оны құрметтеу, онымен қарым – қатынаста болу ахуалын құру –
Қазақстан Республикасындағы бүкіл білім жүйесі үшін өміршең
маңызы бар міндет. Мұнда тарихты қабылдау болып өткен
тарихи оқиғалардың хронологиялық ретін жаттап алуға емес,
тарихи процестердің логикасын ұғынуда болуы тиіс [7:184].
Біз Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту
Стратегиясы арнасында оқыту және тәрбиелеу жүйесін
түбегейлі өзгертуді дүниежүзілік тенденцияларды, ғылыми
таным тарихы мен жаңа білім теорияларын терең зерттеу
негізінде ғана жүзеге асыруға болатынын айқын ұғынуға тиіспіз.
Қазақстанда 70 жылдан астам уақыт бойы қолданылған білімді
ұйымдастырудың мемлекеттік моделі ХХ ғасырдың басында
Шығыста, сондай – ақ Ресейде қалыптасқан дәстүрлі, дәлірек
айтқанда, оқытудың эволоциялық формаларының бұзылуының
нәтижесі болды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мәшімбаев С.М. Дүниежүзі және Қазақстан тарихының
кейбір өзекті мәселелері (зерттеулер мен мақалалар). –
Алматы: Қазақ университеті, 2010 ж.
Артықбаев Ж.О., Пірманов Ә.Б. Қазақстан тарихы
(энциклопедиялық басылым). – Алматы: Атамұра, 2008ж.
ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы, 1995
жыл.
Қоңыратбай Т. Тарихи білім беру мен тарихшы маман
дайындаудың көкейтесті мәселелері. Алматы, 2009 ж.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарлама. – Егемен Қазақстан, 2004, -11қазан, - 4-б.
Жұматаева
Е.,
Қадысова
Р.Ж.
Қазақстан
Республикасындағы
білім
жүйесін
басқаруда
білімдену
инновациялық технологияларын жүзеге асыру. Павлодар,
2008ж.
Көшербаев Қ.Е., Ахметов Ә.Қ., Әбілқасымова А.Е.,
Рахымбек Х.М. Қазақстан Республикасында жоғары білімді
дамыту стратегиясы. – Алматы: «Білім» баспасы, 1998 ж.
ХІХ ғ. АЯҒЫ МЕН ХХ ғ. БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ
ҚОЗҒАЛЫС
234
Ержанова М.С.
Қазақ ұлттық аграрлық университет, Алматы қ.
meruert_--_82@mail.ru
Еліміздің
өмірін
түбегейлі
өзгерткен
Қазақстанның
тәуелсіздік алуы өткен ғасырдың 90-шы жылдарының тарихта
орнығуына да көп уақыт өте қойған жоқ. Осы аз уақыт ішінде
тарих ғылымы бұрынғы кеңестік идеологиялық қыспақтан
арылып, Отандық тарихта жеткілікті зерттелмей жатқан тарихи
тұстарын жаңа көзқарас тұрғысынан қайта зерттеуді қолға
алып отыр. Бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігі қазақ халқының
ғасырлар бойғы ұлт – азаттық күресінің жемісі. ХХ ғасырдың
алғашқы ширегінде қысқа тарихи мезгілде халқымыздың
тағдырына орай жүздеген талантты қазақ зиялылары өмірге
келіп,
қоғамдық
тіршіліктің
барлық
саласына
белсене
араласып, өз елінің өмірін қайта жаңғыртуға даяр екендігін
айқын таныта білді. Сана мен сезімнің шиеленісі жағынан бұл
ерекше дәуір болды. Осы тарихи дәуірдің бір ерекшелігі ХІХ ғ.
аяғы мен ХХ ғ. басындағы қазақ халқының саяси оянуына үлкен
ықпал жасаған шартты түрде «мұсылмандық қозғалыс» деп
аталатын Ресей империясының мұсылман этностарының
отаршылдыққа қарсы, сонымен қатар прогресшілдік бағытта
бірлесіп қимыл әрекеттер жасауды көздеген рухани қозғалыс
болды.
Мұсылмандық
қозғалыстың
түркішілдік,
ұлттық
идеялармен, басқа да саяси ағымдармен өзара байланысы,
оның Қазақстан тарихындағы ерекшеліктері ғылыми-танымдық
және қоғамдық тәжірибе тұрғысынан аса жоғары. Себебі, қазіргі
әлемдегі рухани, идеологиялық үрдістерде ислам факторының
ықпалы айтулы. Сол сияқты Қазақстан зайырлы мемлекет бола
тұра, ислам діні мен мұсылмандық феномендердің маңызын
жоққа шығармайтынын, отарсыздану (деколонизация) үдерісі
мазмұнында ХХ ғ. бас кезіндегі ұлт зиялыларының бауырлас
мұсылман халықтардың қайраткерлерімен бірігіп, ынтымақ
орнатып
күрескені
тәуелсіздік жолындағы жалғыз жол
болғандығы ретінде қарастырылуы қажет.
ХІХ ғ. екінші жартысында 1845 жылы құрылған Орыс
географиялық
қоғамының
қазақ
халқының
әлеуметтік-
экономикалық жағдайын зерттеудегі алатын орны ерекше. Бұл
қоғамның
бөлімдерін
Қазақстанда
ашу және жергілікті
жерлердегі оның ғылыми орталықтарының жұмыс істеуі
еліміздің территориясын, оның табиғи ресурстарын зерттеуде
235
нақты мағұлматтар беретіні сөзсіз. Оған В.И.Терентьев пен
Г.Е.Катанаевтың
және
П.П.
Семенов–Тян–Шанский,
И.В.Мушкетов, Л.С.Берг, А.И.Пыпинның [1] еңбектеріндегі
ғылыми-зерттеулерді
жатқызуға
болады.
Мұндағы
П.П.Семенов-Тян-Шанскиидің зерттеулері Ресейдің шеткері
аймақ
халықтарының
әлеуметтік-экономикалық
жағдайын
зерттеуде орыс географиялық қоғамының ғылыми жолының
басталуына жол салып берсе, И.В.Мушкетов өз әріптестерін
өлкенің тарихи ресурстарын зерттеуге бағыттады. Л.С.Бергтың
еңбектері табиғат пен адамзаттың үйлесімділігіне арналды
және ол орыс географиялық қоғамының 100 жыл бойы атқарған
жұмыстарын
қортындылаған.
Осы
еңбектердің
ішінде
төңкеріске дейінгі Қазақстанның қоғамдық өміріндегі әлеуметтік
тұрмыстық
жағдайы
мен
шаруашылық
құрылымы
А.И.Пыпинның еңбектерінде зерттелген.
Ресейдің осындай ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуі
нәтижесінде қазақ халқын миссионерлік жолмен отарлау
мақсатында жұмыс атқарумен айналысқан ғалымдар да пайда
болды.
Осы
мақсатты
көздеген
Н.И.Ильминский,
Н.И.Остроумов, А.Е.Алекторов [2] сынды миссионерлердің
еңбектері
үлкен
мәселеге
айналды.
Бұл
ғалым-
миссионерлердің ұсыныстары негізінде қалыптасқан Ресейдің
ресми саясаты, мұсылман түркі халықтарының дінін, тілін және
дәстүрлі әдет-ғұрпын толық жойып, жергілікті халықты
орыстандыру
арқылы
шоқындыруды
көздеген
болатын.
Миссионерлік іс – отарлау саясатының бір түрі. 1865 жылы
құрылған
«Далалық
комиссия»
құрамына
ішкі
істер
министрлігінің және Орынбор мен Батыс Сібір генерал-
губернаторлықтармен
бірге
православия
дініндегі
миссионерлер де кірген. Бұл комиссияның алға қойған
мақсаттары екі мәселеден тұрды деп айтуға толық негіз бар.
Өйткені оның бірі қазақтарды саяси-әкімшілік тұрғыдан
басқаруда 1867-1868 жылдардағы Уақытша ережені енгізу
болса, екіншісі, саны жағынан аз қазақ халқын православие
дініне ендіру, яғни шоқындыру арқылы орыстандыру мақсаты
көзделді.
Қазақ халқын шоқындыру арқылы жою жолында бірінші
болып еңбек еткен миссионер-ғалым Н.И.Ильминский болды.
Қазақтарға християн дінін қабылдату жолында одан кейінгі
орында П.И.Остроумов тұрды. Ол негізінен ислам дінін
зерттеумен
айналысты.
Оның
еңбектерінің
барлығы
миссионерлік мақсат тұрғысында жазылды. Әсіресе, қазақ
мектептерінде орыс тілін оқыту арқылы миссионерлік жолды
236
Достарыңызбен бөлісу: |