64
қатысушыларда сапалы жаңа ойлаудың оқыту үдерісін орнықты ұдайы
өндірілуі көрсетіледі. Танымдық, теориялық және тәжірибелік қызметте
жүйелік ойлау мен жүйелік тәсілдеменің дағдысы мен танымын қалыптастыру
сабақтас болуы тиіс. Бұл білім беруде жүйелік тәсілдемені жүзеге асыру
үдерістерінжасауға мүмкіндік береді және мұнда алынған нәтижелер
анағұрлым орнықты болады.
Нарықтық экономика мен қоғамның заманауи дамуы тәжірибенің
инновациялық және технологиялық жаңаруының жеделдетілуі, ғылымның,
білім беру мен практикалық қызмет саласының біріктіруінің анағұрлым тиімді
формасына ауысуын талап етеді. Бұл жағдайда зерттеу университетінде озық
білім беру теория мен тәжірибесі арасындағы байланыс принципін тиімді
жүзеге асырудың негізі мен маңызды шарты ретінде қарастырылады.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде білім берудің қолжетімділігі
барлық дерлік білім алушылардың білім алудың мазмұнын, қажетті
формаларды, оқытудың әдістері мен құралдарын оқып білу мен меңгеру,
құрылымдау, түсінудің қолжетімді, өздігінен қолдану және жеделдетіп меңгеру
есебінен іске асырылады.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде жүйелік тәсілдеме негізінде
орындалатын білім берудің белсенділік, зерделілік және дербестік принципін
жүзеге асыру, әрбір субъектіге оның еркін қалыптасуына және сәйкес оқылатын
білімге, өзінің білім жүйесін дамытуға тиімді әсерін тигізеді.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде жүйелік тәсілдеме негізінде
орындалатын озық білім беру - білімнің, таным мен дағдының жоғары
беріктігін қамтамасыз етеді. Осы сұрақта процес кезінде жүйелік
құралымдардың, ұсыныстар мен оқытудың мазмұнын зерттеудің дағдысы мен
танымының жүйелік тәсілдемесінде маңызды орын алады, осының арқасында
субъект зерттелетін ғылымға тән өзінің білім, таным мен дағдысының жүйесін
тиімді де берік қалыптастырады.
2.2 Зерттеу университетінде озық білім беру технологиялары
Білімді жедел дамытудың өзекті мәселесіне негізделе отырып бүгін ғылым
мен тәжірибенің соңғы жетістіктеріне сүйеніп, қарқынды оқытуды жүзеге
асыру керек. Қазіргі заманғы білім беру теориясы, атап айтқанда, білім беру
процесінің қарқындату тұжырымдамасы теориялық аспектілері және қазіргі
жағдайда жеделдетіп оқытуды жүзеге асыру практикасын талдау;
эксперименттік мәліметтерді жинақтау; қазіргі заманғы мамандардың
біліктілігін арттыру мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін тиімді
жолдарын анықтау; өз кезегінде, әрине, жеке адам дамуының әлемнің білімін
жеделдету міндетіне байланысты, оқу процесін қарқындатуды талап етеді.
Жасанды ұйымдастырылған танымдық іс жағдайында білімді жеделдету адам
дамуына қажетті болып табылады.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдауымыз көрсеткендей,
қазіргі педагогикалық теорияда «педагогикалық технология» ұғымына бірдей
көзқарас жоқ, оны біреулер мектепті техникаландыру десе, енді біреулер
65
оқытуды аудиовизуалды құралдармен қамтамасыз етіп, компьютерлендіру, ал
келесі бір көзқарас бойынша дидактикалық жобалар мен педагогикалық жүйені,
оны практикада қолданудың дәрежесін көтеру болып табылады. Осының бәрі
бұл ұғым, құбылыстың көп қырлылығын сипаттайды, яғни, оны зерттеудің
әдіснамалық бағыт-бағдарын негіздеуді қажет етеді. Мұндай бағыт-бағдарға
жүйелік, іс-әрекеттік және жеке көзқарас тән. Түсіндірме сөздікте «технология
– бұл қандайда болсын істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын амалдардың
жиынтығы» делінсе, Б.Т. Лихачев [124] педагогикалық технологияны оқу
үрдісіне белгілі бір мақсат көздеп әсер ететін педагогикалық ықпал деп
түсіндірді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге
жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша «педагогикалық технология – бүкіл
оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурстарын олардың бір-
біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере
отырып, меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі».
Г.К. Селевконың пікірінше [125], педагогикалық технология үш түрлі
өрісте көрінуі мүмкін: ғылыми, бейнелік және нақты. Бірінші жағдайда, ол
педагогика ғылымының оқытудың мақсатын, мазмұнын және оқыту әдістерін
зерттеп, педагогикалық үрдісті жобалаушы бөлігі, аймағы болып табылады.
Екінші жағдайда, ол үрдістің түрі алгоритмі, жоспарланған нәтижеге
жетудің мақсат, мазмұны, әдістер мен құралдарының бірлігі, ал үшіншіден,
барлық жеке, заттық және әдіснамалық құралдардың жұмысын істеп, жүзеге
асуы ретінде. Сөйтіп, педагогикалық технологияны оқытудың барынша ұтымды
жолдарын іздейтін ғылым ретінде де, оқытуда қолданылатын тәсілдер мен
принциптердің түсіндірме жүйесі ретінде де және нақты жүзеге асатын оқыту
үрдісі ретінде де түсінуге болады. М.В. Кларин [126]: «педагогикалық
технология – бұл педагогиканың мақсатқа қол жеткізу жолындағы
қолданылатын барлық қисынды ілім-амалдары мен әдіснамалық құралдарының
жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деп жазды. Біздің пікірімізше,
педагогикалық үрдіс дегеніміз – мақсат пен мүддені анықтаудың жалпы
әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып
отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн,
түр,
әдіс-амалдарының,
дидактикалық
талаптарының
педагогикалық-
психологиялық нұсқауларының жиынтығы.
Ұсынылған анықтамалардан байқауымызша, технология оқытушы мен
студенттің іс-әрекетімен, оның құрылымымен, құралдары, әдістері және
түрлерімен тығыз байланысты. Сол себептен, аграрлық саладағы зерттеу
университеті озық білім берудің педагогикалық технологиялары құрылымына
төмендегідей бөліктер кіреді:
1) тұжырымдық негіз;
2) мазмұндық бөлім: оқудың жалпы және нақты мақсаттары, оқу
материалдарының мазмұны;
Достарыңызбен бөлісу: |