Келесі тарихи кезеңде буддизм Үнді елінен Орталық
Азияға Пәкістан және Ауғаныстан аймақтары арқылы біздің
эрамызға
дейінгі I ғасырда басталып, II-III ғасырларда
Қазақстанға да жетті.Осы уақыттан бастап оның
құндылықтары Қазақстанды мекендеген халықтардың
арасында тарала бастады. Жалпы буддизмді дін ретінде,
философия ретінде, мәдениет ретінде және өмір бейнесі
ретінде қарастыруға болады. Буддизм төрт игі ақиқатқа
негізделеді: қайғы-қасірет ақиқаты;қайғы-қасірет себебінің
ақиқаты; қайғы-қасіретті жою ақиқаты;қайғы-қасіретті тоқтату
жолының ақиқаты. Дәл осы ақиқаттар будданы уағыздаудың
алғашқы тақырыбы болды. Буддизмнің маңызды негізін
құрайтын төрт игі ақиқат ілімі ең алғашқы ілімдерге
жатады. Буддизм басқа діндерге қарағанда өмірдің қайғы-
қасіретпен байланысына айтарлықтай басым түрде мән
береді. Буддизмде қайғы-қасірет тұрмыстың түпкілікті мінез-
құлқы болып табылады.Будда іліміне сәйкес құтқарудың
сегіз игі жолы бар: дұрыс көзқарас,дұрыс ұмтылыс, дұрыс
сөйлеу (жалғанды жою және шындықты растау), дұрыс
мінез-құлық (бес тыйым салудан тұрады –кісі өлтіру, ұрлық,
өтірік, адасу және мас болу), дұрыс өмір сүру
(ағартушылыққа ұмтылғандарға мынадай қызмет түрлерімен
айналысуға тыйым салынған: қасапшы, жинаушы, құл
сатушы), дұрыс ынта (тиісті күш салу және кемелдікке
ұмтылу), ақылдың дұрыс күйі (өзін-өзі тексеру), дұрыс
медитация. [9,10]
Түркілер дәуірінен жеткен Тәңірлікке табыну дінінің
көптеген мәдени салттары әлі күнге дейін дәстүрлі қазақ
қоғамында сақталынған.Оның құндылықтар мәні жастарды
тәрбиелеуде зор роль ойнайды. Тек қана дұрыс түсіндіру
қажет. 1074 жылы атақты түрік ғалымы Махмұт Қашқари «Түрік
сөздігі» аталатын үш томдық кітабын жазды. Оның еңбегінде
түріктердің табынған Тәнірлікке табынуды былай түсіндіреді:
«Тәңір кім, не? – деп сұрақ қойсаңыз, жауап біреу, ол – ұлы. Ал,
ұлылықтың сыры, тек өзіне (яғни Тәңірге) ғана мәлім. Егер
сыры адамға мәлім болса, оның иесі ұлылық?!
Махмұт Қашқари айтуында Ұлы Тәңір мен Ұлы Алланың
еш
айырмасы
жоқ.
Бұл
түркілік
және
мұсылмандық
дүниетанымның бірлігінің дәлелі.
Тәңір
түркілердің
түсінігінде
жарылқаушы,
бірақ
Жаратушы емес. Тәңір – оның жолындағыларды мақсатқа
топтастырушы, қуаттандырушы ұлы күш.Биік көктегі Тәңірі
оларға (түркілерге) қиял, арманына қанат, жүрегіне қайрат
218
беретін тұңғиық. Биікке бас ию, биіктікті аңсау адамды өршіл
философияға талпындырады. Биіктікке ұмтылу – ерлік,
батырлық философиясы.
«Адам баласының бәрі өлгелі туған» - деген түркілердің
даналығында екі түрлі терең мән жатыр. Бірі – Тағдырды Тәңір
береді, бәрі жазмыштағыдай болмақ, жаралған нәрсенің ақыры
бар. Алайда өткінші дүниеде бәрі Тәңірдің белгілегенсе де,
әрекетсіздікке бой алдырмай, осы өзіне берілген кесімді
мерзімде Тәңірдің әмірін орындау, яғни Көк пен Жердің
арасындағы әлемге иелік ету, иелік үшін жан аямай күресу
сияқты
белсенді
әрекетке
шақыру
жатыр.
Түркілердің
дүниетанымына оптимизм тән, яғни жастарды өзіне сенуге,
белсенділікке үйретеді.
Түркілер дүниетанымын «ел» деген ұғым арқылы
білдірген. Түркілер «ел» ұғымына қасиетті Жер-Суды және
...Тәңірді сидырған. Осылардың бәрі бар болғанда, басы бүтін
болғанда «ел» бар.Осымен қатар оларда «құт» түсінігі болған.
Ол – Тәңірдің қолдауына ие болу, соның жолында «елге»
қызмет жасау. Демек, түркілердің көсемдері осындай Тәңірдің
барлығын танитын, соның жебеуімен халқына немесе «елге»
қызмет
жасаушы,
оны
басқарушылар.Бірлік,
батырлық,
адамшылық, жақсылық – бәрі Тәңір, бәрі тәңірдің қалауындағы
нәрселер.Тұрмыста індет атаулыны от-анамен аластау ғұрпын
қолданады.
Қазақ халқының мифологиясында аруақ түсінігі бар. Қазақ
халқы және көнедегі түркі тайпаларының басымы адамның
жаны мәңгілік, тек тәні ғана өледі деп білген.[4.95] Осы жерде
Абайдың «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,» - деген терең
философиялық өлең жолдары еске түседі. Ол «Мені мен
менікінің айрылғанын, Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес» -
деп, адам рухының мәңгі жасайтындығын айтады.
Бұл будда діні мен ислам ілімдерінің ортасындағы аралық
түсінік деуге болады. Үнді діни сенімдерінде адамның жаны
мәңгілік, олар басқа кейіпте, әбден кәміл дәрежесіне жеткенге
дейін, тіршілікте жасаған күнә-сауаптарына әртүрлі бейнеде
келіп отырады деп уағыздаса, ислам адам жаны ақырзаман
болғанға дейін оқшау әлемде өмір сүріп, заманның ақырында
өзінің тәніне оралады дейді.Бұл түркілердің дүниетанымы
белгілі бір шектеулі кеңістікте емес, басқа мәдениеттермен
синтез
нәтижесінде
қалыптасқандығын,
оның
жоғары
дүниетанымдық деңгейін көрсетеді.
Түркілерде синтоизм, тағы басқа діндердегі заттар мен
құбылыстардың құдайлары орнына «ие» түсінігі орныққан. Бұл
219