В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет31/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65

72 
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде озық білім беру шарттарында 
кредиттік  технологияны  жүзеге  асыру  -  әрбір  субъектінің  өз  білім  шеңберін 
жүзеге  асыруына,  жүйелі  және  терең  білімді,  жүйелі  ұсыныстарды,  жүйелі 
ойлау дағдылары мен шеберлігін қалыптастыру үдерісін оңтайландыруға,талап 
етілетін құзыреттілікті және т.б дамытуға, тәуелсіз және саналы түрде таңдауға 
ықпал етеді.   
Жүйелік тәсілдеме негізіндегі озық білім беруді енгізу оқытудың кредиттік 
технологиясының  қажеттілігін  ғана  емес,  сонымен  қатар  оның  шыңдалу 
мүмкіндігін анықтауға да мүмкіндік берді.  
5.  Қашықтықтан  білім  беру  технологиясы,  оқытушы  (оқытушы)  мен 
студентінің  жанама  (қашықтықтан)  немесе  жартылай  жанама  байланыстары 
кезінде,  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  құралдарды  қолдану  арқылы 
жүзеге асырылатын білім беруді қарастырады.  
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  қашықтықтан  оқытудың 
көмегімен  озық  білім  беру  және  мамандарды  даярлау  тәжірибесі  мен 
технологиясының,  идеяларының  кеңінен  таралуы  мен  өзектілігіне  мүмкіндік 
туындайды.  
6.  Жаңашаландырылған  (инновациялық)  білім  беру  технологиясы.  Бұл 
жағдайда  инновациялық  білім  беру  болашақ  (мақсатты  және  мағынаны 
тұжырымдау)  жобаланатын,  оны  жүзеге  асыруға  дайындық  үдерісі 
жобаланатын,  болашақтың  сын-тегеурінін  қабылдауға  қабілетті,  тұлғаны 
дамытудың  мақсатты  түрде  бағытталған,  ұйымдасқан  әлеуметтік  жағдайы 
ретінде анықталады.  
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  озық  білім  беру 
технологиясы, инновациялық бола отырып, студенттердің жаңашылдыққа деген 
сезімталдықтарын  арттыруға,  олардың  бойында  жаңаша  ойлау  дағдылары  мен 
шеберлікті қалыптастыруға оң әсерін тигізеді. 
7.  Белсенді  білім  беру  технологиясы  зерттелетін  құбылыстың  (мәселелі 
дәріс,  курстық  жұмыс,  семинар-пікірталас  және  т.б.)  модельдерін  құрумен 
байланысы  жоқ,  еліктемейтін  және  еліктегіштік  немесе  еліктегіш-ойындық 
модельдеуді  қарастыратын,  яғни  шынайы  жүйеде  болып  жатқан,  үдерістердің 
түрлі  сәйкестік  өлшемдері  арқылы  оқыту  шарттарында  жаңғыртылатын, 
еліктегіш деп бөлінеді.  
Сонымен  қатар,  еліктегіш  технологиялардың  өзі  ойындық  (рөлге  бөлу, 
еліктеу  машықтары,  ойын  жобалары  және  т.б.)  және  ойындық  емес  (нақты 
жағдайлардың әртүрлілігі) деп бөлінеді.   
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  белсенді  білім  беру 
технологиясы оқу үдерісі барысында қойылған мақсаттардың озық жетістігінің 
ядросын  құрайды.  Озық  білім  берудің  өзі  белсенді  білім  беру  технологиясын 
дамыту мен жүзеге асырудың қайнар көзі ретінде қарастырылуы мүмкін. 
8.  Контекстік  білім  беру  технологиясы.  А.А.  Вербицкийдің  анықтамасы 
бойынша, контекстік білім беру  – бұл дидактикалық формалардың,әдістер мен 
құралдардың  барлық  жүйелерінің  көмегімен,  маманның  болашақ  қызметінің 


73 
әлеуметтік және пәндік мазмұнының модельденуі, ал олардың таңбалы жүйелер 
секілді дерексіз білімді меңгеруі осы қызметтің арқауы болған [132].  
Контекстік  білім  беруді  жүзеге  асырушы  дәрістердің  келесідей  түрлері 
көрсетілген:  контекстік-ақпараттық;  контекстік-ғылыми;  контекстік-кәсіптік; 
кәсіптік  қателіктердің  контексті  алдын-ала  жоспарланған  дәрістер.  Контекстік 
білім 
беру 
технологиясы 
оның 
болашақтағы 
кәсіптік 
қызметке 
бағдарланғандығы тұрғысынан озық білім беру механизмдерінің бірін құрайды. 
5.  Оқу  үдерісінің  қарқын  алу  нәтижесі  көбіне  студентінің  өзіндік 
әрекетіндегі  жүйелік  тұғырының  жүзеге  асуына  және  оларда  жүйелі  ойлау 
дағдылары мен шеберліктің болуына тәуелді.   
 
2.3  Зерттеу  университетінде  мамандарды  даярлау  үдерісінде  жүйелік 
тәсілдеме негізінде озық білім беру әдістемесі 
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде білім беру үдерісінде жүйелік 
тәсілдеме  негізінде  озық  білім  берудің  теориясын  және  технологияларын 
жоғарыдағы  бөлімдерде  қарастырып  өттік.  Зерттеу  университетінде  мамандар 
даярлау  үдерісінде  жүйелік  тәсілдеме  негізінде  озық  білім  беру  әдістемесіне 
тоқталып өтуді жөн көрдік. Жалпы жүйелік тәсілдеме, жүйелік таным, жүйелік 
ойлау 
мәселелерін 
бірнеше 
ғалымдар 
зерттеген. 
Оның 
ішінде                                     
А.Н.  Аверьяновтың  пікірінше,  жүйелік  таным  және  әлемнің  өзгеруі  келесі 
мәселелерді қарастырады [108, с. 81]: 
1.  Іс-әрекет 
жүйе 
ретінде 
нысандарын 
қарастыру 
(теориялық, 
тәжірибелік), сонымен бірге өзара байланысқан көптеген шектеулі элементтер. 
2.  Жүйе  бөліктерін  және  элементтерінің  құрылымы  және  ұйымдастыру, 
құрамы жетекші өзара байланыстарын анықтау. 
3.  Жүйенің сыртқы байланыстарын анықтау, олардың ішінде бастыларын 
ерекшелеу.  
4.  Жүйе функцияларын және басқа жүйелер арасындағы рөлін анықтау. 
5.  Жүйе функцияларының және құрылымының диалектикасына анализ. 
6.  Осы заңдылықтар және жүйе дамуының алғышарттарын анықтау. 
Алдыға  қойылған  мақсатқа  сәйкес,  жүйе  құрылымы  қалыптасады,  оның 
құрылымдық  бөліктері  ретінде  көп  жағдайда  субъектілер,  оқыту  мазмұны, 
әдістер, құралдар болып табылады.  
Ф.И.  Перегудов  және  Ф.П.  Тарасенко  жүйені:  1)  проблеманы  шешу 
құралы,  мақсатқа  жету  құралы;  2)  қоршаған  ортамен  байланысқан,  өзара 
әрекеттесетін тұтас элементтер жүйесі ретінде қарастырады [133]. 
Аграрлық саладағы зерттеу  университеті білім беру  жүйесіндегі мақсатты 
жүйе, мысалы ретінде педагогикалық үдерісті қарастыруға болады. Бұл жүйеде 
мақсаттық,  мазмұндық,  іс-әрекеттік  және  нәтижелік  компоненттерін  бөліп 
көрсетеді.  Бұл  жүйенің  басым  функциялары  болып  оқыту,  тәрбиелеу,  білім 
алушыларды дамыту жатады.  
Біз білім алушыларда өзіндік оқу іс-әрекетін басқаруда күтілетін біліктілік 
және  дағдыларды  қалыптастыру  мәселелерін  ескердік.  Өзіндік  басқару 


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау