В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет19/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65

46 
жағдаяттарда  әрекет  ете  алу  қабілеті  болады  деп  көрсетеді  [105].  Аграрлық 
саладағы  зерттеу  университетінде  мамандарды  кәсіптік  даярлау  үдерісіндегі 
құзыреттілік тұғыр – бұл зерттеу университеті студенттерінен өзінің біліктілігін 
тез өзгеруші орта мен белгісіздік жағдайларына бейімделуге мүмкіндік беретін, 
мобильділікті, икемділікті,зерттеушілік іс-әрекет дағдыларын, алынған білімдер 
жиынтығының нәтижесіне басым назар қоятын тұғыр болып табылады.  
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлау 
үдерісіндегі  әдіснамалық  тұғырларын  талдай  келе,  келесідей  әдіснамалық 
тұғырлар негізінде қарастыруды жөн көрдік (кесте 6). 
 
Кесте  6  -  Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  мамандарды  кәсіптік 
даярлау үдерісіндегі әдіснамалық тұғырлар 
 
Тұғыр атауы 
Негізгі түсініктер 
Ұстанымдар 
Әдіс-тәсілдер 
Тұлғалық 
бағдарлы 
Толеранттылық 
Индивидуалдылық 
Тұлғалық 
Субъектілік 
Сенім және қолдау Өзін-өзі 
өзектендіру Тұлғалық 
Субъектілік 
Педагогикалық қолдау 
Таңдауға жағдай жасау 
Құзыреттікті 
«Мен-концепция» 
Таңдау 
Іс-әрекет  
Қызмет 
 Операция Нәтиже 
Таңдау  
Шығармашылық және 
сәттілік 
Белсенділік 
 Өзін-өзі дамыту 
Өзін-өзі кемелдендіру  
Іс-әрекеттің практикаға 
бағытталуы 
Рефлексивті Диалогты 
Талқылау Пікір айту 
Қызметтік Моделдеу 
Рефлексивті 
Жүйелік 
Жүйе  
Жүйелік Құрылым 
Үдеріс  
Әрекет 
 Мақсат  
Мотив Операция 
Қызмет 
Іс-әрекет жағдайы 
Бірлік  
Жүйелік 
Динамикалылық 
Иерархиялық 
Құрылымдылық Белсенділік 
Интериоризация және 
экстериоризация 
Іс-әрекет пен сана бірлігі 
Қызметтік Моделдеу 
Жүйелі- 
Құрылымдықталдау  
Талдау және сараптау 
Критикалы ойлау 
Зерттеушілік және 
жобалық іс-әрекет  
Кейс-әдіc 
 
Аграрлық саладағы зерттеу  университетінде мамандарды кәсіптік даярлау 
үдерісіндегі  құзыреттілік  тұғыр  білім  беру  үдерісіне  тұлғалық  мағына  енгізу 
мәселесін қарастырады. Зерттеу университетіндегі білімнің тұлғалық мағынасы 
адамға  құзыретті  шешімдер  қабылдап,  сол  арқылы  қоршаған  орта  шарттарына 
сәйкес  болуға  икемді,  бейім  болуды  көздейді.  Зерттеу  университеті  білім  беру 
үдерісінің  өзекті  мәселесі,  студенттерді  құзыреттілік  тұғыр  аясында  өзіндік 
дербес  ізденушілік,  өзіндік  білім  алу,  зерттеушілік  тәжірибе  арқылы  ғылыми 
ақпаратты алу мен өңдеу тәсілдерін, оны пайдала білу, қолдану біліктіліктеріне 
оқыту болып табылады.  
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлау 
үдерісіндегі  жүйелік  тұғыр  негізінде  қарастырсақ,  онда  ол  «жалпы  және 
кәсіптік сауаттылықтың ажырамас компоненті ретінде «кәсіптік құзыреттіліктің 


47 
құрауышы» болып табылатынын айтуға болады. 
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлау 
үдерісіндегі  жүйелік  тұғыры–  аграрлық  саладағы  зерттеу  университетіндегі 
педагогикалық  құбылысты,  педагог  пен  студенттер  арасындағы  байланыстың 
элементтерінталдап,  анықтай  білу.  Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті 
студенттерінде  білім  алу  үдерісінде  барлық  элементтерді  жүйе  ретінде  талдай 
алу,  оның  элементтерін,  олардың  арасындағы  байланысты  анықтау,  жіктеу, 
талдау  жасау,  құрылымын  және  ұйымдастыруды,  тұтастай  білім  беру  ретінде 
басқару  жолдарын  анықтауға  негізделеді.  Аграрлық  саладағы  зерттеу 
университетіндегі  педагогикалық  жүйенің  ерекшелігі,  бұл  білім  беру  үдерісі 
барысында және зерттеушілік іс-әрекет барысында қалыптасатын жүйелер. 
Зерттеу  университетінде  мамандардарды  кәсіптік  даярлау  үдерісінде 
студенттерде  жүйелік  тұғыр  негізінде  кез-келген  берілген  жаңа  ақпаратты 
ғылыми  анализ  және  синтез  жасау,  біріктіріп,  топтау,  жүйелеу,  құраушы 
элементтерін  және  даму  траекториясын  анықтау  жүйелік  ойлауды 
қалыптастырады.  Бұл  өз  кезегінде  жаңа  ақпаратты  меңгеруге  кететін  уақыт 
шығынын  азайтып,  есте  сақтау  деңгейін  жоғарылатып,  болашақта  болуы 
мүмкін қауіп-қатерлердің алдын-алуға мүмкіндік береді.  
Зертеуімізде біз зерттеу мәселесінің әдіснамалық негізін нақтылап шешуде 
тұлғаға бағдарлы, құзыреттілік,жүйелік тұғырлар тұрғысынан қарастырдық. 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  мамандарды  даярлау 
үдерісіндегі 
тұлғаға 
бағдарлы 
тұғыр 
зерттеу 
университетікәсіптік-
дидактикалық  құзыреттілігі  қалыптасу  барысында  оларды  өз  ісінің  субъектісі 
ретінде сезінуіне, өзіндік әлеуетін, сапаларын аша білуге және дамытуға ықпал 
етеді.  Тұлғалық-  бағдарлы  тұғырдың  негізі  мақсат,  субъект,  нәтиже,  дамудың 
негізгі  көрсеткіші  ретінде  білім  беру  үдерісінің  тұлғаға  бағдарлануы  болып 
табылады.  Агаралық  саладағы  зерттеу  университеті  студенттерін  жеке  тұлға, 
ғалым  зерттеуші  ретінде  қалыптастыру  және  дамыту.  Зерттеу  университеті 
студенттерінде  бәсекеге  қабілетті  маман  ретінде  қалыптастыру  қарсаңында 
жеке тұлғалық қабілеттіліктердің маңыздылығын қалыптастыру. 
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде білім беру үдерісін тұлғалық-
бағдарлы  тұғыр  аясында  жүзеге  асыру  білім  берудің компоненттерін өзгеріске 
ұшырататын инновациялық іс-әрекетке деген қажеттілікті қалыптастырады: 
- педагог позициясының өзгеруі, педагог-зерттеуші, педагог-новатор; 
-  білім  беруді  ұйымдастырудың  құрылымы,  қызметі  және  әдістерінің 
өзгеруі; 
- білім беруді ортақ іс-әрекет негізінде ұйымдастыру; 
-  оқыту  және  тәрбиелеу  үдерісі,  зерттеушілік  қызмет  нәтижелерін 
бағалаудың өлшемдерінің өзгеруі. 
Осылайша,  аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  мамандарды 
кәсіптік  даярлау  үдерісіндегі  басты  назарды  тұлғаны  дамытуға  бағытталуы 
қажет. 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  мамандарды  даярлау 
үдерісіндегі  құзыреттілік  тұғыр  студенттерден  өздеріне  қажетті  дайындықтың 


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау