229
Таңдалған құралға сәйкес, тиісті бейненің фрагментін шертеміз, яғни ақ
нүктені таңдап, ақ түске сәйкес келетін бейненің бөлігін шертеміз.
Көрсетілгеннен ашығырақ болатын барлық пикселдер автоматты түрде ақ
түске дейін ағартылады. Қара нүктенің жағдайы ұқсас – белгіленгеннен
қаралау болатын барлық пиксельдер қара түске түрлендірілетін болады.
Қисықтар көмегімен түсті түзету. Түсті түзетудің басқа әдістемесі –
бұл қисықтарды пайдалану. Қисықтардың көмегімен түсті түзетуге
қатысты көптеген жұмыстарды жасауға болады. Бейне ^ Түзету ^
Қисықтар (Image ^ ^ Adjust ^ Curves) мәзірінде таңдаңыз. Түзету диагонал
сызықпен жүзеге асырылады (4.18-сурет).
Қисықтар диалогтық терезесінің төменгі жағында өзгертілген
пиксельдің кіріс және шығыс мәндерін білдіретін екі өте маңызды сан бар.
Бұл сандардың қалай өзгеретінін бақылап және бейнеде жүйелі түрде
пиксельдерді таңдауын жасап, түстің өзгеруіне жалпы бақылауды аламыз.
Түстілік
пен
қанықтықты
өзгерту.
Түстілік/Қанықтық
(Hue/Saturation) командасы суреттегі қандай-да бір түстердің әсерін
күшейту немесе төмендету қажет болған жағдайда қолданылады.
Егер Colorize тармағын белсендіретін болса, онда сурет түстің қандай-
да бір реңктерінің біріне ауыстырылады және түстерді түзету тек осы
көлеңкеде ғана орындалады (4.19-сурет). Бұл суреттің монотүстілік әсерін
алу қажет болғанда өте ыңғайлы.
Түсті ауыстыру. Түсті ауыстыру (Replace color) командасы суреттегі
таңдалған түстерді басқа түспен ауыстыруға арналған, яғни егер қандай-да
4.18-сурет. Қиғаш арқылы түстерді түзеу
230
4.19-сурет. Түстердің (қанықтырудың) реттеуі
бір түсті ауыстыру қажет болса, бірақ бұны стандартты әдістермен
(толтыру, қарындаш, қылқалам, мөртабан) орындауға мүмкіндік болмаса
немесе олар қажетті сапаны бермесе, онда Түсті ауыстыру командасын
пайдалану қажет. «Тамызғышпен» сіз ауыстырғыңыз келген түсті алып
және жүгіргіштің көмегімен бұл түсті қажетті түске өзгерту қажет.
Қабаттармен жасалатын операциялар
Adobe Photoshop-дегі бейнені мультипликацияда қолданылатын мөлдір
таспа жиынтығы түрінде бейнелеуге болады, олардың әрқайсысында
жалпы суреттің бір бөлігі ғана – кейіпкерлері, фоны немесе айналасындағы
объектілер салынған. Барлық таспаларды қосу кезінде, бір сурет пайда
болады. Егер сіз бір таспада салсаңыз, онда басқалардағы бейне өзгеріссіз
қалады.
Жаңа қабатты құру. Жаңа қабатты бірнеше жолмен құруға болады.
Ең оңай және ең айқын – layer басқарушы бояғыштың төменгі жағында ақ
парағы бар белгіге басу (4.20-сурет), сонымен қатар Layer ^ New ^ Layer...
мәзірінен жаңа қабатты құруға болады.
Layers басқарушы бояғыштың төменгі жағында келесі тармақтары бар
Жедел шақыру мәзірі орналасқан: қабаттың әсерін қосу; қабаттың
маскасын қосу;
«қабаттар папкасын» құру (тек Photoshop 7.0 және жоғары
нұсқалар үшін); қабатты түзету; жаңа қабат құру; қабатты жою
(«Кәрзеңке»).
Егер қолданыстағы, мысалы, JPEG пішімінде сақталған бейне
ашылатын болса, онда ең төменгі (және жалғыз) қабат құлып бейнесі бар
231
1
2
3
4
5
6
4.20-сурет. Жаңа қабатты құру
Background деп аталатын болады және сіз онымен ешқандай операция
жасай алмайсыз.
Бірақ бұл қабатты түзетудің бірнеше тәсілі бар. Олардың бірі – жаңа
қабаттың терезесі пайда болуы үшін осы қабатта тінтуірмен екі рет шерту
жеткілікті (4.21-сурет).
