Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет89/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   156

сауда  жасау  сөйтіп  Қазақстан  мен  Орта  Азия  елдеріндегі 

өндіріске  қажетті  шикізат  көзіне  шығу,  екіншіден  орыс 

саудасының 

дами 


бастауына 

байланысты 

орыс 

саудагерлерінің  тауарларын  өткізетін  тауар  керек  еді.  Ал 



қазақтар  үшін  дала  саудасы  дамуының  нашар  болуы  айырбас 

сауда, мал өнімдері тұтынатын өнеркәсіп тауарлары күнделікті 

тұрмыс  үшін  қажет.  Кіші  жүз  ханы  Әбілқайыр  кезінде  қазақ 

жеріндегі  саяси  экономикалық  жағдай  осы  бағытта  дамыды 

[3:162].

1726 жылы Әбілқайыр хан Ресейге елші жіберіп, өз ойын  

білдіргенмен жауап ала алмады. Ресей патшасы Кіші жүз ханы 

Әбілқайырдың  кім  екенін  білмейтін.  Бұл  әрекеті  сәтсіз 

аяқталғаннан  кейін  өзінің  сыртқы  саясатын  жақтаушылары 

Бөгенбай  батырмен  ақылдасып,  Ресей  патшасына  бодан 

болуы  туралы  1730  жылы  қыркүйектің  8  күні  хат жазып, елшісі 

Сейтқұл  мен  Құтлұмбетті  орыс  мемлекетінің  астанасы 

Петербургке  жібереді.  Бұл  хатта:  «Аса  ұлы,  ізгі  бай және ақыл 

иесі,  ұлы  мәртебелі  патша  күн  сайын,  ай  сайын  және  жыл 

сайын  Құдайдың  рақымымен  мемлекетіңді  аман-сау  билей 

беруіңізді  тілейміз.  Ұлы  мәртебелі  сізге  біздің  мәлімдегіміз 

келгені  мынау  еді:  жайықтың  арғы  бетіндегі  Сіздің  боданыңыз 

башқұр  халқымен  біздің  жақын  қатынасымыз  болған  жоқ,  Ұлы 

мәртебелі  Сізге  түгелдей  бағынышты  болып  келіп,  мен  сіздің 

боданыңыз  Алдарбаймен  бірге  өз  елшімді  жіберіп  отырмын. 

Осы Алдарбай мәртебелі сізге бізден елші жіберуін талап етті, 

сондықтан  да  мен,  Әбілқайыр  хан  өз  қол  астымдағы  Орта  жүз 

бен  Кіші  жүздің  сансыз  көп  қазақ халқымен бірге біздің бәріміз 

сіздің  қызметшілеріңіз  болып  табыламыз  және  қарапайым 

халықпен 

бірге 


Сіздің 

қамқорлығыңызды 

тілейміз 

әрі 


көмегіңізбен  Жайықтың  арғы  бетіндегі  өз  боданыңыз  башқұрт 

халқымен  тату  тұрамыз  деп  күтеміз.  Сізге  барша  игіліктерді 

тілейміз  және  сіздің  боданыңыз  боламыз»,-      деп  жазылған 

болатын [3:163-164].

Әбілқайырдың  бұл  тілегін  Анна  Иоанновнаның  үкіметі 

қабылдап,  қазақтарды  Ресейдің  қарамағына  алуға  ұйғарды.  

Содан  соң  1731  жылы  19  ақпанда  императрица  Аннаның 

Әбілқайыр  ханға  және  бүкіл  қазақ  халқына  олардың  Ресей 

бодандығына  қабылданғаны  туралы  грамотасын  тапсыру  үшін 

және  Кіші  жүз  қазақтарынан  ант  алуға  Сыртқы  істер 

коллегиясының тілмашы әрі дипломат А.И. Тевкелев басқарған 

елшілері  келеді.  Елшілер  Кіші  жүздің  Ресей  қол  астына 

алынғаны  туралы  Ресей  патшасы  Анна  Иоанновнаның 

Әбілқайыр  атына  жазылған    грамотасы  мен  қазақ  сұлтандары 

227



үшін  көптеген сый тартулар алып келді. Ресей әкімшілігі орыс-

қазақ  қарым-қатынасын  дипломатиялық  шаралар  арқылы 

дамыта  әрі  кіші  жүз  ханы  Әбілқайырдың  антқа  берік  екеніне 

сене  отырып,  алшақ  жатқан  Орта  жүз  хандары  мен 

сұлтандарын  өз  жағына  тарту  үшін  әрекеттер  жүргізді.    Бұл 

тарихи  процесс  қазақ-орыс  қарым-қатынастарының  дамуына 

жаңаша  жол  ашты.  Қазақ  елі  жау  қоршауында  қалып,  оның 

мемлететтігін  сақтау  басты  мәселе  болған  тұста  Әбілқайыр 

өзімен  көршілес  қаһарлы  Ресейдің  халықаралық  деңгейдегі 

беделін 


пайдалануды 

көздеп 


одақтасуға 

ұмтылды. 

90 

жылдардың 



басында 

зерттеушілер 

Әбілқайыр 

ханды 


бодандыққа  әкелген  "сатқын"  деп  бағаласа,  кейін  тарихшылар 

М.Қозыбаев,  Ж.Қасымбаев,  Ә.  Мұқтар  т.б.  мәселенің  тарихи 

жағдайын терең талдаумен, өзара салыстырумен ханның жаңа 

бейнесін  жасай  түсті.  Соның  дәлелі  ретінде  Тарихшы  С.М. 

Мәшімбаевтың  "Кіші  жүзге  бұғау  салу  қалай  басталды?"  атты 

мақаласында  Әбілқайыр  хан  туралы  пікірі  «Әбілқайыр  хан 

сонымен  қатар  ел  басына  күн  туғанда  қол  жинап азаттық үшін 

күрескен  әскери  қолбасшы  болды.  Ол  «Ақтабан  шұбырынды, 

Алқакөл  сұлама»  жылдары    Кіші  жүзге  жар  салып,  әскер 

жинады.  Сөйтіп  жиырма  мың  қолмен  Әбілқайыр  Ұлы  жүз  бен 

Орта  жүз  әскерлеріне    қосылып,  1728-1729  жылдары 

жоңғарларға  қарсы  шайқастарға  қатысып,  жеңіске  жетті.  Бұл 

ұмытылмайтын  ерлік.  Сондықтан  біз  қазақ  хандарының 

қызметіне баға беруде өте абай, мейлінше турашыл болуымыз 

керек.  Келер  ұрпақ  тарихи  шындықты  ашып,  қазылық 

жасайды»,- деп жазды [4:32].

Сөйтіп,  ХУІІІ  ғасырдың  20-30  жылдарындағы  қазақ 

қоғамындағы  саяси-әлеуметтік  ауыр  жағдайларға  байланысты 

сол қиын заманда Кіші жүз ханы Әбілқайыр бодандыққа барды. 

Елде  билік  жоқ  болды.    Сонымен  қазақ  жері  Ресей 

империясының 

отарына 


айналды. 

ХУІІІ 


ғасырдың 

30 


жылдарындағы  Қазақстандағы  саяси  жағдай  түптеп  келгенде 

Ресей  мен  Қазақстан  қарым-қатынасында  жаңа  кезеңнің 

басталғандығын  айтуға  болады.  Қазіргі  тәуелсіз  заманда 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 

көрші Ресей Федерациясымен көршілік, мәңгі достық, екі жақты 

заманға сай сыртқы саясаты елдің тәуелсіздігінің негізгі мәніне 

айналып отыр.  

Жалпы  ғасырлар  бойы  жүргізіп  келген  екі  империяның 

отарлық саясатына қарамастан орыс-қазақ қатынастары қазіргі 

кезеңде өз жалғасын тауып  келеді.



Пайдаланылған әдебиеттер: 

228



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау