Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет90/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   156

1.  К.К.  Абуев,  А.Т.  Бексейтова,  М.З.  Өтегенов,  Г.М. 

Төлепбергенов,  Ж.К.  Осипова.  Абылай  хан  библиографиялық 

көрсеткіш.- Көкшетау - 2013ж.

2.  Артықбаев  Ж.О.,  Пірманов  Ә.Б.  Қазақстан  тарихы 

(энциклопедиялық  басылым).-  Алматы:  Атамұра,  2008.  -544 

бет.


3.  Мәшімбаев  С.М.  Дүниежүзі  және Қазақстан тарихының 

кейбір  өзекті  мәселелері  (зерттеулер  мен  мақалалар).-

Алматы: Қазақ университеті, 2010.-

4.    Мәшімбаев  С.М.  "Кіші  жүзге  бұғау  салу  қалай 

басталды?"  Қазақ тарихы, 1994. №2, 32-36 беттер.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бижанова Г.Х.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің 

магистранты, 

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 

институты, Арқалық қаласы

Bizhanova81@bk.ru

Тәуелсіздік  алғалы қоғамымыз айтарлықтай үздіксіз даму 

жолында.  Дегенмен  жаңа  қоғамға  өтудің  өз  қиындығы  болды. 

Алғашқы  жылдардағы  дағдарыстар  кезінде  жұмыссыздық, 

қоғамымызда ұлттық сана, патриоттық  тәрбие орны бос қалды. 

Оны  толтыру  да  оңайға  түскен  жоқ.  Ұрпақ  арасындағы 

байланыстар  үзіліп  қалды.  Бірақ  қазіргі  жастардың  болашағы 

анықталып,  ұлттық  идеологияның  негізгі  бағыты  қазақтың 

ұлылығына және қазақ болуға ынта-жігер білдіріп келеді. Бүгінгі 

күні  жастар  ұлылыққа  жету  үшін  білім  алу  керек  екенін  түсіне 

бастады [1:66]. 

Қазіргі  қоғамның  бірден-бір  талабы  -  келешек  ұрпақты 

тарихпен  тәрбиелеу  болып  отыр.  Алдымен  адамзатты,  әлемді 

тану,  оның  өткенін  зерделеу  -  үнемі  даму  үстіндегі  ғылым  -

тарих  ғылымының  еншісінде  болып  табылады.  Тарих  туралы 

түсінік  ғылымның  жетілуі,  қандай  да  бір  қоғамдағы  тарихтың 

бағыт  –  бағдары  идеологиямен  тығыз  байланысты.  Әлі  күнге 

дейін  тарих  ғылымында  қазақ  қоғамының  бірқатар  тарихи 

мәселелерін  «көшпелілердің  әлеуметтік  –  мәдени  өмірінің 

229



дамымағандығы  туралы»  еуроцентристік  көзқарас  тұрғысынан 

қарастыру кездеседі [2:3].

Тарихи  білім  беріп,  онымен  тәрбиелеудің  мақсаты  тек 

тарихи  оқиғалармен,  фактілермен  таныстыру  ғана  емес, 

мыңдаған  жылдық  ата  тарихымыз  арқылы  жас  ұрпақты 

ұлтжандылыққа  тәрбиелеу  болып  табылады.  Тарих  ғылымы 

адамзат  өмірін  терең  саралап,  түрлі  тарихи  құбылыстарды 

ғылыми  тұрғыда  зерделеуі,  ұлттың  мүддесіне  қайшы  келетін 

қағидалардан бас тартуы қажет [2:4].

Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңы  кәсіптік 

білім беруді арнайы 5 сатыға (бастауыш, орта, жоғары, жоғары 

оқу  орнынан  кейінгі  және  қосымша  кәсіптік  білім  беру 

сатыларына)  жіктеп  бергені  белгілі.  Әрбір  сатының  аталуы, 

сандық  белгілері  бөлек  болғанымен,  олар  өзара  сабақтас, 

тұтас  жүйені  білдіреді.  ХХІ  ғасырдың  қарсаңында  заң  жүзінде 

алғаш  рет  кәсіптік  білім  берудің  бүгіні  мен  келешектегі 

мүмкіндіктері, 

стратегиялық 

бағыттары 

нақтыланып, 

білімділікпен  қоса  кәсіби  біліктілік  пен  шеберлік,  іскерлік, 

кәсіпкерлік  мәселелері  мемлекеттік  сұраныс  пен  еңбек 

рыногының талаптарына сай қамтылған.

Олай 


болса 

заңмен 


белгіленген 

құқықтарымызды 

пайдалана отырып, мынадай мәселелерге талдау мен болжам 

жасап,  іс  пен  әрекетке  көшуге  болар  еді:  заңда  көрсетілген 

үздіксіз  кәсіптік  білім  беру  процесіндегі  басқыштардың 

сабақтастығын  қамтамасыз  ету,  кәсіптік  білімнің  қоғамдық, 

өркениеттік сипатын ашу, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік 

білім  беретін  оқу  орындарының  қызметін  кәсіпорынмен 

интеграциялау,  кең  профильді  мамандықтар  бойынша  кәсіптік 

білім  алған  азаматтарды  ынталандыру,  кәсіптік  білім  мен 

кәсіби  дайындықтың  жеке  жүйесін  дамыту,  мемлекетіміздің 

мамандарды  жұмыспен  қамтамасыз  ету  саясатын  жүзеге 

асыру,  кәсіптік  білім  беретін  оқу  орындарының  мемлекеттік 

және  мемлекеттік  емес  жүйесін  дамыту,  еңбек  рыногының 

жұмысшы 

мамандарға 

мұқтаждығын 

қамтамасыз 

ету 

мақсатында  мамандықтар  мен  кәсіптің  түрлерін  жаңалап 



отыру,  мамандандырылған  жұмысшылардың  білімдік  деңгейін 

әлемдік  тәжірибедегі  өндіріс  пен  қызмет  көрсету  аясының 

талаптарына  сәйкес  алдын  ала  дамыту,  жеке  бастың 

интеллектуалдық  және  мәдени  дамуындағы  қажеттілігін, 

шығармашылық мүмкіндіктерін өмір бойы жүзеге асыру, т.б.

Қазақстан  мемлекетінің  негізгі  ұстанымдарын  білдіретін 

бұл  басымдықтарды  үздіксіз  тарихи  білім  беру  саласында 

қарастырып  көрелік.  Қай  дәуірде  болмасын,  тарихшылар 

230



адамзаттың  өткені  мен  бүгінінің  арасын  алтын  көпір  ретінде 

жалғап, ұлттық мәдениетіміздің қадір – қасиетін танытып, түрлі 

құбылыстардың  объективті  бағасын  беріп,  тарихи  сана 

қалыптастырып  отырған.  Республикамыздағы  тарихи  білім 

берудің  ақтаңдақтарға  толы  өткені,  дүрбелеңдермен  толыққан 

бүгіні  мен  міндеттерге  бағышталған  келешегі  бар.  Еліміздің 

егемендік 

алуы 


тарихшы 

мамандарымызға 

бірқатар 

психологиялық  ауыртпалықтар  жүктегенін  айтпауға  болмайды

[4:38].

Соған  қарамастан    олар  төл  тарихымызды  қайта 



жаңғыртып,  тарихи  сана қалыптастыру міндеттерін абыроймен 

атқарып  келеді.  Тарихшы  –  зерттеушілеріміздің  тарапынан 

құнды 

монографиялар, 



диссертациялық  еңбектер,  жаңа 

оқулықтар жарық көріп, оқушы жастардың игілігіне айналуда.

1999  жыл  «Тарих  сабақтастығы  және  ұрпақтар  бірлігі» 

жылы ретінде аталып, көптеген іс – шаралардың атқарылуы да 

мәдениет  пен  өркениетке  бет  бұрғанымыздың  айғағы  ретінде 

санамыздан  орын  алды.  Сөйтіп  кейінгі  ұрпаққа  сабақ  болмақ. 

Тарихи 

білім 


– 

тәрбиенің 

көзі. 

Тарих 


ғылымынсыз, 

тәрбиеленуші 

жастарда 

тарихи 


білім 

болмайынша, 

мемлекетіміздің  қоғамдық    дамудың  жоғары  сатысына  жетуі 

екіталай.  Сондықтан  болар,  тиісті  халықаралық  ұйымдар  ХХІ 

ғасырдағы  орта  білім  мазмұнының  макромоделін  «Мәдениет. 

Білім. Тарих» болсын деген ұсыныс жасады.

Тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы: «Жоғары оқу 

орындарындағы  студенттерге  тарихты  оқыту  мен  маман 

тарихшы  дайындау  жүйесін  реформалау  қажет.  Тарихи  сана 

қалыптастыратын  жаңа  оқу  курстары  берілетін  мамандықтың 

ыңғайына  қарай  бейімделуге  тиіс.  Гуманитарлық  емес 

мамандықтар  бойынша  тарихтың  жалпы  курсымен  бірге  негізгі 

мамандық  пәндері  тарихының  зерделенуін  де  қарастырған 

жөн»  [3:13]  дей  келіп,  келешекте  тарих  пәнінің  мұғалімдерін 

ғана 

емес, 


осы 

сала 


бойынша 

басқа 


мамандарды 

дайындаудың,  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім,  тарихшы 

мамандарды қайта даярлау жүйесіне өзгерістер енгізу қажеттігі 

басым  айтылған  болатын.  Бұл  проблеманың  көкейтестілігі 

дәлелденсе де, шешілуі кешеуілдеп тұр.

Республикамыздың  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес 

жоғары  оқу  орындарында  тарихшы  маман  дайындайтын 

факультеттердің  басым  көпшілігі  негізінен  тарих  пәнінің 

оқытушыларын,  зерттеушілерді  дайындаумен  шектеледі.  Бұл 

жағдай  мемлекеттік  сұраныс  пен  еңбек  рыногының  бүгінгі 

қажеттілігін  қанағаттандыра  ала  ма?  Ылғи  жоғары  білімді 

231



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау