43
шетелдік ЖОО мен жұмысберушілер талаптары ескеріле отырып, түбегейлі
өзгертулерді қажет етеді. Мысал ретінде, ҚАТУ шетелдік серіктес ЖОО-мен
және жұмыс берушілермен бірлесе отырып магистрлік бағдарламалар
жасалынды, инновациялық жаңа пәндердің қосылуы және тәжірибелік
бағыттылықтың арттырылуы, бағдарлама мазмұнын 70% өзгертті.
Екіншіден, бакалавр, магистранттар және докторанттардың төменгі
деңгейдегі тәжірибелік даярлығы тиісті деңгейдегі құзыреттіліктерді
қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Қазіргі таңда еліміздегі білім беру
стандарттарындағы тәжірибе уақыты 3 айға дейінгі кезеңді қамтиды. Ол уақыт
аралығында студенттер барлық жұмыс кезеңдерін қарастырып, тәжірибе
жинақтауға мүмкіндігі аз болады, мысал ретінде ауылшаруашылық жұмыстары.
Сондықтан тәжірибе уақытын ұзартып, студенттерді жетекші, көсбасшы
мекемелерге, өндіріс орындарына тәжірибе базасы ретінде бекітудің маңызы
зор. Сонымен бірге, барлық ЖОО оқу-тәжірибелік базалары болуы шарт. US
Davis университеті ұсыныстары бойынша ҚАТУ университетінде оқу-
өндірістік базасы, сонымен бірге 9 технологиялық платформа, эксперименттік
зертханалар ұйымдастырылуда. Онда студенттер тәжірибелік біліктіліктер, ал
ғалымдар зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алады [91].
Қазіргі таңдағы ғылыми кадрлар даярлау мәселесін қарастыратын болсақ,
аграрлық саладағы ҒЗИ-на заманауи зерттеу әдістерін меңгерген ғалымдар
қажет. Ескірген зерттеу әдістерін пайдалана отырып жасалынған зерттеулер
мен өндіріс арасындағы алшақтық байқалуда. Бұл аграрлық саладағы ҒЗИ-ң
негізгі миссиясын – агро өнеркәсіп кешендерін ғылыми-инновациялық негізде
дамытуға мүмкіндік бермейді. Бұл мәселелерді шешудің бір жолы – аграрлық
саладағы зерттеу университетін құру. Осы бағытта ғылым, өндіріс және білім
беру интеграциялануының ерекше жағдайлары жасалынып, қазіргі әлемдік
ғылым мен білім беру дамуда [92].
Аграрлық білім беру саласындағы зерттеулер магистранттар мен
докторанттардың заманауи зерттеу әдістері негізінде оқытылынып, жаңа
құзыреттіліктер қалыптастыруға бағытталып, пән аралық бағдарламаларға
шетелдік жетекші ғалымдарды шақыру арқылы жүргізілуі қажет.Қазіргі
инновациялық даму кезінде жоғары оқу орнындағы бәсекеге қабілетті болашақ
маман өзгерістерге бейім, мамандығына сай мәселені шешуге жаңа әдіс-
тәсілдерді табуға машықтанған, шығармашылықпен дербес іздену жұмыстарын
жүргізе алатын болуы қажет [93].
Жоғары
бөлімдердегі
жинақталған
ақпараттарды,
зерттеу
университеттерінің құрылу кезеңдері, даму тарихы, заманауи зерттеу
университеті ерекшеліктерін ескере келе, келесідей қорытынды шығаруға
болады. Аграрлық саладағы зерттеу университеті мамандармен қамтамасыз
етілу жағдайларын жақсарту үшін:
- агро өнеркәсіп кешендері, жоғары оқу орындары және ғылыми зерттеу
институттарына қажетті ғылыми мамандарға жүйелі мониторинг жасау;
- абитуриенттерді қабылдаудың шетелдік тәжірибесін ескеру. Әлемдік
жетекші
университеттер
тәжірибесін
ескере
отырып,
қабылдауда
44
ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша білім алуға және ауылдық
аймақтарда жұмыс жасауға қызығушылығы бар студенттерді анықтау
мақсатында қосымша сұхбат жүргізу (тест+сұхбат);
- жоғары оқу орындарындаауылшаруашылығы өнеркәсіптері, бизнес
құрылымдары,
жергілікті
атқарушы
органдар,
мемлекеттік,
жеке
серіктестермен бірлесе мамандар даярлау үдерісін күшейту;
- АӨК-не қажетті сапалы мамандар даярлау мәселесін қарастыру.
