85
ұғынуға алып келеді, яғни аграрлық саладағы зерттеу университетінде
мамандарды кәсіптік даярлау үдерісінде жетекші мотивтер оқу-танымдық
мотивтер болып табылады.
Біртұтас алғанда, жүзеге асырылатын кәсіптік іс-әрекетті ынталандыру
студенттерді ішкі белсенділіктің көрінуі мен олардың алдына қойылған
мақсатты тұлғалық-маңызды қылып қабылдауға ынталандыру болады. Мұнда
мақсаттардың студенттердің қажеттіліктерімен, қызығушылықтарымен және
мүмкіндіктерімен қалай сәйкестенетіні маңызды. Студенттердің орындалатын
кәсіптік іс-әрекеттегі мақсаттары ішкі (бастамашылдық), студенттердің өз
бетінше қалыптастыратын немесе сыртқы (оқытушымен құрастырылатын)
болуы мүмкін. Ерекше мағынаны студенттердің қабылдауы немесе
қабылдамауы мүмкін мақсаттарға қатынасы алады.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудың
ғылыми-әдіснамалық
негіздерінің
мотивациялық-дербестік
компоненті оның мотивациялық-оятушылық қызметін көрсетеді және тұлғаның
келесі сапаларында іске асырылады: бастамашылдық, танымға ұмтылыс,
орындалатын кәсіптік іс-әрекетке эмоционалды қатынас.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудыңкогнитивті-интеллектуалды компоненті әдіснамалық білімдер
жүйесін қамтиды. Олардың негізінде шығармашылық кәсіптік іс-әрекеттің жеке
дара тәжірибесінің нәтижелерін жүйелейтін және жалпылайтын педагогикалық
іс-әрекеттің біртұтас суреті құрылады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, зерттеуші ретінде зерттеу университеті
студенті педагогика әдіснамасының мықты білімін игеру керек деген ой құнды
болып табылады, өйткені әдіснамалық білімсіз жеке педагогикалық іс- әрекетті
дұрыс құру және ұйымдастыру, оның нәтижелерін бағалау мүмкін емес.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудың когнитивті-интеллектуалды компоненті өзінде әдіснамалық
білімдер жүйесімен қатар, орындалатын кәсіптік іс-әрекетте өзін тиімді және
сапалы
жүзеге
асыруға
көмектесетін
әдеттегі
ақпаратты
(пәндік,
дамытушылық) қамтиды.
Әдіснамалық бекітулер әдіснамалық білімдер негізінде қалыптасады. Олар
аграрлық саладағы зерттеу университеті студенттерінде өмірлік дағдылардың
қалыптасуына, практикалық тапсырмаларды шешудің әдістерін іздеуге ықпал
етеді және олардың кәсіптік іс-әрекетін белсендіреді. Сондықтан әдіснамалық
бекітулерді рационалды-эмоционалдық білімдер деп санауға болады.
Әдіснамалық бекітулер ғылыми зерттеу әдіснамасын тану үдерісінде және
практикалық іс-әрекетті жүзеге асырғанда қалыптасады. Аграрлық саладағы
зерттеу университеті студенті ғылыми танымның әдіснамасын игеріп, өзінің
білімін ары қарай толықтыру мен оларды практикада іске асыру қажеттілігін
үнемі сезеді. Осылайша, әдіснамалық бекітулер аграрлық саладағы зерттеу
университеті студентінің шынайы әдіснамалық есеюінің көрсеткіші болады.
Білім мен бекітулер негізінде (әдіснамалық, ақпараттық) аграрлық
саладағы зерттеу университеті студентінің кәсіптік құзыреттілігінің когнитивті-
86
интеллектуалды компонентінің өзегі – ғылыми ойлау стилі қалыптасады. Ол
зерттеу университеті студентінің жаңа білімдерді алуға, іздеуге және қайта
өңдеуге ұмтылысы мен дайындығын, кәсіптік іс- әрекетінің ғылыми-ізденістік
сипатын қалыптастырады.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудың когнитивті-интеллектуалды компонентіндегі ерекше орын біздің
көзқарасамыз бойынша, таным әдістеріне тиісті: жалпы ғылыми, таным
үдерісін ұйымдастырушы және реттеуші, қайсыбір нысанның теориялық және
практикалық қайта өзгеруі (ұқсастыру, талдау және жинау, индукция, дедукция,
болжау, салыстыру, идеализация, модельдеу, эксперимент); іс-әрекетке өнімді
шығармашылық сипат беретін эвристикалық («миға шабуыл», инверсия әдісі,
тұлғалық ұқсастыру әдісі, стратегияларды ұйымдастыру әдісі).
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудың когнитивті-интеллектуалды компоненті гностикалық және
дамытушылық қызметтерді кескіндейді және тұлғаның келесі сапаларында іске
асады: зейінділік, байқағыштық, ақылдылық, талқылаулардағы тәуелсіздік,
жеке ақиқатты білдіруге ұмтылу және т.б.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудың креативті-рефлексивтік студенттің кәсіптік-зерттеушілік іс-әрекетті
сәтті жүзеге асыру үшін ақпаратпен жұмыс істей алу дағдысы және
академиялық жазу арқылы білім беруге дайындығын анықтайды. Біз тек қана
білу жеткіліксіз деп санаймыз, студент алынған білімдерді талқылай және
басқаларға жеткізе ала білуі керек (баяндама, эссе, ғылыми мақала ретінде).
Сонымен қатар, креативті-рефлексивтік компонентті біз зерттеушілік іс-
әрекетке дайындық зерттеушілік іс-әрекетті өз бетінше жүзеге асыруға
қабілетті зерттеу университеті студенті ретінде қарастырамыз (В.С. Лазарев,
Н.Н. Ставринова [157]).
Өзін-өзі талдау және өзін-өзі ұғыну процедураларын тиімді игеруді
қамтамасыз ету үшін креативті-рефлексивтік компонентті қосу ерекше мән
алады.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудың
креативті-рефлексивтік
компонентті
біз
Б.З.
Вульфов,
В.Н. Харькин, [158] еңбектерінің негізінде міндетті ретінде көрсетеміз, онда
рефлексия былай қарастыралады: ойлау, өзін-өзі байқау, өзін-өзі тану;
студенттің жеке әрекеттерді қайта ойлауға бағытталған теориялық іс-әрекеттің
формасы ретінде.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудың креативті-рефлексивтік компоненті тұлғаның өзін-өзі талдау, өзін-
өзі дамыту, бастамашылдық, стереотиптерді жеңуге қабілеттілік, зерттеушілік
белсенділік, ақиқатқа ұмтылыс, шынайылық, субъектілік, креативтілік сияқты
сапаларында іске асырылады. Оған практикалық- операциялық қызмет сәйкес
келеді. Ол алынған білімдерді әлдеқандай жаңа, креативті, инновациялық өнім
жасау түрінде кәсіптік іс-әрекетке айналдырады.
Аграрлық саладағы зерттеу университеті студентінің белсенділігінің
Достарыңызбен бөлісу: |