Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет86/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   156

қазақ  халқының  төрт  түлікке  байланысты  Ойсыл  қара  (түйе 

иесі),  Қамбар-Ата  (жылқы  түлігіне  байланысты),  Зеңгі-Баба 

(сиыр  малының  иесі),  Шопан-Ата  (қой  иесі),  Шекшек-Ата  (ешкі 

малының иесі) түсініктерінен жақсы көрінеді. 

ХІ  ғасырда  түркі  тілдес  тайпалар  араб-парсы  мәдениетін 

жатсынбай  қабылдай  бастады.  Оның  объективтік  себептері  де 

бар болатын. Соның бірі – түркі қағанаты ыдырап, оның орнына 

жаңа  мемлекеттер,  этностар  пайда  бола  бастаған  заманда 

олар  жаңа,  өзге  мәдени  дүниетанымды  қажет  етті.  Исламның 

қазақ  жерінде  қантөгіссіз  таралуының  басты  себептерінің  бірі, 

Тәңір  мен  Алла  дүниетанымдық  мәселелердегі  ұқсастығы, 

түркілер  нанымдары  мен  исламның  монотеистік  сипаты, 

олардың мәдени тамырларының рухани сабақтастығы да үлкен 

әсер 


етті. 

Түркілер 

ислам 

әлеміне 


өзіндік 

орнықты 


дүниетанымымен  енді  және  аруақ,  ие,  құт  тәрізді  іргелі 

ұғымдарын  сақтап  қалды.  Тәңір  ұғымы  мен  ислам  үлгісіндегі 

дүниетанымның  синтезі  қазақ  топырағында  Иассауи  ілімінен 

айқын көрініс береді.

Ислам 

діні 


мәдениеттердің 

арасындағы 

айырмашылықтарды  қабылдаған  дін.  Нәсілдер  мен  тілдердің, 

тіпті  діндердің  әртүрлілігін  ислам  діні  таниды.  Құранда 

адамдардың  тайпаларға,  түстерге  бөлінгендігі,  әркімнің  діні 

өзіне  екені  туралы  айтылған  және  Құран  мұны  Жаратушының 

шешімі 

ретінде 


көрсеткен. 

Қоғамдар 

арасындағы 

айырмашылықтар  адамдардың  бірін-бірі  танып-білуі  және 

қарым-қатынас  орнатуы  жағынан  жағымды  рөл  атқаруы  да 

мүмкін.  Бұл  біздің  қолымыздағы  нәрсе.  Ислам  дініндегі  жүйені 

толеранттылықты    көрсетеді.  Тарихқа  қарағанымызда  сан 

жағынан 


аз 

мұсылмандардың 

үлкен 

мемлекеттерді 



басқарғанын  көреміз.  Яғни,  мұсылмандар  басқа  дін  уәкілдерін 

де  қорғаумен  шұғылданған.  Мұсылмандар  негізінен  бір 

мемлекеттің туының астында біріккен басқа тілдегі және діндегі 

халықтарға, олардың мәдениетіне қолдаушылық  танытқан. 

Ислам  діні  көшпелі    руларға  бөлінген  араб  қоғамында 

пайда  болғанымен  отырықшылықты,  қалалық  мәдениетті 

уағыздайды. Қазақ халқының тарихында  ірілі-ұсақты рулар мен 

тайпалардың  басын  қосқан  күш  осы  ислам  діні  болған.  Ислам 

қауымдастығына  қосылмаған  басқа  түркі  тайпалары  мүлдем 

басқа  мәдениет  тобына  қосылып,  мүлдем  басқа  қоғамдарға 

айналған.  Бұған  мысал  ретінде  бұлғарларды,  мажарларды, 

чуваштарды,  сібір  халықтарын  т.т.  айтуға  болады.  Америкада 

зорлықпен 

шоқындырылған 

үндістердің, 

Африкадағы 

отарланған  халықтардың  тағдыры  ұқсас.  Демек,  әр  халықтың 

220



мәдени  ортасын  анықтайтын  басты  фактор  –  дін.  Әлеуметтік 

тұрғыдан 

алғанда 

ислам 


діні: 

қоғамға 


бағыт-бағдар 

береді,қоғамды 

біріктіреді,идеологиялық 

және 


мәдени 

ұғымдарды күллі қоғамға телиді, жеке тұлғаның және қоғамның 

мүдделерін  қорғайды,этникалық  негізден  гөрі  адами,  рухани 

құндылықтарға мән береді.