- АӨК кешендеріне қажетті мамандар даярлауда шетелдік жетекші ЖОО
тәжірибесіне сәйкес жаңа кәсіптік стандарттар, жоғары және жоғары білім
беруден кейінгі білім беру бағдарламаларын құрастыру;
- студенттердің тәжірибелік даярлық көлемін ұлғайту, оқу жоспарындағы
оның көлемін 40% ұлғайту және дуалды оқыту элементтерін ендіруге ерекше
назар аудару. Аграрлық саладағы зерттеу университеттерінің тәжірибелік
аймақтарын кеңейту [94].
45
2
АГРАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ
МАМАНДАРДЫ
КӘСІПТІК
ДАЯРЛАУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
2.1 Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлау үдерісінің әдіснамалық тұғырлары
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлау
әдіснамасы (грек тілінде methodos - әдіс, және logos - ғылым) аграрлық
саладағы зерттеу университетінде мамандар даярлау үдерісінің негізі мен
базалық сипаттамаларын анықтайды. Оның негізінде университеттің біртұтас
ғылыми бағыттарының және оның құрылымдық компоненттерінің болмысы
анықталады, теория мен практиканың өзекті мәселелері зерттелінеді [95].
Зерттелетін шындық туралы және оның әрекетін мақсатты түрде өзгертетін
білімдер бірлігін әдіснамалық тұғыр білдіреді. Әдіснамалық тұғырлар болып
жатқан әлеуметтік, саяси және экономикалық жағдаяттар бағыты бойынша
білім мазмұнын қайта құруға ықпал етіп, оны дамытудың сипатын нақтылайды.
Ш. Таубаеваның пікірінше, тұғыр дегеніміз қойылған зерттеу міндеттемелерін
шешудің негізгі жолы, ол осы шешімдердің бағыты мен стратегиясын ашады
[96]. Ғалым педагогикадағы әдіснамалық тұғырларды жіктеп, оларға жеке
сипаттама жасаған.
Мамандарды кәсіптік даярлау мәселесі түрлі әдіснамалық тұғырлар
шеңберінде көптеген ғалымдармен қарастырылған.
Мамандарды кәсіптік даярлау үдерісінде тұлғаға бағдарлы тұғыр білім
алушының жеке тұлға ретіндеқалыптасу үдерісінде, белгілі бір сала субъектісі
ретінде сезінуіне, өзіндік қабілеттерін, дағдыларын қалыптастырып, сапаларын
және қасиеттерін бағыттай білуге және дамытуғаәсер етеді. Тұлғаға бағдарлы
тұғырдың негізі мақсат, субъект, нәтиже, дамудың маңызды көрсеткіші ретінде
білім беру үдерісінің тұлғаға бағдарлануымен ерекшелінеді. Аграрлық саладағы
зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлау үдерісінде студенттердің
зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруды тұлғалы-бағдарлы тұғыр негізінде
іске асыру білім берудің компоненттерін өзгеріске ұшырататын инновациялы
іс-әрекетті талап етеді, ал бұл өз кезегінде қалыптастыру үдерісіне қажетті
модернизацияны пайдалануға оң әсер етеді.
Мамандарды кәсіптік даярлау үдерісіндегі құзыреттілік тұғыр, кәсіптік
құзыреттілік мәселесі, оның теориялық негізі әлемдік, отандық ғалымдар
еңбектерінде жан-жақты зерттелінуде. Атап айтқанда, құзыреттілік мәселесімен
бірқатар ресейлік зерттеушілер И.А. Зимняя [97], А.В. Хуторской [98],
Л.Д. Давыдов [99], Е.Я. Коган [100] және қазақстандық ғалымдар: Ш. Таубаева
[96], В.В. Николаева, И.Н. Козырская, Г.Б. Бейсенбекова [101], Д.П. Мучкин
[102], Ж.Р. Баширова [103], А.К. Мыңбаева [104] айналысуда.
А.В. Хуторской зерттеулері бойынша құзыреттілік тұғыр – бұл зейінді
білім беру нәтижесіне екпіндейтін тұғыр екенін айтады, оның үстіне білім беру
нәтижесі игерілген ақпараттың көлемі емес, адамның әртүрлі мәселелік
Достарыңызбен бөлісу: |