68
- екінші кезеңде алдағы әрекеттің бағдарлық негізін озық деңгейде
қалыптастыру жүзеге асырылады, бұл әрекеттерді меңгеру осы қызметті
тікелей орындауды тұспалдайды;
- үшінші кезеңде материалдық (материалданған) қызметті қалыптастыру -
іс-әрекет мазмұнын меңгеру жүзеге асырылады;
- төртінші кезеңде үйренуші қызметтің барлық элементтерін өзінің
сыртқы (ауызша немесе жазбаша) сөйлеу мәнерімен сипаттайды, бұл осы
қызмет түрін қорытындылауға себеп болады;
- бесінші кезеңде іс-әрекет алдыңғы кезеңдегідей, тек мұнда ішкі сөйлеу
мәнерінің қатысуымен жүзеге асырылады;
- алтыншы кезеңде іс-әрекет түгелдей автоматты және кіріктірілген түрде
жүргізіледі, дербес және толығымен меңгерілген күйде болады. Белгілі бір
жағдайларда кейбір кезеңдер орындалмауы мүмкін. Қоршаған орта
қызметтерінің үдерістері мен құбылыстарының, нысанды талдау тәсілдерін
меңгеру мен ақыл-ой әрекеттерінің қалыптасу деңгейіне қарай, субъектіде,
сәйкесінше, білім беру мазмұнын меңгеру мен зерделеу үшін қажетті, өзінің
бағдарлық негізін тәуелсіз түрде қалыптастыру қабілеті дамиды.
Д.В. Чернилевскийдің тұжырымдамасына негізделе отырып, аграрлық
саладағы зерттеу университетінде озықбілім беру технологиясы – бұл
оқытушылардың эмпирикалық инновациясы мен кәсіптік қызмет бабында
жоғары нәтижелерге жетуге және студенттің жеке тұлғалық қасиетін дамытуға
бағытталғандығын ескере отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру мен талдаудағы
ғылыми тұғырларға, ғылыми білімді дидактикалық тұрғыдан қолдануға
бағдарланған жүйелік санат. Білім берудегі заманауи технологиялар білім
беруүдерісініңкезекті
ұдайы
өндірісі
мен
түзетілімдерін,заманауи
технологиялар білім беру үдерісінің кезекті ұдайы өндірісі мен түзетілімдерін,
бағасын, жүзеге асырылуын, жобалануының жүйелік тұғырын қамтиды [130].
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде білім беру үдерісінде
қолданылатын оқыту технологиясы, кез-келген өзге де технологиялар секілді,
жобаланады және жоспарланған нәтижеге қол жеткізу үшін жүзеге асырылады.
Кез-келген технология белгілі бір сападағы нәтижелерге қол жеткізу үдерісіне
қатысушы адамдарда қажетті біліктіліктің болуын, барлық көрсеткіштердің,
сипаттамалардың, талаптардың, сонымен қатар үдерістердің сақталуын
қарастырады.
Технологияларды жүзеге асыру басқарылатын және қатаң бақыланатындай
болуы керек. Сондай-ақ, орын алған кез-келген ақау жедел түрде реттелуі
керек. Осыған байланысты алынатын аралық және соңғы нәтижелерді, оқу
субъектілерінің жағдайын, оқу үдерісі мен оның тиімділігін және т.б. тексеру
және бақылау жүйесі енгізіледі.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде білім беру үдерісін бақылау
түсінігі ретінде білім берудің тиімділігі мен сапасын арттыру, болжау, бақылау,
бағалау, талдау мақсатында білім беру жүйесінің өзге де нысандарын және
оқыту үдерісінің нәтижелері мен жағдайын қадағалау бойынша жүйелі және
мақсатты түрде бағытталған қызмет түсіндіріледі.
69
Аграрлық саладағы зерттеу университеті оқытушының диагностикалық
қызметінің мақсаты - педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру мен
сапасын басқару (бақылау және түзету) үшін шынайы ақпаратқа қол жеткізу
болып табылады.
Білім берудің заманауи технологиясы біз үшін тәжірибелік, теориялық,
танымдық және өзге де қызметтердің, сәйкесінше ойлау тәсілдерінің тиімді
түрлерін меңгеруде, сонымен қатар, білім берудің жоспарланған нәтижелері
мен мақсаттарына қол жеткізуде қолданылатын, басқарылатын және
бақыланатын қызметті, қажетті ақпараттық, кадрлық, материалды-техникалық
және өзге де қамсыздандыруларды, білім беру құралдары мен формаларын,
тәсілдерін, мазмұнын, принциптерін қоса алғандағы, оның кешендерінің
жиынтығы ретінде қарастырылады.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде озық білім берудегі
мақсаттарға жетуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті кейбір
технологияларды қарастырамыз:
1. Жүйелік тәсілдеме негізіндегі озық білім беру технологиясы – білім
берудегі өзара байланысты компоненттер (негізгі принциптер, мазмұны, жүйелі
әдістер мен технологиялар, формалар мен құралдар), сонымен қатар, озық білім
берудің жоспарланған нәтижесі мен мақсаттарына қол жеткізу үшін арнайы
жобаланған және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін (ақпараттық, кадрлық,
материалды-техникалық, психологиялық және өзге де) қосалқы жүйелер
жиынтығы.
Жүйелік тәсілдеме негізіндегі озық білім беру технологиясының
құрылымын, ең алдымен, терең және жүйелі білімді меңгеруге; осы үшін
қажетті икемділік , дағды, қабілеттілік пен ойлау тәсілдерін қалыптастыруға;
зерделенетін нысандарды толығымен тануға мүмкіндік беретін, жүйелі тәсілдер
мен әдістер құрайды.
Жоғарыда аталған технологияның ерекшеліктеріне келесілерді жатқызуға
болады:
1) жүйелі ойлау мен жүйелі тәсілдеменің дағдылары мен шеберлігін жедел
(озық мағынада) қалыптастыру;
2) әрбір студенттің, оның білімінің, шеберлігінің, қабілеті мен
құзыреттілігінің озық сипаттамасы ретінде мақсатқа жетуге бағдарлануы;
3) өзге де жүзеге асырылатын және алдағы қызметтің, тәжірибелік,
теориялық, танымдық қызметтердің бағдарлық негізін озық қалыптастыру;
4) білім берудің нәтижелі мақсатына қол жеткізуге және қоршаған ортаның
шынайылығын тұтас тануға бағытталған, қызмет түрлерін және олармен
шартталған ойлау тәсілдерін озық меңгеру. Жүйелі ойлауды қоса алғанда, осы
қызмет түрлері мен ойлау тәсілдері неғұрлым тез меңгерілсе, соғұрлым олар
мамандарды даярлау мен оқытудағы мақсатқа қол жеткізуге тез септігін
тигізеді, субъекті үшін де жылдам әрі біршама қарқынды «жұмыс» істейді;
5) экономиканың, ғылымның, қоғамның және оның нақты салаларының,
сонымен қатар, субъектінің болашақтағы кәсіптік қызметінің стратегиялық
даму контекстіндегі құзыреттілікті озық қалыптастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |