58
- көбінесе өзара әрекеттесетін және оқыту үдерісі элементтерінің
тәжірибесінде қолданады және олардың қарқынды даму мен жетілдіру
процестері болады;
- тәжірибеде озық білім берудің жобалары мен идеясы қосымшаларының
үнемі толықтырып тұратын, дамитын тәжірибесі болады;
- оқыту процесінің және т.б. кез келген жүйелерін жүзеге асырудың
интегралдық нәтижелелерінің сипаттамасында пайда болады.
Озық білім беру жағдайында оқу процесінің жылдамдауы арқылы жүзеге
асыра отырып, оқыту мазмұны мен білім берудің мақсатына жетуді тиімді және
сапалы меңгеруді қамтамасыз ете отырып жүйелік тәсілдеменің дағдысы мен
танымдарын, жүйелік-шығармашылық ойлау мен өзін-өзі басқаруын
жетілдіреді.
Зерттеу университеті оқыту үдерісінде жүйеліктің қажеттілігін негізге алу
үшін С.П. Барановтың білім беруінде екі фактор бөлініп шығады, оның ішінде
[122]:
- оқу материалы нақты бір жүйені ұсынады, себебі нақты қоршаған әлемде
байланыстар жүйесін көрсетеді;
- субъект үшін оқу материалдарын қабылдау процесі жүйеде болуы тиіс.
3. Жүйелік принципіне сәйкес, оқу процесі субъектінің білім алу,
тәрбиелеу мен дамытуда қойылған міндеттерді шешу үшін қызмет ететін,
оқытудың осы жүйесі үшін әрқашан қажетті өткізу мен жобалаумен әрқашан
байланысты болады. Тек қана оқу процесінің ішкі және сыртқы байланыстарын
жүйелік, бүтіндей қолдану осы жағдайда бөлінген уақытта білім алудың
нәтижелелерін мүмкіндігінше көп мөлшерде қамтамасыз етеді. Оқу процесінде
жүйелік принципін қолданудың жеткіліксіз дамуының себептері болып
табылады:
- жүйелік технология мен оқыту әдістерінің, қойылған міндеттердің
жүйелік шешімдерінің (жүйелерді жобалау, қызметтің бағдарламаларын
даярлау және т.б.) шектеулілігі және аз қолжетімділігі;
- субъектіде жүйелік ұғымның, жүйелік тәсілдеменің дағдылар мен
жүйелік ойлауды дамыту және қалыптастырудың жүйелік әдістерінің
жетіспеушілігі мен төмен тиімділігі;
- оқыту процесінде жүйелік тәсілдемеге негізделген қабылдау тәсілдері
мен әдістерді пайдаланудың шектеулілігі.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде озық білім беру жүйесінің
болашақ жағдайына бағытталған, оқыту принципінің ерекшеліктері мен жаңа
сапасын жүзеге асыру, нақты жүйелік принципін табатын және жүзеге
асыратын құралы болып табылады.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде озық білім беру үдерісінің
нәтижелілігі көп жағдайда субъектінің жүйелік ойлауының даму деңгейіне
байланысты болады. Ол анағұрлым жоғары болса, соғұрлым жүйелік принципі
белсенді қолданылады және керісінше жүйелік принципі тиімді қолданылса,
соншалықты субъектіде көрсетілген икемділік пен дағдылар қалыптасады және
дамиды. Осының барлығы бір жиынтықта білім берудің жаңа принциптерін,
59
оқытудың теориясы мен тәжірибесінде жаңа тәсілдемелерді сапалы даярлау
мен іске асыру үшін алдын-ала жағдай мен негізді құрастырады.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде оқыту үдерісінде жүйелік
принципі озық білім берудің негізін құрайтын принциптердің бірі болып
табылады. Осы байланыста бізбен жүйелі құрылымдау технологиясы, білім
берудің түсінігі мен мазмұнын зерттеу, түрлі оқыту мекемелерінде және білім
саласында оның тиімділігі мен белгілі бір әмбебаптылығын көрсететін
көпжылдық анықтау әдісі ойлап шығарылды.
4. Ғылымилық принципі оқыту процесінде ғылыми-техникалық
прогрестің, экономиканың, ғылымның және т.б. түрлі саласының инновациялық
дамуы нәтижесіндегі қорытындысымен байланысты.
Субъектіні ғылыми фактілермен таныстыру есебінен осы принципті жүзеге
асыру, оларда ғылыми ізденіс пен еңбекті ғылыми ұйымдастыру әдіс-
тәсілдерінің дамуы, олармен танымның ғылыми әдістерін меңгеру және т.б. тек
қана білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталып қана қоймай,
сонымен қатар оқыту процесіне қатысушыларының шығармашылық және
инновациялық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде озық білім беру жағдайында
ғылымилық принципті жүзеге асыру оған қажетті ғылыми негіз жасайды,
қарқынды, ғылыми негізделген түрленуге және субъектілердің ой әрекетінің
сипатын жетілдіру, ғылыми зерттеудің жаңа қарқынды әдістерін енгізуге әсерін
тигізеді. Субъектіде ғылыми білім жүйесі анағұрлым толық және дұрыс
қалыптасқан болса, соншалықты оқу пәндерін оқуда және меңгеруде олар
табысты да жылдам жүргізіледі.
Озық білім берудің талап етілген жүйелерінде жобалағанда, бағдарламалар
мен оқулықтарды дайындағанда ғылымилық принципіне белгілі бір маңызды
рөл бөлінеді. Жаңа тәсілдеменің ажыратқыш ерекшелігі берілген принципке
озық білім беру жүйесі мен оқу үдерісінің талап етілетін жүйесін жүзеге асыру,
зерттеу мен жобалағанда қамтамасыз ететін жанама жүйе ретінде (ғылыми
қамтамасыз ететін мақсатты бағдарлама) оны пайдалану болып табылады.
Жалпы озық білім беру үдерісіне қатысты оны жүзеге асырылуының
бірнеше ғылыми мәселелерін бөліп алуға болады: еңбектің өнімділігін және
оқыту процесінің қатысушыларының оқу, ғылыми және басқа да қызметінің
нәтижелілігін көтеру, қорларды үнемдеу, оқытудың сапасы мен тиімділігін
арттыру және т.б. Бұл кезде жоспарланған және оқыту процесіне
қатысушылардың алатын нәтижелері экономиканың, әлеуметтік ортаның,
экологияның және т.б. түрлі салаларға қатысты теориялық, ғылыми,
инновациялық және тәжірибелілік болуы мүмкін.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде жүргізілетін әрбір пәнге
сәйкес ғылымның болашақ жағдайы, сондай ақ келешегі бар, соның ішінде
субъектінің қызметіне тікелей қатысы бар ғылыми бағыттар қарастырылуы
тиіс. Зерттеу университетінде ғылыми мағлұматты, ғылыми-техникалық
өнімдер мен білім беру жүйесінің дамуы мен жетілдіру нәтижесін, оның
компоненттері мен қызметтер аясын, шығарылатын өнімдерді, оны алу мен
Достарыңызбен бөлісу: |