Әдепкі қалпы бойынша, бұл қабат Layer 0 деп аталады, бірақ сіз оған
кез-келген басқа атауды тіркей аласыз. Осы операциядан кейін төсем
қалыпты қабатқа айналады. Осы операция Layer ^ New ^ Layer from
background мәзірінен қолжетімді.
Ал егер, керісінше, қабаттан төсем жасау керек болса, онда бұл мәзірді
келесі мәзірге ауыстыруға болады: Layer ^ New ^ Background from Layer.
Көп қабатты бейнемен жұмыс жасау кезінде, қабаттарды бір-біріне
қатысты араластыруға болады. Мұны істеу үшін тінтуірдің сол жақ
батырмасын басып тұрып, қажетті қабатты жылжытыңыз. Қажет болған
жағдайда, «Көзді өшіру» пиктограммасын басып, қабаттың көрінуін
өшіруге болады. Егер қайтадан тағы бассаңыз, қабат қайта көрінетін
болады.
Тағы бір пайдалы тармақ: Layer ^ Layer via Copy. Бұл операция
бейненің таңдалған аумағынан жаңа қабат жасайды, бұл бейнені көшіру
және қоюдың аралық операцияларын қысқарту үшін өте пайдалы болады.
4.21-сурет. Жаңа қабатты терезесі
232
Қабаттарды біріктіру командасы басқарушы бояғыштың оң жоғарғы
бұрышында орналасқан көрсеткішке басу арқылы Layer бояғышында
шақырылады.
Merge linked командасы бір қабатқа барлық біріктірілген (тізбекпен
байланыстырылған) қабаттарды біріктіреді. Екінші Merge visible
командасы барлық көрінетін қабаттарды, яғни «көз» пиктограммасы
орналасқан қабаттарды біріктіреді, ал барлық көрінбейтін қабаттар
тәуелсіз қалады.
Және соңғы Flatten image командасы барлық көрінетін қабаттарды
желімдеуді және барлық көрінбейтіндерді алып тастауды білдіреді.
Осы командалардың барлық сондай-ақ Layer мәзірінен де қол жетімді.
Қабаттың ашықтығы. Қабаттың қасиетінде «Түссіздік» — Opacity
сияқты параметрі бар. Ол Layer бояғышында пайызбен реттеледі.
Қабатты блоктау. «Layer» бояғышында Lock мәзірі мен келесі
белгілер бар:
мөлдірлікті блоктау — таңдалған қабатта сурет салу кезінде тек
түссіздік учаскелерде ғана, яғни бейне бар учаскелерде өзгерістер енгізеді;
қабатта сурет салуды блоктау;
қабатты жылжытуды блоктау;
қабатты жалпы блоктау, немесе қабатпен қандай-да бір операциялар
жүргізу мүмкіндігіне тыйым.
Көшіру. Егер қабатты көшіру қажет болса, онда қабатты алып, жаңа
қабаттың пиктограммасына сүйреуге болады – қабат қайталанады.
Сонымен қатар Layer ^ Duplicate Layer... мәзірінен тармақты таңдауға
болады.
Жою. Қабатты жою үшін оны «Кәрзеңке» пиктограммасына
жылжытуға немесе таңдалған қабат кезінде «Кәрзеңке» батырмасын басу
(бірінші жағдайда, қабат ескертусіз жойылады, ал екіншіде – қабатты
өшіруге арналған растау терезесі пайда болады) немесе Layer ^ Delete
Layer мәзірінің тармағын пайдалануға болады.
Реттеу қабаты. Adjustment layer (реттеу қабаты) қабаты Layers
бояғышында пиктограммалармен бірге орналасқан және қара-ақ шеңбер
ретінде белгіленген және Layer ^ New Adjustment Layer мәзірінде бар. Оның
көмегімен бірнеше қабаттарға бірдей түстік баптаулар тағайындауға
болады (қабаттарға бірдей бояуды немесе бірдей жарықтық пен
кереғарлық және т.б.).
Белгілеу
Енді белгілеулермен жұмыс істеу кезінде қолдануға болатын белгілеу
құралдары мен командаларын пайдалануды қарастырайық. Белгілеу,
бәлкім, Photoshop-да жұмыс істеген кезде маңызды рөл атқарады, себебі
белгілеулермен сурет салуға, жоюға, кесуге, қосуға болады, яғни сурет
салу әрекеттерінің барлық спектрларын орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |