225
Батырма
Атауы
Қызметі
Т
Перо
«Соқпақты» салу үшін
т
Көрсеткіш
«Соқпақты» немесе олардың бөліктерін белгілеуге
немесе жылжытуға мүмкіндік береді
т
Перо +
Байланыстырушы нүктелерді қосу үшін
т
Перо -
Байланыстырушы нүктелерді жою үшін
V
Бұрыш
Байланыстырушы тікелей нүктелерден қисықтарды
жасауға мүмкіндік береді
х
Мәтін
Мәтінді қою
i
Белгілеу
Мәтін түрінде белгілеу жасайды
X
Сызық
Сызықты салады
ш
Градиент
Аумақты бір түстен басқасына бірте-бірте ауысумен
толтырады
Толтыру
Бір түсті аумақты жоғарғымен түспен толтырады
(foreground)
Тамызғыш
Жоғарғы түс ( foreground) көрсететін нүктенің түсі
болады
Қол
Суретті терезеге жылжытады
ч
Үлкейткіш
әйнек
Бейнені үлкейтеді және кішірейтеді
Photoshop ішіндегі белгілеулер және таңдалған аумақтарды өзгертуге
болады. Мұны орындау үшін қажетті аумақты таңдаймыз, тінтуірдің оң
жақ батырмасымен контекстік мәзірді шақырамыз (4.12-сурет), егер
таңдалған бейнені өзгерту қажет болса, Free Transform (еркін өзгерту)
функциясын немесе егер тек белгілеу аумағын өзгерту қажет болса,
Transform Selection (белгілеудің ауысуы) таңдаймыз.
Мысал ретінде келтірілген сурет (4.13-сурет) белгіленген және
өзгертілген аумақтарын градиенттің толтыру көмегімен құрылған.
4 . 2 - к е с т е с і н і ң с о ң ы
226
а
б
в
4.11-сурет. Суретті құру жүйелілігі (а, б, в)
4.12-сурет. Мәнмәтіндік мәзір
4.13-сурет. Градиенттік толтыру
мысалы
Бейнені түзету. Бейненің түсін, жарықтығын, кереғарлығын түзету,
күнді қосу немесе өшіру, қызыл көз, сызаттар және т.б. сияқты кішігірім
кемшіліктерді жою қажет болатын жағдайлар жиі туындайды. Photoshop
осы мәселелерді шешу үшін қажетті көптеген құралдарды қамтиды.
Түсті түзету құралдары.
4.14-сурет. Жарықтық пен
кереғарлықты реттеу
Бейнені жасаған кезде, дайын
бейненің сыртқы түрі мен файл
өлшеміне ғана емес, сондай-ақ
ол сақталған түстік режиміне
назар аударған
жөн,
тіпті
әртүрлі мониторларда бірдей
бейне әртүрлі көрінуі мүмкін.
Adobe
Photoshop
бағдарламасында түсті түзетудің
барлық құралдарының жұмыс істеу
қағидаттары бірдей:
227
4.15-сурет. Бейне
:
а — түзетуге дейін; б — түзетуден кейін
пиксель мәндерінің қолданыстағы диапазондары жаңа диапазондарға
айналдырылады. Бұл құралдардың арасындағы айырмашылығы мәндерді
орнатудың
әртүрлі
әдістерімен
анықталады.
Мысалы,
Жарықтық/Кереғарлық
(Image/
Adjustments/Brightness/Contrast)
командасы бейненің белгіленген фрагменттерінің барлық пиксельдерін
бірдей түзетеді – басқаша айтқанда, егер жарықтық мәнін 20-ға арттырса,
онда бұл шама әрбір пиксельдің жарықтық мәніне қосылатын болады.
mage ^ ^ Adjust ^ Curves командасы барлық жарты тонналық шкаланы 16
интервалға бөлуге және өте дәл баптауды жүргізуге мүмкіндік береді.
Бейненің жарықтығы мен кереғарлығын баптау. Brightness/
Contrast командасын суреттің жарықтығы мен кереғарлығын реттеу үшін,
Image/Adjustments/Brightness/
Contrast
мәзірінде түзету диалогтық
терезесін шақыру үшін пайдалану қажет.
Жүгіргішті оңға жылжытып, сәйкесінше бейненің жарықтығы мен
кереғарлығын ұлғайтады, солға жылжытып – азайтады (4.14-сурет). Егер
preview қызметі белсенді болса, түзетудің алдын ала нәтижелері бастапқы
бейнеде көрінетін болады.
4.15-суретте, а — түзетуге дейінгі бейне, 4.15-суретте, б — жарықтық
пен кереғарлықты реттеуден кейін.
Бейненің
түстік
теңгерімін
реттеу.
Түстік
теңгерім
(Image/Adjustments/Color Balance) командасының көмегімен бейнеде
түстердің қатынасы өзгереді.
Түзету үшін мәзірдің үш позициялары ұсынылады: бейненің қай
бөлігін немесе белгіленген аумағын анағұрлым өзгерту керек екендігін
анықтау үшін Көлеңкелер (Shadows), Орташа түстер (Midtones) немесе
Жарық (Highlight) (4.16-сурет).
RGB пішіміндегі бейнемен жұмыс жасап, бейненің жалпы
жарықтығын сақтап, түстерді түзетуге мүмкіндік беретін Түстердің
228
4.16-сурет. Бейненің түстік теңгерімін реттеу
жарықтығын сақтау (Preserve Luminosity) параметрін орнату қажет. Егер
осы параметрді орнататын болса, онда бағдарлама автоматты түрде бүр
түстік құрауыштың жарықтығын арттыру немесе төмендетуді басқа
құрауыштардың жарықтығын төмендету немесе арттырумен есесін
қайтаратын болады. Бұл команда Brightness/ Contrast командасы сияқты
түсті жалпы өзгерту арналған.
Жеке түстік компоненттердің неғұрлым дәлірек баптауы Деңгейлер
(Levels),
Қисықтар
(Curves),
сондай-ақ
Түстілік/Қанықтық
(Hue/Saturation), Түстін өзгерту (Replace Color) арнайы командаларының
көмегімен орындалады.
Деңгейлер командасы. Команда бейне түстерінің қатынастарын
түзету үшін мінсіз сай келеді.
Деңгейлер терезесінде бейненің гистограммасы көрсетілген (4.17-
сурет). Ол бейнеде пиксельдердің қалай орналасқанына графикалық
көрсетілім береді.
Бұл жерде жарықтық нүктесінің параметрлерін орнатуға болады.
Бірінші құралды таңдаймыз: сол жақтан – қара нүктені, оң жақтан – ақ
нүктені, ортасынан – орташа түстерді.
4.17-сурет. Жарықтың деңгейін түзету
Достарыңызбен бөлісу: |