Исламдағы 

экономикалық 

даму 

саясаттары 



мен 

жобаларында  рухани  мәселелер  мен  адамның  адамгершілігі 

материалдық жетістіктерден маңыздылау саналады. Исламдық 

даму  үлгісі исламдық қоғамдағы мұсылман ойшылдардың ұзақ 

мерзім  талпыныстарынан  тамырланады.  Олар  шамамен  бір 

ғасыр  бұрыннан  бері  екі:  теріске  шығару  және  дәлелдеу 

көзқарасының  жаңа  дүниенің  көзқарасымен  үйлестіретін  ортақ 

жол  табуға  талпынды.  Бұл  көзқарастың  негізгі  мақсаты  –

адамның 

рухани 


дамуымен 

бірге 


материалдық 

өмірін 


жақсартудағы  дін  мүмкіндігін  дәлелдеу.  Ислам  экономикалық 

даму мәселесіне ерекше көңіл бөледі және оған үлкен мәселе, 

яғни адамның даму мәселесінің бір бөлігі ретінде қарайды.

Исламдағы дамудың мақсаты адамды материалдық және 

рухани  салаларда  бақытты  көру.  Дамуға  әсер  ететін  мәдени 

себептерінің  бірі  –  әртүрлі  қоғамдардың  дүниеге  деген 

көзқарастары  болып  табылады.  Мұндай  көзқарас  дамуға 

маңызды  үлес  қосады.  Егер  қоғам  дүниеге  теріс  көзқарасын 

білдірсе,  даму  жолында  қадам  баса  алмайды. Ал,  егер  қоғам 

дүниеге  оң  пікірін  білдірсе,  дүниені  дұрыс  пайдаланса,  даму 

үшін  мәдени  жағдай  тудырады.  Нағыз  ислам  жоғары 

мәдениетті 

және 

гуманистік 



идеяларды 

насихаттайды. 

Мұхаммед  пайғамбар  өзінің  хадисінде:  «Дінде  зорлық  жоқ»  –

деген.  Яғни,  ислам  дініне  біреуді  мұқтаж  ету немесе пайдасын 

беріп,  енгізуге  жол  жоқ.  Әр  пенде  исламды  өз  еркімен,  өзінің 

қалыбымен  (жүрегімен)  қабылдауы  тиіс.  Даму  –  білім  мен 

мамандарға  мұқтаж.  Исламдық  үлкен  өркениеттің  дамуының 

маңызды  себептерінің  бірі  –  әртүрлі  саладағы  ғылымға  қарай 

талпыну  болды.  Исламдағы  келесі  мәдени  құндылыққа  –

еңбекке  көңіл  бөлу  жатады.  Әрине,  еңбек  –  қоғамдағы 

экономикалық  қозғалысқа  маңызды  рөл  атқарады  және  қолда 

бар  мүмкіндіктерді  даму  жолында  пайдалануға  көмектеседі. 

Еңбек  мәдениетіне  мән  бермейтін  қоғамда  тұрмыстың 

жақсаруын  күтуге  болмайды.  Еңбек  мәдениеті  –  даму 

бағдарламаларды  іске  асыратын  маңызды  себеп.  Құран  мен 

пайғамбар  және  әулетінің  оқулықтары  адамдарды  әділ 

еңбектену мен талпынуға шақыратын әдемі насихаттарға толы.

Сонымен, 

Қазақстан 

қоғамының 

рухани 

тұрғыдан 



221


жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау