39
5-кесте жалғасы
Белсенді
зерттеуші
академиялық
қызметкерлердің
жалпы
академиялық
қызметкерлерге шаққанда пайызы
Белсенді
зерттеуші
академиялық
қызметкерлердің
жалпы
академиялық
қызметкерлерге қатынасы
Зерттеулер
мен
жобаларға
жалпы
инвестициялар
Зерттеулер
мен
жобаларға
жалпы
инвестициялар саны, еңбек ақысы мен
салықты қоса есептегенде
Зерттеушілік инфрақұрылым
Лабораториялар, кітап және электрондық
ресурстар саны және олардың қолжетімділігі
Зерттеушілік этика
Зерттеушілік тәжірибеде этика принциптерін
қамтамасыз ететін үдерістер
Бұл негізгі ЖОО зерттеушілік қызметінің индикаторларын қазақстандық
ЖОО-на ескеруі қажет, себебі халықаралық білім кеңістігіне интеграциялану
үдерісі белсенді жүруде.
Г.В. Гневашева зерттеулерінде заманауи зерттеу университеттеріне тән
негізгі ерекшеліктер ретінде, келесі мәселерді көрсетеді [15, б.20]:
- профессорлық оқытушылар құрамы зерттеу университеті білім беру
бағдарламаларымен қатар, ғылыми зерттеулерді жүргізеді. Орташа деңгейде
білім беру қызметіне 25-75% жұмыс уақыты бөлінеді. Білім беру, ғылым және
бизнестің тығыз байланысы;
- зерттеу университеті онда жасалынатын зерттеулерге тұрақты жәрдем
көрсетеді, соныменбірге өзінің ғылыми-зерттеу базасын дамытуға қаржы
көздерін инвестициялау;
- базалық жоғары білім беру мен қатар элиталық мамандар даярлау
(ғылыми PhD дәрежесін беретін).
С.В. Мишенко, С.И. Дворецкий, Е.И. Муратова [25, б.131] өз
зерттеулерінде Ресей Федерациясы Ғылым мен инновацияны дамыту
бағдарламасына сәйкес 2020 жылға дейінгі мемлекеттік сектор мен жоғары оқу
орындарын заманауи технологиялармен қамтамасыз ету және жоғары
деңгейдегі мамандармен қажет деңгейде қамтамасыз етуді және жоғары
интеграцияланған білім беру бағдарламалар жүйесін ендіруді көздейді. Зерттеу
университетінің сегіз критерийлерін ұсынған бұл ғалымдар: жетекші ғылыми-
педагогикалық мектептер; жоғары білікті мамандар даярлау жүйесінің дамыған
инфрақұрылымы , заманауи материалдық-техникалық база, заманауи оқу және
ғылыми қызметтің ақпараттық базасы, талантты жастарды қолдау және таңдау
жүйесі, белсенді халықаралық байланыстар, білім берудің жоғары деңгейі,
инновацияық қызметтің дамыған инфрақұрылымы .
Агротехникалық
университеттен
аграрлық
саладағы
зерттеу
университетіне трансформациялану қарсаңында стратегиялық түрлендірулер:
1. Жаңа тұрпатты ғалымдар даярлау:
- мотивациясы
жоғары
магистранттарды
даярлаудың
арнайы
бағдарламалары негізінде;
- шетелдік тәжірибе алмасу негізінде;
- серіктес университеттерде PhD докторанттар даярлау;
- профессор, оқытушылар құрамына арналған шетелдік тағылымдама.
40
2. Өзекті ғылыми зерттеулер. Нақты өндіріс үшін инновациялар:
- халықаралық деңгейдегі құзыреттіліктер;
- озық шетелдік технологиялар мен техниканы бейімдеу;
- заманауи ғылыми инфрақұрылым.
3. Өндіріс үшін мамандар даярлау:
- серіктес
университеттер
тәжірибесінен
негізгі
ерекше
бағдарламаларды бейімдеу;
- оқытудың жаңа философиясы: фактілерге емес, жаңа білімді өзіндік
оқуға дағдылану;
- алдыңғы қатарлы білімді қолданудың практикалық құзыреттілігі;
- АӨК мамандарының біліктілігін тұрақты арттыру.
Сонымен қатар зерттеу университетіне трансформациялану қарсаңында
зерттеу университеті қызметкерлерінің бойында жаңа ұжымдық мәдениетті
қалыптастырудың маңыздылығы өте зор. Зерттеу университеті ұжымдық
мәдениеті келесі негізгі мәселелерді құрайды:
- университеттің стратегиялық дамуын анықтайтын және жалпы нәтижені
бейнелейітін
жеке-тұлғалық,
кәсіптік-еңбектік
субъекті
ретінде
қызметкерлердің өзіндік маңыздылығын түсіну;
- ортақ қызмет нәтижесінің жалпы өнімі үшін жеке жауапкершілік;
- қызметкерлердің тиімді шешімдер табуға байланысты жаңа шешімдер
табуға шығармашылық бағыттылық;
- жеке тұлғалық дамуға бағыттау және кәсіптік қызметті позитивті тану
және бағалау;
- өзіндік және ұжымдық құндылықтарды білу. Достық қарым-қатынас
орнату.
Қазіргі уақыт сұранысы халықаралық стандарттарға сәйкес, жоғары
деңгейдегі даярлықтан өткен, заманауи креативті мамандар қажет. Сондықтан
университеттерде сапалы мамандар даярлау мәселесі өте маңызды.
Қызмет етіп тұрған жоғары оқу орындары базасында ерекше деңгейлі
университеттер – зерттеу университеттерінің құрылуы елімізде жоғары білім
беру саласының маңызды модернизациялық кезеңі. Жаңа құрылым
университеттің логикалық статусының және оқу үдерісінің бастапқы тірегі
болып табылады. Университет қызметінің екі аймағынан (ғылым және білім
беру) бастапқы болып ғылым және инновациялық үдерістер қызмет етеді.
Білікті мамандар даярлаумен қатар, бұл оқу орындарында магистратура мен
докторантура бойынша мамандар дарлаудың негізгі орталығы болып табылады.
АҚШ-та 2005 жылдан бастап, зерттеу университеттері жоғары деңгейлі
университеттері деп аталады.
Зерттеу университеті оқу үдерісі «зерттеу-оқыту» принциптері негізінде
жүзеге асырылуы қажет, яғни білімді ғылым, біліктілік және дағды-тәжірибе
арқылы алуды көздейді. Оқу үдерісі ғылыми –зерттеушілік қызметпен
өндірістік еңбекпен біріктіріледі. Бұл болашақ мамандарда инновациялық
қызмет дағдыларымен бірге, өндірістік-технологиялық және әлеуметтік
Достарыңызбен бөлісу: |