50
қажетті білімдер жүйесі) және әдіснамалық (педагогикалық ақиқатты тану,
қайта өзгерту және бағалалу технологияларын іске асыру тәсілдері).
Зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлау әдіснамасының
гносеологиялық негіздері (мазмұнын анықтайтын педагогикалық құбылыстарды
тану) гносеология (грекше gnosis (gnoseos) – білім, таным, және logos – ғылым,
ілім – таным теориясы, философияның адамның ақиқатты тану қабілеттерін,
шынайылық шарттарын, ғылыми таным формалары мен әдістерін, көздерін
зерттейтін бөлімі) деңгейінде ғылымтану тұрғысынан зерттеу университетінде
мамандарды даярлау үдерісінде өзінің әдіснамалық маңызды компонентін
көрсетеді. Олар зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлау
әдіснамасының
мазмұнын,
оның
бөлімдерін,
факторларын,
қарама-
қайшылықтарын, үрдістері мен заңдылықтарын, кеңістіктік өрістерін ашатын
теориялық білімді қалыптастырады.
Аграрлық сала мамандарын даярлаудың сапасы ЖОО-ң әдіснамалық
стратегиясына, оқытудағы теориялық және практикалық білім жиынтығына
байланысты. Кең көлемде әдіснамалық және педагогикалық педагог
тұлғасының қалыптастыру тәсілдерінің сипаттамасы Т.Т. Галиевтың
зерттеулерінде қарастырылған [59, б.120]. Олар: жүйелік, іс-әрекеттік, кәсіптік-
құзыреттілік, технологиялық, тұлғалық, мақсатты, вариативті, интегративті,
контекстік, модульді, жүйелі-құрылымды, интегративті-модульді.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде озық мамандар даярлау
үрдісінде жүйелік тәсіл негізінде жүзеге асырылу мүмкіндігін қарастырып
өтетін болсақ.
А.Н. Аверьянов [108], П.К. Анюхин [109], В.Г. Беспалько [110],
Н.В. Кузьмина [111], жүйелік тәсілдеме негізінде озық мамандар даярлауды,
маңызды ғылыми танымды қалыптастырады деп есептейді.
Философиялық тұрғыдан жүйелік тәсілдеме әдіснамалық ғылыми
танымның және әлеуметтік тәжірибенің нысандарын жүйе ретінде зерттеу
негізіне бағытталады. В.Н. Садовскийдің пікірі бойынша – жүйелік тәсілдеме
«...тәжірибе көрсеткендей заманауи ғылыми білімнің стратегиялық тиімді даму
алғышарттарын ұсынады» [112].
А.И. Уемов пікірі бойынша, жүйелік тәсілдеме жүйелеу әдісімен
ерекшеленеді, ол жүйелік қағидалар – осы тәсілдемені қолданудың нәтижелері
болып табылады [113].
И.В. Блауберг және Э.Г: Юдин жүйелік тәсілдеменің мәні мен құрылымын
қарастыра отырып, оны жүзеге асырудың «тікелей» амалдарын арнайы
мамандандырылған әдістерді ескермеу жағдайында тиімділік деңгейінің
төмендеуі болуы мүмкін маңызды ескертпелерді атап өтеді [114].
Білім беру саласында жүйелік тәсілдеменің қолдану аймағының
шектеулілігі жоғарыда айтылған пікірлердің дұрыстығын растайды.
Э.Г. Юдиннің пікірі бойынша, жүйелік зерттеулер келесі ерекшеліктер
арқылы анықталады [115]:
- нысан элемент сипаттамаларының жүйесі ретінде зерттеудің өзіндік
ерекшеліктері бар, элемент оның жалпы «орнын» ескерумен сипатталады;
51
- жүйелік зерттеулерде бір материал бір мезгілде әртүрлі ерекшеліктері,
параметрлері, функциялары және құрылымының әртүрлі ұстанымдары болуы
мүмкін. Жүйені нысанның әртүрлі деңгейлердегі жүзеге асырылу
құрылымының бірі – басқару;
- жүйені зерттеу, оның жүзеге асырылу шарттарынзертетуден алшақ
кетпейді;
- жүйелік тәсілдеме ерекшелігінің бірі ретінде, тұтас элементтер
қасиеттерінің пайда болу мәселері және керісінше, элемент қасиеттерінің тұтас
ерекшеліктерінің туындауы;
- негізінен жүйелік зерттеулерде нысанның дамуы және қызмет етуі
себептерін түсіндірудің аздығы, көп жағдайларда жүйе іс-әрекетінің ажырамас
бөлігі, мақсатты іс-әрекетті көп жағдайларда себепті сызбалардың шеңберіне
жатпауы мүмкін;
- жүйе өзгерістерінің немесе оның функцияларының негізі – сол жүйеде,
себебі жүйенің мақсатты іс-әрекетінің ерекшелігі, жүйелік нысандар тек қана
жүйе емес, олар өзіндік құрамалы жүйелер болып табылуымен байланысты.
Сонымен бірге көптеген жүйелерге тиесілі ерекшелік, бұл зерттеулерде
жүйелердің жеке ерекшеліктері және бостандық деңгейлерінің болуы
ескеріледі.
З.А. Решетованың зерттеулері бойынша жүйелік тәсілдеме заманауи
ғылымда өндірістік теорияларының оқыту әдісі, нысанда танымдық сызба,
зерттеу пәнін және оның әдістерін жаңаша ашуда, пән жөніндегі білім
құрылымын өзгертіп, ғылыми ойлау стилі және ғылымның түсініктік
құрылымын өзгертеді. Жүйелік жөніндегі түсініктер фундаменталды ғылыми
теория және барлық түсініктердің маңызды аспектісіне айналады [116].
Аграрлық саладағы зерттеу университеті кәсіптік білім беру үдерісінде
жүйелік
тәсілдеменің
маңызды
міндеттеріне
төмендегі
мәселелерді
қарастырамыз:
1) зерттелетін және құрастырылатын нысандардың құрастыру құралдарын
жүйе ретінде қарастыру;
2) жүйенің біріктірілген модельдерін құрастыру, әртүрлі кластардағы
модельдер және жүйе қасиеттерінің ерекшелігі;
3) жүйенің теориялық құрылымын зерттеу және әртүрлі жүйелік жобалар
және тұжырымдамаларды зерттеу.
Философияда жүйе ретінде, белгілі тұтас болып келетін өзара
байланыстағы элементтер бірлігі қарастырылады [117].
М. Сарыбеков пен М. Сыдықназаровтардың жұмыстарында жүйе [гр.
Sistema бөліктерден құралған, тұтас] төмендегідей сипатталады:
1) тұтас нәрсе ретінде, күрделі бірлік, көптеген бір-бірімен тығыз
байланысты элементтерді біріктіретін, жүйелерге бөлінуі мүмкін бірлік ретінде;
2) өзара байланысқан көптеген элементтердің анықталған негізі ретінде
ерекшеленген, қоршаған ортамен әрекеттесетін тұтас жүйе ретінде және ортақ
мақсатты басқару мен қызмет етумен біріккен [118].
Достарыңызбен бөлісу: |