233
V
3
.
%
Х>
-
] Rectangular
Marquee Tool
I
'”^
I
Elliptical Marquee
Tool с» Single
Row Marquee Tool
Ц Single Column
Marquee Tool
4.22-сурет. Белгілеу
құралдары
Шолуды Құралдар панелінде
орналасқан ең танымал құралдардан
бастайық: тік бұрышты белгілеу және
эллипспен белгілеу.
Құралдар
тақтасында
шын
мәнінде тіктөртбұрышты белгілеудің
бірден үш құралдары орналасады –
бұл жеке тік:
бұрышты белгілеу және екі бір пиксельді белгілеу (көлденең және тік),
олардың әрқайсысы тікбұрышты белгілеудің ерекше мысалы болып
табылады (4.22-сурет).
Жоғарыда орналасқан панельге назар аударайық.
Бірінші белгілеумен жұмыс жасауға арналған батырмаларға –
қарапайым белгілеу, біріктіру, кесу және салу (көбейту) жатады. Егер
белгіленген аумаққа бірнәрсе қосу қажет болса, онда
сізге батырманы
басу жеткілікті, және екінші белгілеуді салғаннан кейін екі белгілеу де
біріктіріледі. Ең бастысы – бұл жағдайда белгілеулер қиылысу қажет.
Бұдан әрі
бұл панельде Feather, яғни «Шетін шаю» қызметі бар.
Содан кейін Anti-aliased («Шетін тегістеу») қызметі жүреді. Егер
қанат белгісі орнатылған болса, онда
дөңгелектенген бұрыштары бар
аумақты толтыру кезінде жұмсақ, кедірсіз салынатын болады, кері
жағдайда
бұрыштар шабылған, кедірлі болады.
Біз жоғарғы панельдің ең соңғы терезесіне жеттік. Бұл «Белгілеу
стилі» (4.23-сурет).
Бірінші стиль қарапайым – бұл еркін белгілеу. Тізімдегі
келесі
белгілеу – бұл осы немесе басқа бағытта еркін белгілеу, яғни сіз аумақты
салу кезінде өзіңіздің қозғалыстарыңызды шектей аласыз. Егер сіз үлкен
коэффициентті Height, ал кішісін Wight қоятын болсаңыз, онда
сіздің
қозғалысыңыз шеттерге шектелген болады, ал жоғары немесе төмен
анағұрлым еркін болады. Бұны түсіну қиын, сондықтан өздеріңіз осы
қасиеттермен тәжірибе жүргізіп көріңіз.
Және қорытынды – тіркелген өлшемді белгілеу. Сізге аумақтың ені
мен ұзындығын көрсету қажет, содан кейін аумағын салмай, суретке жай
шерту қажет, ол бірден қажетті тіркелген өлшеммен пайда болады.
Бір пиксельді көлденең және тік белгілеулерде ештеңе жоқ – ені бір
пиксель және ұзындығы бүкіл суретті алатын әдеттегі белгілеу.
Эллипспен белгілеу тік бұрышты белгілеу сияқты белгілеулерді
қамтиды.
4.23 Сур. Ерекшелеу стилі