74
компоненттері ретінде: танымдық қызметті басқару, өзіндік ұйымдастыру,
өзіндік бақылау, өзіндік бағалау, өзіндік білім алу.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде жүйелік тәсілдеме аймағында
құзыреттіліктерді қалыптастыру міндеттері:
- жүйе және жүйелік тәсілдеменің жалпы теориясын және негізгі
қағидаларын меңгеру;
- жүйе теориясы және жүйелеу аймағында белгілі білімдер қалыптастыру;
- танымдық, ғылыми, тәжірибелік және өзге де қызметте жүйелік
тәсілдемені жүзеге асыру құралдарын меңгеру (жүйелі тәсілдер және
технологиялар);
- зерттелінетін
нысандардың
концептуалды
моделін
құрастыру
біліктіліктері мен дағдыларын, білімдерді қалыптастыру, жүйелік құрылымдау,
қоршаған ортадағы қарастырылатын нысан туралы ақпараттарды жинақтай
білу;
- жүзеге асырылынып жатырған және алда орындалатын іс-әрекеттерде
жүйелік тәсілдемені жүзеге асыру;
- танымдық, теориялық, тәжірибелік және өзге де қызметте жүйелік
тәсілдеме және жүйелі ойлау біліктілігімен дағдыларын қалыптастыру.
Аграрлық саладағы зерттеу университеті оқу үдерісінің жоғары деңгейде
ұйымдастырылып, оның тиімділігін жоғарылатуға септігін тигізетін
педагогикалық жүйені анықтай келе, А.П. Ковалев ұсынған келесі
компоненттерден тұратын құрылымды қарастырамыз [134]: оқу пәні - қоғаммен
жинақталған білімді (қоғамдық мәдениет) оқу үдерісіне қатысатын адамдар
жиынтығы, ақпаратты жинақтау және кодтау жүргізілетін көптеген
құрылымдар (тілдер), педагогтар, мақсатқа жетужолдарыы – құрал, форма,
педагогикалық әсер ету құралдары, басқару компоненттері (бағдарламалар,
оқулықтар және т.б.), ғылыми білімді қолжетімді етіп, тарататын адамдар
жиынтығы.
В. Оконь [129, б.92] зерттеулеріне негізделе аграрлық саладағы зерттеу
университетінде мамандарды кәсіптік даярлау үдерісінде жүйелік білім берудің
негізгі құрамы ретінде оқытушылар, олардың құзыреттілігі, жұмыс жасау
әдістерін, қызығушылығын; білім алушылар, олардың қажеттілігі, мотивация
және жұмыс әдістерін; оқыту мазмұны, оның жүйеленуі, алынған нәтижелерді
тексеру жолдары, оқу ортасын қарастыруға болады.
Аграрлық саладағы зерттеу университеті оқыту үдерісіндегі оқыту
технологияларының басты кезеңдерінің бірі болып оқу үдерісін жүйелі
ұйымдастыру қарастырылады. Зерттеу университетіндегі жүйелік тәсілдеме оқу
үдерісіне технологиялылығы арқылы сипатталады. Маңызды мәселелердің бірі,
білім беру үдерісі және жалпы білім беру жүйесінің барлық субъектілерінің іс-
әрекетін жүйелі ұйымдастыру болып табылады. Жүйелі ойлау біліктіліктер мен
дағдыларын қалыптастыру тұрғысынан, біріншіден, оқу үдерісінде жүйелік
тәсілдемені жүзеге асыру, екіншіден, оқу субъектілерінің іс-әрекетін жүйелі
ұйымдастыру. Бұл жағдайда субъектілер жүзеге асырылынатын танымдық,
шығармашылық, тәжірибелік, теориялық, кәсіптік және өзге де қызметтерде
75
жүйелік тәсілдеме және жүйелі ойлау біліктіліктер мен дағдылары болуы
қажет.
Бұл тұрғыдан біз аграрлық саладағы зерттеу университетінде жүйелік
тәсілдемені нысандарды жүйе ретінде және адам іс-әрекеттерін жүйелі
ұйымдастыру негізінде танымның және әлеуметтік тәжірибенің ғылыми
әдіснамасы ретінде анықтаймыз.
Аграрлық саладағы зерттеу университетіндегі педагогикалық үдерістің
негізгі интегралды моделінің негізгі компонеттері:
- құрамына: оқытудың ұстанымдары, мазмұны, әдіс, құралдары, оқыту
қызметі мен білім алу қызметі кіретін жүйе ретіндегі педагогикалық үдеріс;
- педагогикалық үдерісті жүзеге асыру жағдайлары, жүйелі ойлау
жөніндегі білім, білік, дағдыларды қалыптастырудың педагогикалық шарттары;
- педагогикалық үдерісті басқару, оқулықтың басқарушылық қызметі,
оқытудың техникалық құралдары, білім алушының өзін-өзі басқаруы
(танымдық іс-әрекетті өзіндік басқару, өзіндік бақылау, өзіндік бағалау және
т.б.);
- педагогикалық үдерісті, оқыту міндет, мақсаттарын, білім алушыны
тәрбиелеу және дамытуға қажетті өзекті білімдер аймағы;
- педагогикалық үдерісті қамтамасыз ететін бағдарламалар (білім беру
стандарттары, білім беру бағдарламалары, білім алушыларды дамытуға
бағытталған бағдарламалар);
- заңнамалық
және
өзге
де
ұйымдар,
мемлекеттік
стандарт,
бағдарламалар, педагогтармен анықталатын талаптар;
- педагогикалық үдеріс қызметі, оқу үдерісі, басқару субъектілерінің өзара
әрекеттесу механизмдері;
- білім алушыларды дамыту және тәрбиелеу, оқыту мақсат және
міндеттерін жүзеге асыру;
- педагогикалық үдеріс интегративті жүйесінің (педагогтар мен білім
алушылар) субъектілері жағдайларының және компоненттерінің өзгеру үдерісі;
- педагогикалық үдеріске, оқыту нәтижелеріне, білім алушылардың
тәрбие және даму деңгейіне мониторинг;
- оқу үдерісіне қатысушылардың жағдайларына диагностика;
- әсер етуші факторлар (ішкі және сыртқы, объективті және субъективті,
оң және теріс), әсер етуші факторлардың салдары;
- педагогикалық
жүйе
қызмет
ету
шарттары,
оқу
үдерісі
қатысушыларының өзара әрекеті;
- сыртқы ортаның әсер етуі (саяси, экономикалық, әлеуметтік);
- педагогикалық
үдерісті
жүзеге
асыру
нәтижелері,
субъекті
жағдайларының өзгеруі, білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту
мақсаты, міндеттеріне жету;
- алынған
нәтижелермен, оқытудағы, тәрбие және дамытудағы,
педагогикалық интегралданған жүйедегі мақсат, міндеттерге жетудегі, кері
байланыс. Кері байланыс педагогикалық жүйеге тиісінше өзгертулер мен
түзетулер енгізуге алғышарттар туындатады.
Достарыңызбен бөлісу: |