Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет69/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   156

болады.  Бұл  тұжырымның  дұрыстығын  арийлер  заманынан 

басталған касталық жүйе дәлелдей түседі. Бұл жерде анықтап 

алатын  екі  мәселе  бар.  Оның  біріншісі-жаулаушылардың 

«арий»  аталуы  туралы.  Олар бұл атты алғаш рет Иран жеріне 

келгенде  иеленді,  сондықтан  да  арийлер  деген  ат  бұл 

тайпалық одақтың шын аты болып табылмайды, олар жүргізген 

қатал  жаулаушы  өктемдік  билікке  байланысты  шығып,  бірақ 

кейін  этностық  мағына  алып  кеткен  атақ,  айдар.  Ал  бұның  өзі 

сайып  келгенде  осы  жұрттың  алғашқы  өз  атауының  жоғалып 

кетуіне,  сондықтан  да  арийлердің  ата-мекенін  анықтаудың 

мүмкіндігі болмай қалғандығына әкеліп соқты. Арийлердің Иран 

жерінде  қанша  болғандығы,  олардан  қалған  мұралар,  іздер 

Иран  тарихында  сақталмаған,  себебі  бұл  аймақтағы  тарих 

белсенділігінің 

мықты 

болғаны  соншалық  кешегі  элам 



заманынан  кейін  де  жиырма  шақты  өркениеттің  түрлері  мен 

мәдениет  кезеңдері  бірін-бірі  ауыстырып  отырған.  Бұндай 

тарихта 

сабақтастық 

сақтауға 

аз 


орын  беріледі.  Төл 

мәдениеттің жанашыры болып табылатын дін де Иран жерінде 

сапырылыс жағдайында дамыды, ақырында отқа табынатын өз 

діні емес, Аллаға бағынатын араб дінін ұстап қалды.

Арийлердің  Үндістан  жеріндегі  белсенді  әрекеті  бүгінгі 

үнді  мәдениетінің  қай  саласында  болса  да  өз  орнын  тапқан. 

Индологтардың  пайымдауынша  көне  үнді  әдебиеті  веда 

әдебиетінен  басталады,  үнді  діндері  мен  философиясы  да 

ведалық  діндер  мен  көзқарастардан  нәр  алған.  Касталық 

жүйенің басында тұрған брахмандар да өз тарихын ведалардан 

бастайды.Ал  веданың  өзі  не  және  ол  жүйені  кім  жасағаны 

жөніндегі  мәселе  бүгінде  де  ашық  қалып  отыр.  Ведалық 

жүйенің 

арийлік 


мәдениеттің 

жиынтығы  екенін  сезетін 

ғалымдардың  өздері  әртүрлі  себептермен  оны  ашып  айта 

алмайды.  Осы  жерде  біз  анықтап  алуға  тиісті  екінші  мәселе 

туады.  Брахмандар-абыздар  кастасы  деу  дұрыс  болғанымен, 

арийлердің брахмандарға қалай айналғанын ашып көрсетпейді. 

Жергілікті  халықты  баса-көктеп  кірген  арийлер  олардың 

қарсылығын  тезірек  басу  үшін  және  болашақта  да  наразылық 

тудырмау үшін «өмір сүру ережесін» ұсынған. Онда арийлердің 

билеу  құқы  да,  дравидтердің  жаңа  жағдайдағы  орны  да  толық 

көрсетілді.  Жаулаушы  арийлер  енді  «үйретуші»,  «ұстаз» 

арийлерге,  абыздарға  айналды.  Ал  «үйретуші»  беделсіз 

болмайды.  Кешегі  кеңестер  заманында  «өмір  ережесінің» 

беделі  партияда  болса,  бұрынғы  «үйретушілердің»  беделі 

дінде  болатын.  Сөйтіп  ғасырлар  бойы  арийлер  тұқымы  үнді 

қоғамында  өз  үстемдіктерін  браминдер  ретінде  өткізіп  келді. 

177



Үндінің 

екінші 


кастасы- 

әскери, 


жауынгерлер, 

яғни 


аристократиялық  кастаға  жатқызылса,  үшінші  варнасына 

басында  еркі  бар  қалған  қоғам  мүшелері  мен  кәсіп  иелері 

жатқызылды.  Аталған  үш  каста  түгел  арийлерден  тұрғанмен, 

осы  касталық  жүйенің  жасалуының  өз  логикасы  бар.  Касталық 

жүйе  үнді  жерінде  қалыптасқанына  қарамастан  оның  өзі 

әлеуметтік жіктің арийлер арасында одан ертерек басталғанын 

дәлелдейді.  Арийлердің  ата-мекен  жерін  тастап,  нақтылап 

айтсақ  Қазақстан  жерінен  Үнді  мұхитына  дейін  жетуі-«ұлы 

көштер» қатарына жатады және белгілі бір саяси-экономикалық 

өлшемге  жатады, басқаша айтқанда арийлердің өз заманында 

дамудың  жоғарғы  сатысында  болғандығын  көрсетеді.  Тіпті 

әлеуметтік  жіктің  туының  өзі  тарих  деңгейінен  алып  қарағанда 

белгілі  бір  сатыны  көрсетпей  ме?!  Қалай  болғанда  да 

арийлердің  «еңбек  бөлісінің»  ерен  түрі-варналық  жүйелерді 

жасауы  тіпті  Шығыстың  өзінде  ешбір  жерде  қайталанбайтын 

құбылыс.


Үнді  жерінің  тағы  бір  өзіндік  ерекшелігі-ондағы  ұлттық 

діндердің 

көп 

түрлігі. 



Көп 

діншілдік 

жалпы 

көзқарас 



байлығының  өлшемі  болғанымен,  үнді  үшін  жоғарыдағы 

көрсетілген  себептерге  байланысты  елдің  дамымағандығының 

айғағы.  Үнді  топырағында  пайда  болған  будда  дінінің  бұл 

жерде  үлкен  күшке  ие  бола  алмай,  ақырында  Оңтүстік-Шығыс 

Азия  елдеріне  ауысқанының  өзі  үлкен  бөлек  бір  әңгіменің 

арқауы.  Джайнизм,  сикхизм  сияқты  көзқарастар,  діндер  үнді 

жерін  біріктіруден  гөрі  бұл  жерді  бөлшектеуге  жаратылғандай 

көзқарастар  еді.  Көп  пайғамбар-Бір  Пайғамбардың  жаулары. 

Сондықтан үнді жерінде елді біріктіруді ойлаған не Пайғамбар, 

не  Патша  шыққан  жоқ.  Бірігу  және  біріктіру  идеясы 

болмағандықтан  да  Үндістан  өзін  300  жылдан  астам  аямай 

қанап  тонаған  ағылшын  колонистерінің  сандырағына  бас 

шұлғып  азаттық  алған  күні-ақ  екі  мемлекетке-Пакистан  мен 

Индияға  бөлініп  кетті.  Бірлік  мәселесі  бүгінгі  Индияның  да  бас 

қатыратын  шаруасы.  1973  жылы  санақ  бойынша  елдегі  83% 

индустар  мен  10%  мұсылмандар  әлі  пышақтасуын  қояр  емес. 

Үнді қауымының сырт көзге көп байқала бермейтін ішкі тыныс-

тіршілігінде баяғы касталық жүйе мен одан туған діни алшақтық 

жойылар  емес.  Өз  кезінде  бұл  мәселені  көлденең  қойып 

шешуге  тырысқан  Индира  Ганди  үкіметі  еді, бірақ ол кісінің өзі 

де гвардия офицері-сикхтың оғынан қаза болды.

Үнді  философиялық  дүниетанымы  ең  көне,  тіпті  алғашқы 

десек те болады, философиялық мектепке жатады, сондықтан 

да оған кейінгі философиялық мектептер тұрғысынан, тіпті грек 

178



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау