңа технологияларды меңгеруді; 
-  кейбір  ӛндірістік  жағдайларда  ӛз 
бетімен дұрыс шешім қабылдауды; 
-  бәсекелестікті  және  ӛмір  талап-
тарына сай қызмет етуді; 
- әр іске жауапкершілікпен қарауды; 
-  нәтижеге  бағытталған  істерді 
жасауды. 
Білім  ордасында  білім  алушылар 
арнайы  пәннің  ӛздеріне  керек  және 
маңызды  екенін  сезінуі  керек.  Маман-
дықтар бойынша арнайы пәндер арқылы 
білім  беру  мемлекеттік  білім  стандарт-
тары  негізінде  құрылған  типтік  жұмыс-
тар  бағдарламалары,  оның  негізінде 
дайындалған  оқу,  жұмыс  бағдарламала 
ры, тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар, 
оқу-әдістемелік  кешендер,  электрондық 
оқулықтар,  жаңа  ақпараттық-техноло-
гиялар,  тірек-сызба,  сын  тұрғысынан 
ойлау,  рефлексия  әдістері  қолданылып 
келеді.  Мұның  барлығы  маман  моделі-
нің  нарықтық  экономикада  қажеттілігін 
тұрғызуға 
бағытталуы 
негізделеді. 
Себебі,  соңғы  кезде  білім  саласында 
біліктілік 
моделінің 
құзыреттілік 
моделіне  ауытқуы  кӛп  қарастырылып 
келеді,  яғни  жұмыс  берушіні  кӛбіне 
біліктілік емес, құқық, ақпарат, әлеумет-
тік  сала  жағынан  құзыретті  мамандар 
қызықтырады. 
Бірақ, 
біліктілікке 
қосымша  құзыреттілік  бірге  жүрген 
жағдайда  маман  моделі  жүйелі  әрі 
сапалы болады. 
Қорыта  айтқанда,  кәсіби  даярлық-
та  әрбір  кәсіптік  оқу  пәнінің  білім 
мазмұны  мен  әдістемелік  жүйесі  негі-
зінде  жеке  тұлғаға  қойылатын  кәсіби 
деңгейін,  нәтижеге  бағытталған  сауат-
тылық  шешімін  табу  керек.  Ӛйткені, 
кәсіби  даярлықта  педагогке  қажетті 
кәсіби  құзыреттіліктерді  толыққанды 
меңгерген  оқытушы,  жас  маманды 
оқытуда,  білім  алу  нәтижесіндегі 
құзыреттіліктерді 
сапалы 
меңгерте 
алатыны сӛзсіз. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.  А.С.Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение», 1993 г. 
2.  Қ.Шағыр. Әрбір ұстазға берері мол //Тәрбие құралы. 2005 ж. -№5 55-56 бб. 
3.  Б.А.Тұрғынбаева.  Мұғалімнің  шығармашылық  әлеуметін  біліктілікті  арттыру 
жағдайында дамыту: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005 ж. 
4.  Қ.Ж.Бұзаубақова. «Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру». Алматы. 
«Жазушы» баспасы, 2006 ж. 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
57 


         
30           
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУДЕ АБАЙДЫҢ ҚАРА 
СӚЗДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ 
 
 
Ж.Ахметова 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ, «Инновациялық технологиялар және ғылыми-
жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы 
 
 
Абай  Құнанбаевтың  гуманистік 
кӛзқарастары  терең  білінген  еңбегі  – 
қара  сӛздері.  Ол  –  ұлы  ақынның 
философиядағы даналық дүниетанымын 
даралап  кӛрсететін  шығармасы.  Жалпы 
саны  қырық  бес  бӛлек  шығармадан 
тұратын  Абайдың  қара  сӛздері  тақы-
рыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, 
олар – әр алуан. 
Шығармадағы  гуманистік,  ағарту-
шылық,  әлеуметтік  ойлары  дін  туралы 
пікірлерімен  бірігіп,  тұтас  бір  қазақ 
халқының  философиялық  концепция-
сын құрайды. 
Абайдың  қара  сӛздері  жалпы 
адамзат  баласына  ортақ  асыл  сӛзге 
айналды.  Ол  орыс,  қытай,  француз,  т.б. 
кӛптеген әлем тілдеріне аударылды. 
Жүрегі халыққа деген сүйіспенші-
лікке  толы  ақын  ӛмір  бойы  оның 
жүрегіне  жол  іздеді.  Ру-ру  болып 
қырқысудан  бас  тартуды,  басқа  халық-
тарды  бауырындай  кӛруге,  олардан 
пайдалыны  және  жақсыны  үйренуге 
шақырды. 
Қазіргі кезде тӛніп тұрған қауіптің 
бәрі  –  бұл  салдар  ғана,  ал  оның 
себептерін  Абай  ӛз  еңбегінде  жазған 
болатын.  Ол  адамдардың  қорқақтығы 
мен  жігерсіздігін,  жалқаулығы  мен 
ысырапшылдығын,  ӛтірікке  бой  алды-
руы  мен  әдепсіздігін  ашына,  жаны 
ышқынып  зерттейді.  Осындай  жаман 
қылықтардың  бекіп,  ӛсіп-ӛнуі  қайғы-
қасірет  пен  бүліншілік  әкелетінін 
ескертеді. 
Ӛзінің  «Тӛртінші  сӛзінде»  уайым-
қайғының  ішіне  кіріп  алып,  қамалып 
қалмау  керектігін  айтады.  «Адамның 
жаман қылығына рахаттанып күлме, ыза 
болғаныңнан күл, әрбір жақсы адамның 
жақсылық  тапқанына  рахаттанып  күл-
сең,  оның  жақсылықты  жақсылығынан 
тапқандығын  ғибрат  кӛріп,  күл»,  -  деп 
жақсылардың  жақсылығын  үйренуге, 
жаманнан жиренуге шақырады. 
Абай  адамның  биік  мұратына, 
оның  әлемнің  заңдылықтарын  танып-
білу мүмкіндігіне сенеді. 
Ұлы  тұлғаның  «Жетінші  сӛзінде» 
ұшырасатын  «жанның  тамағы»  деген 
күрделі  философиялық  ұғым  бар.  Оны 
Абай  біздің  санамыздан  тыс  ӛмір 
сүретін  объективті  дүниенің  санада 
сәулеленуі  нәтижесіңде  пайда  болатын 
ғылым,  білімнің  жинақталған  қоры 
ретінде  қарайды.  Осы  себептен  де, 
Абай:  «...  құмарланып,  жиған  қазына-
мызды  кӛбейтсек  керек,  бұл  жанның 
тамағы еді», - деп түсінік беріп отыр. 
Ұстаз  ақынның  бұл  «Жетінші 
сӛзінде»  кӛздеген  мақсаты  адамның 
бойыңда туа пайда болатын жан құмары 
арқылы  ӛз  ұрпағының  санасына  тек 
қана  жанның  пайдалы  «тамағын» 
сіңдіру еді. 
Абайдың  пікірінше,  ішкі  рухани 
казынамыздың  молығуы  тікелей  ӛзіміз-
дің  қолымыздағы  іс.  Осы  пікір  оның 
«Он  тоғызыншы  сӛзінде»  де  қайтала-
нады.  Абайдың  дүниетанымы  бойынша 
сананың,  ақылдың  пайда  болуы  күнде-
лікті  ӛмір  тәжірибесінің  нәтижесінен 
ғана  туындайтын  табиғи  құбылыс. 
Сондықтан  да  «Он  тоғызыншы  сӛзін-
де»:  «Адам  ата-анадан  туғанда  есті 
болмайды:  естіп,  кӛріп,  ұстап,  татып 
ескерсе,  дүниедегі  жақсы,  жаманды 
таниды-дағы, сондайдан білгені, кӛргені 
кӛп  болған  адам  білімді  болады. 
Естілердің  айтқан  сӛздерін  ескеріп 
жүрген  кісі  ӛзі  де  есті  болады...  Сол 
естілерден  есітіп  білген  жақсы  нәрсе-
лерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
58 


жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау