«Толеранттылық терині ұстамдылық, сыйластық және
әдептілік, түсіне және кешіре білуді өз бойына сіңіре
алғандықтан кең мағынаға ие.
Сондықтан да, толеранттылықты сыйластық және теңдікті
мойындау. Адамзат мәдениетінің, нормаларының, нанымының
әр алуандылығы, басым болу мен күштеуден аулақ болу.
Сондай-ақ өзгелерді бар болмысымен қабылдау және олармен
келісім әлемінде бірлесе әрекет ету деп ұғыну қажет [6: 78].
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Гараджа В.И. Религиоведение .М.,1994.
Байтенова Н.Ж. «Дінтану негіздері» Алматы, 2006.
3. Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы
және діни бірлестіктер туралы» Заңы. - Алматы: «Қазақстан»,
2005.
4. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций // Полис. -
1994, №1.
5. Әбсаттар қажы Дербісәлі. Ислам және заман. - Алматы
«Дәуір», 2003. 60 б.
6. Ғарифолла Есім. Дінтану негіздері. Алматы, «Білім»
2010.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚАЗІРГІ
ЗАМАНҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ
РӨЛІ МЕН ОРНЫ
Ибрагимова Г.Е.
Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева, г.
Астана
dilnura@mail.ru
Қазіргі халықаралық қатынастарда жаһандану үдерісінен
шығатын үрдістер көпжақты дипломатия институттарының
өзектілігін арттыруда. Көпжақты дипломатияның бір нысаны
мемлекеттердің халықаралық үкіметаралық ұйымдарға (ХҮҰ)
қатысуы болып табылады
Халықаралық ұйымдар қазіргі кезеңде халықаралық
жүйені басқарудың ерекше нысанын жасап отыр, оның
қажеттілігі өзара тәуелділіктің артуымен және мемлекеттердің
саяси,
экономикалық
және
әлеуметтік
салалардағы
247
мүдделерінің тоғысуымен байланысты түсіндіріледі. Қазіргі
кезде халықаралық үкіметаралық ұйымдар саяси саладағы
белгілі бір басқару функцияларын өзіне жүктейді, ал
мемлекеттер бүгінде ондай қызметті толығымен өзіне ала
алмайды. Демек, халықаралық ұйымдардың құрылымдары
арқылы оның халықаралық ортадағы реттеуші қызметі қaлпына
келтіріледі.
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінің күрделенуі
халықаралық қауымдастықты басқарудың жаңа тәсілдерін іздеу
қажеттігі туралы ойға бастау болды, жаһандану кезеңіне сай
келетін жаһандық басқару үлгісін жасап шығаруға түрткі болды.
Осыған
орай,
ғылыми
әдебиетте
халықаралық
реттеу
үдерісіндегі халықаралық ұйымдардың рөліне қатысты мәселе
белсенді талқылана бастады.
Осылайша, халықаралық ұйымдар халықаралық реттеу
үдерісінің жетекшісі мен құралы болып табылады деген пікір
қалыптасты.
М.Ю.Панченконың
«Основные
парадигмы
изучения
международного
порядка
в
современной
политологии»
атты
монографиясында
айтылғандай,
халықаралық жүйеде тәртіп өзінен-өзі пайда болмайды, ол
адамдардың әрекеттерді ұйымдастыруға салған күшінің
нәтижесі болып табылады, ал олар халықтар мен мемлекеттер
арасындағы қатынастарды дұрыс құруға, алдын ала болжауға
болатындай жасауға, белгілі бір ережелер мен нормаларға
бағындыруға мүмкіндік береді [1: 20]. А.Григорьев саналы
рационалды әрекеттердің салдары ретінде пайда болған
әлеуметтік тәртіпті оның «детерменистік үлгісі» деп атайды [2:
296]. Бұндай үлгіде халықаралық тәртіп белгілі бір ұйымдардың
көмегімен, әсіресе, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Халықаралық
Валюта Қоры (ХВҚ), Халықаралық сот және т.с.с. жаһандық
ұйымдар арқылы сақталады. Сонымен қатар, халықаралық
қатынастарды аймақтық, субаймақтық және басқа деңгейлерде
ретке келтіру институттары да бар. Халықаралық ұйымдар
әлемдік
саясат
субъектілерінің
қатынастарын
реттейтін
нормалар мен ережелерді жасап шығарады, олардың
сақталуын бақылайды, тәртіп бұзушыларға қарсы санкциялар
қолданады.
Р.Малаян бойынша, халықаралық ортаның маңызды бір
ерекшелігі
жаһандық
институционалдық
вакуум
болып
табылады.
Р.Малаянның
пікірінше,
«Жаһандық
әлем»,
халықаралық қатынастардың Вестфаль жүйесі сияқты, де-
факто түрде анархия жағдайында [3: 39]. Оның орталық
үйлестіруші органы жоқ, ал көптеген жаһандық мәселелер
248
мемлекетаралық келісімдер деңгейінде шешілмейді. Шартты
түрде басты рөл БҰҰ-ға тиесілі, бірақ ол әрқашан да өз
мүшелерінің мүдделерін бітімге келтіріп, жедел шешім
қабылдай алмайды. Сондықтан әлемдік дамудың қисыны басқа
ұйымдарды осы вакуумды толтыруға итермелейді. Ғылыми
және публицистикалық әдебиетте, көбінесе, ықпалдылық
белгілеріне, ресурстарының шоғырлануына, кең құзыреттілігі
мен институционалдық дамуына қарай, осындай үш ұйымды
бөліп көрсетеді. Бұл – БҰҰ, НАТО және «Үлкен сегіздік». Соңғы
жылдары
НАТО
мен
«Үлкен
сегіздіктің»
қызметі
көпфункционалды сипат алуда. Мәселен, НАТО бірте-бірте
жаһандық реттеудегі үлкен рөлге қарай өзгеруде. Қазіргі
кезеңде «Үлкен сегіздіктің» көпжақты дипломатиядағы рөлі
халықаралық қатынастардағы негізгі үдерістерді ресми емес
түрде реттеу құралының қызметін атқарумен байланысты.
«Үлкен
сегіздік»
халықаралық
жүйені
ұжымдық
түрде
басқаратын «қазіргі заманғы халықаралық концерт» болып
табылады деген пікір бар. Әдебиеттерде жиі айтылатын ойға
сәйкес, БҰҰ бірте-бірте әмбебап позициялардан кетеді, ал
«сегіздік» пен НАТО оның орнына тұрады. Сонымен қатар,
аталмыш ұйымдар, әлемдік реттеудің көп деңгейлі кеңістігінің
қалыптасуында әрқайсысы өзінің қызметтерін атқара отырып,
әр түрлі жазықтықтарда қызмет етеді деп есептеледі. Қазіргі
таңда дамыған мемлекеттер өз мүдделерінің жетекшісі болып
саналатын БҰҰ-дан бас тартуға дайын емес. Оның үстіне,
НАТО
мен
«Үлкен
сегіздік»
те
әлемдік
даму
үшін
жауапкершілікті өз мойнына алуға ниет білдірмейді. Осылайша,
Р.Малаян
айтқандай,
бұл
жағдайда
осы
ұйымдардың
салыстырмалы артықшылықтарына қарай өз орындарын таба
білуіне көңіл бөлу керек [3: 40]. Демек, «жаһандық саяси
кеңістіктің» қалыптасуы шеңберінде ерекше қызығушылыққа
үкіметаралық саяси ұйымдар ие, олар әлемдік жүйені реттеуде
шешуші рөлге шығуы мүмкін.
ХҮҰ қызметі екі түрлі рөлде көрініс табады: бір жағынан,
мүше-мемлекеттер арасындағы әрекеттестік үшін жағдай
жасайды, екінші жағынан, халықаралық ортада айрықша,
әрекет
етуші
тұлғалар
ретінде
қызмет
ете
отырып,
халықаралық қатынастардың даму серпініне өздігінен ықпал
етеді. Бұндай дербестіктің шамасы – даулы мәселе және,
дәстүрлі түрде, зерттеушілер арасында пікірталас туғызып
отырады. «Реалистік парадигманың» жақтастарының пікірінше,
мемлекетаралық
ұйымдардың
қызметі
тек
мүше-
мемлекеттерінің
әрекетіне байланысты атқарылады, ал
249
Достарыңызбен бөлісу: |