221
4.8-сурет. Бейненің өлшемдерін орнату
Сервистік орталықта басып шығару үшін ақ өрістердің болмауы үшін
бейненің өлшемдері соңғы басып шығарудан 2 мм артық болуы керек
екенін есте ұстаған жөн. Мысалы, 10 х 15 фотосуретті басып шығару үшін
бейненің өлшемін 10,2 х 15,2 см қалдыру керек.
Бейнелерді сканерлеу
Сканерден бейнелерді алу үшін келесі операцияларды жасау қажет:
1. Сканерлейтін бейнені сканерге орналастыру.
2. Бағдарламаның басты мәзірінен
File/Import (Файл/импорт) —
сканердің қызметтік бағдарламасын таңдау.
3. Сізге сканерлеу бағдарламасының диалогтық терезесі ашылады.
Сканерлердің
әртүрлі
үлгілері
алуан
түрлі
бағдарламалық
қамсыздандырулармен қойылады, бірақ олардың барлығы іс жүзінде бір
қағидат бойынша жұмыс істейді.
4. Сканерлеу бағдарламасының терезесінде
Жаңа сканерлеуді бастау
командасын немесе ұқсас команданы таңдаймыз (әртүрлі бағдарламалар
үшін бұл команда әртүрлі аталуы мүмкін).
5. Бағдарламаның қарап шығу терезесінде сканерленген бейне пайда
болғаннан кейін, мына параметрлерді орнатамыз: енгізу түрі (қара-ақ фото,
сурет, ең үздік түрлі –түсті фотосурет және т.б.), таңдалған аумақтың
шектері, шығару өлшемі, ажыратымдылық (4.9-сурет).
6. Бейненің барлық параметрлерін баптаудан кейін
Сканерленген
бейнені жөнелту командасын
таңдаймыз.
7. Суретті Photoshop жүктегеннен кейін оны өңдеуді бастауға болады.
Бұдан басқа, сканерлеудің қызметтік бағдарламалары бейнелерді
файлға сақтау мүмкіндігін қарастырады.
222
4.9-сурет. Бейнені
сканерлеу терезесі
Дайын сурет кітапханасымен жұмыс істеу
Дисктердегі
суреттер
кітапханасы
әдетте
300...600
dpi
ажыратымдылығы бар TIFF және JPG пішімдерін пайдаланады. Бұл
бейнелермен жұмыс істеу Photoshop кіріктірілген браузері немесе
графикалық файлдарды қараудың кез-келген бағдарламасы арқылы
цифрлық фотоаппараттан алынатын файлдарды ашуға ұқсас.
Бейнелерді құру
Photoshop суретті құру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1. Бағдарламаны іске қосу.
2.
File/New (Файл/құру) мәзіріне кіру.
3. Ашылған диалогтық терезеде құрылатын бейненің параметрлерін
орнату (4.10-сурет).
4. Құралдар панелінің көмегімен бейнені құраймыз.
Photoshop ішіндегі құралдар тінтуірдің сол жақ батырмасын бір рет
шерту арқылы таңдалады және келесі панельдің құралын таңдағанға дейін
әрекет етеді. Панельдегі кейбір құралдар көрсетілмейді (олар жасырылған)
және Құралдар панелі батырмасының төменгі оң бұрышында кішкентай
көрсеткіге тінтуірдің жұмыс (сол) батырмасын шертумен шақырылады.
Тінтуірдің батырмасын орнатып, қажетті құралды таңдайды.
4.2-кестеде құралдардың атаулары және олардың функционалдық
мақсаты келтірілген.
Шартты түрде Photoshop барлық құралдарын төрт топқа бөлуге
болады: