70
6) жаңалықтарға әзірліктің және сезімталдықтың дамуы, алға
жылжудыңжеңісті кепілі үдеріс пен құбылыстардың, нысанның қол жеткізілген
жай-күйінің озық дамуы болып табылатындығын түсіну;
7) озық ақпараттармен жұмыс істеу дағдысы мен шеберлігін дамыту және
басқарушылық шешімдерді қабылдау мен әзірлеу үшін оның тиімділігін
арттыру;
8) студенттердің өзіндік жұмысын жүзеге асыру және ұйымдастырудағы
технологиялық әдісті белсенді пайдалану;
9) зерттеу деңгейінде және шығармашылық деңгейінде, «білім беру
стандарты» деңгейінде алынған білімді қолдануды ескере отырып, «түрлі
деңгейлі» білім беруді қарастыру.
2. Мәселе негізіндегі білім беру технологиясы, мақсаты субъектілердің
шығармашылық дербестігі мен танымдық белсенділігін дамыту. Берілген
технологияның маңыздылығы студенттерге мақсатты және жүйелі түрде
танымдық міндеттерді жүктеп, соның негізінде, студенттің мәселенің шешімін
таба отырып, білімді белсенді меңгеруімен түсіндіріледі.
Мәселеге негізделген білім беру оқытушының үнемі жүйелі түрде күрделі
жағдайларды құра отырып және студенттердің оқу мәселесін шешу бойынша
әрекеттерін ұйымдастыра отырып, олардың өз бетінше іздену қабілеттерін
дайын ғылыми тұжырымдармен бірге меңгеруінің тиімді қосылысын
қамтамасыз ететін оқыту үдерісі ретінде анықталады.
Т.Т. Галиев өз еңбектерінде мәселеге негізделген білім беру үдерісін
ұйымдастырудың келесідей кезеңдерін бөліп қарастырады [131]:
1) оқу материалын зерделеу барысындағы беймәлім сәттердегі пікірлердің
қарама-қайшылығының орын алуы, оларды қиындық ретінде танып, оларды
ескеруге тырысудың туындауы (күрделі жағдайды сезіну және мәселелік
міндетті қалыптастыру);
2) күрделі міндет шарттарын талдау, белгілі және беймәлім мәліметтер
арасындағы тәуелділіктерді орнату;
3) негізгі мәселені бірнеше шағын бөліктерге бөлу және жоспар құру,
олардың шешімін табу бағдарламасы;
4) қызмет тәсілдері мен білімді өзектендіру немесе жеткіліксіз білімді
меңгеру және оларды шешілуші мәселенің шарттарымен байланыстыру;
5) гипотеза ұсыну (немесе гипотезаларды), шешімін табу жолдарын іздеу;
6) белгісізді(жеке шешім) табу бойынша операциялар мен іс-әрекеттер
жүйесін таңдау және жүзеге асыру;
7) шешімді тексеру;
8) алынған нәтижелерді нақтылау, сонымен қатар алынған қорытындылар
мен бұрыннан мәлім теориялық түсініктер, заңдар, тәуелділіктер арасында
байланыс орнату және алынған нәтиже салдарынан туындайтын, шешімін
табуды талап ететін жаңа мәселелерді қалыптастыру.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде озық білім беру үдерісіне
тікелей қатысы бар мәселелерге келесілер жатқызылуы мүмкін:
- зерделенетін нысандардың болашақ жағдайын сенімді жорамалдау;
71
- дамудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асырудың сапасы мен
тиімділігі, мысалы, білім берудің;
- экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
- маман мен студентің жеке тұлғалық қасиеттерін озық дамытудағы
механизмдер мен жүйелердің болуы;
- өскелең ұрпақ пен мамандарды озық даярлау;
- алдағы танымдық, теориялық, тәжірибелік және өзге де салаларда жүзеге
асырылатын жүйелік тәсілдемемен,жүйелік ойлау дағдыларын және шеберлігін,
жүйелі түсініктерді, жүйелі білімді дамыту және қалыптастыру.
Мәселеге негізделген білім беру озық ақпараттармен жұмыс істеу
тәжірибесін, тәжірибелік шеберлік пен дағдыны, қабілеттілікті ,білім беру
мазмұнын сапалы және тиімді меңгеру үшін аса өзекті танымдық,
шығармашылық және ойлау қабілеттерін озық деңгейде қалыптастыру мен
дамытуға мүмкіндік береді.
3. Модульді білім беру технологиясы, Д.В. Чернилевскийдің пікірі
бойынша, мұның мақсаты жеке оқу бағдарламасы бойынша оқу-танымдық
қызметті ұйымдастыру арқылы дидактикалық жүйені тұлғаның жеке
қажеттіліктері мен оның бастапқы дайындық деңгейіне бейімдеу, білім беру
мазмұнының икемділігін қамтамасыз ету арқылы тұлғаның дамуы үшін
біршама оңтайлы жағдайларды жасау.
Д.В. Чернилевский модульді оқытуды модульдер мен модульдік
бағдарламаның нәтижесінде тұйық басқару түрімен сипатталатын, зерделілік
(білім беру бағдарламасы мен өзіндік үйрену бағдарламасы жете түсіндіріледі)
принципі мен қызметтік тұғырға негізделген білім берудің жаңашыл түріне
жатқызады [130, б. 325].
Модуль айқын құзыреттілікті немесе құзырет тобын қалыптастыруға
бағытталған білім беру бағдарламасының біркелкі дербес бірлігін қамтиды.
Модульдік білім беру технологиясы келесілерді қарастырады:
1) модульді оқу бағдарламасын әзірлеу;
2) білім беру мазмұнын айқын модульге түрлендіру;
3) студенттердің өз білім алу шеңберін таңдау құқымен, сәйкесінше оқыту
қызметін ұйымдастыру;
4) оқытушылардың реттеушілік және кеңес берушілік, үйлестірушілік
қызметі;
5) студенттердің қызметі мен іс-әрекеттерінің, сонымен қатар олардың
үйрену нәтижесінің рейтингтік бағасы;
Озық білім берудің оқу бағдарламасын құрудағы модульді принцип жеке
тәсілдеменің қажетті тиімділігін және қойылған мақсаттар мен міндеттерге
біршама тиімді қол жеткізуді қамтамасыз етуге (түрлі модульдерді икемді
үйлестіру негізінде) мүмкіндік береді.
4. Білім берудің кредиттік технологиясына, оқытушы мен студенттердің
кредитті оқу жұмыстары көлемінің бірыңғай өлшем бірлігі ретінде қолдануы
арқылы студенттің пәндерді оқу жүйесін өз бетінше жоспарлауы және таңдауы
негізіндегі оқыту үдерісі сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |