В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет43/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65

99 

жауапкершілік; 

кәсіпқойлық; 

инновациялық және креативті сана; 

бизнес сана; 

Тұтастық. 
Зерттеу университеті қызметінің негізгі принциптері: 
1) басқарудың автономдық жүйесі; 
2) АӨК  субъектілерімен,  мемлекеттік  мекемелермен  және  ғылыми 
қауымдастықпен тұрақты және өнімді байланыс;  
3) дүние  жүзілік  аграрлық  ғылым  жүйесіне  жетекші  ғылыми  орталықтар 
және  аграрлық  саладағы  зерттеу  университеттерімен  серіктестік  шеңберінде 
белсенді интеграциялану;  
4) ұжымдық 
пайдалануға  арналған 
технологиялық  платформалар, 
инфрақұрылымды жетік техника және құралдармен қамтамасыз ету;  
5) шетелдік 
және  Отандық  ғылыми  жетістіктер  негізінде  оқу 
бағдарламаларын тұрақты өзектендіру; 
6) Қазақстандық  АӨК-дегі  өзекті  мәселелерге  байланысты  кең  көлемдегі 
ғылыми зерттеулер.  
Агротехникалық саладағы университетке сала аралық ғылыми зерттеулер, 
инженерлік-техникалық, 
әлеуметтік-экономикалық 
және 
гуманитарлық 
бағыттылық, фундаменталдық зерттеулерді дамыту тән болып келеді.  
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  жоғары  кәсіптік  мамандарды 
даярлап  және  зерттеу  қызметін  жүзеге  асыра  алатын  мамандар  тәрбиелеп, 
университет  алдына  қойылған  міндеттерді  шеше  келе,  кәсіптік,  мәдени  және 
зерттеу орталығы қызметін атқарады. Бұл міндеттер тұтастығы  университеттік 
білім берудің интеллектуалдық атмосферасын қамтамасыз етеді.  
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  белсенді  инновациялық 
жаңалықтар  жасауға  басым  назар  аударып  және  инновацияларды  өзінің 
қызметінде  кеңінен  қолданады.  Ол  пәнаралық,  жүйелік,  озық  білім  беру, 
проблемалық  оқыту  технологиялары  негізінде  инновациялық  білім  беруді 
дамытуға,  академиялық  білім  берумен  қатар,  өзекті  аймақтарда  ғылыми 
зерттеулер  жүргізу,  фундаменталдық  зерттеулер  мен  инновациялық  қызметті 
дамытуды  стимулдау,  инновациялық  корпоративтік  мәдениет  және  бәсекеге 
қабілетті  ішкі  ортаны  қалыптастыру,  элиталық  мамандар  даярлауға 
бағдарланған. 
Аграрлық саладағы зерттеу университеті қалыптастыру, сатылы жаңа және 
жинақталған  осы  уақытқа  дейінгі  бар  білімдерді  алу,  инновациялық  үдеріс 
болып  табылады.  Сонымен  бірге  тұтынушы  мен  ғылыми  білім  беретін 
инновациялық ортаның арасындағы кері байланыс қажеттілігі туындайды.  
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  трансфармациялану  қарсаңында 
негізгі ұстанымдар және ерекшеліктерді қарастыратын болсақ, олар: 
-  пәнаралық,  проблемалық,  жобалы-бағдарлы,  жүйелік  технологиялары 
негізіндегі инновациялық білім беру үдерісін дамыту; 


100 
-  ғылыми  мектептер  негізінде  элиталық  мамандар  даярлау  жүйесін  жасау, 
оның  ішінде  талантты  студенттерді  конкурстық  іріктеу,  фундаменталды  білім 
беру  мазмұнын  кеңейту,  оқу  үдерісінде  университетпен  өндіріс  орындары 
арасындағы  интеграцияны  максималды  кеңейту,  студенттер,  педагогтар, 
ғылыми ұйымдар және жұмыс берушілер арасында мотивацияны ұлғайту; 
- университет пен ғылым академиялары, ғылыми-техникалық базалар және 
қаржы  ресурстарын  ортақ  жобаларды  орындау  мақсатында  ғылым  мен 
техниканың  өзекті  аймақтарына  бағытталған  ғылыми-оқу  орталықтарын  құру, 
университеттегі  ғылым,  білім  және  инновациялық  қызмет  арасындағы 
интеграция; 
-  университеттің  қоршаған  ортамен  өзара  әрекеттестігін  дамыту,  оның 
ішінде  университет  түлектері,  өзгеде  университеттер,  институттар,  кіші  және 
орта бизнес өкілдері, ірі өндіріс орындары, қоғамдық ұйымдар және т.б.; 
-  ұжымдық  түсініктерді,  бәсекеге  қабілетті  ішкі  ортаны  қалыптастыру, 
университеттің корпоративтік мәдениетін қалыптастыру; 
-  университет  ұжымы  және  басшылығымен  бірлесе  отырып,  университет 
миссиясын  анықтау  және  басқару  жүйесін  жетілдіру,  ол  бойынша  жұмыс 
жасауға даяр мамандарды қалыптастыру.  
Аграрлық саладағы зерттеу университеті – фундаменталды білім беру және 
зерттеу үдерісімен бірлесе кәсіпкерлік құрылымға бағытталған, еңбек нарығына 
қажетті  жоғары  кәсіптік  мамандар  даярлайтын  өзіндік  ұйымдастырылған 
күрделі жүйе.  
Университеттердің  құрылу  және  даму  кезеңдерінің  жаңа  жағдайларында 
университеттерді  білім  алу  шарт  болып  табылатын  корпорациялар  есебінде 
талдау жасауымызға болады. 
Заманауи  аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  моделі  ғылыми-оқу 
өндірістік  кешендерін  білім  беру  мен  өндіріс  орындарының  моделі  ретінде 
құруды  көздейді.  Бұл  модельді  жүзеге  асыру  ЖОО-да  жобалау,  құзыреттілік 
тәсіл  негізінде  жүзеге  асырылады.  Жобалау  білім  алушының  алдын  алынған 
білімдерімен  жаңа  ақпаратты  біріктіріп,  жалпылау  нәтижесінде  жаңа 
жобалардың туындауына әкеледі. Жобалық-бағдарлы білім беру моделінің даму 
бағыттарын  және  жолдарын  іздеу  ХІХ  ғасырдың  соңында  Чикаго 
университетінде,  Д.  Дьюи  басшылығымен  «Жобалау»  пәні  енгізілген  болатын. 
Ч. Дарвинның теориясының негізінде Дьюи таным үдерісін адамның қоршаған 
ортағаоны  өзінің  қажеттілігіне  қарай  өзгерте  алу  шартымен  бейімделу  үдерісі 
деп  сипаттады.  Бұл  негізде  білім  практикалық  қолданылатын,  бірақ  жаңа 
идеялардың  туындауы  шығармашылық  үдеріс  нәтижесі  болып  табылатын 
ақпарат.  
Жоғарыда аталған моделі негізінде білім бұл мақсаттың өзі емес, ол білім 
алушыны  дамыту  құралы  ретінде,  үнемі  жаңа  қайталанып,  танымдық 
қызметтен тыс қызмет етпейді. 
Бұл теңеудің негізділігін төмендегі факторлар көрсетеді: 


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау