Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет114/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   156

мәтіні  сақталған,  онда  автор  бес  уез  қазақтарының  атынан 

Ақмола  облысының  Абайға  арнаған  үндеуінде  жалпықазақтық 

мәселелерді, яғни ұлттық рухани тұтастық, дін еркіндігі, тіл мен 

ұлттық мәдениетті қорғау мәселелерін көтереді. Екінші, бұл хат 

авторы  немесе  авторлары  Абайды  ұлттың  рухани  көсемі 

ретінде  бағалап,  жәрдем  тілеуінде,  осы  орайда  хаттың 

басында жазылған мына бір сөздер айтылған жайдың сипатын 

аша түседі: «Ассалаумағаләйкүм! Биік мәртебелі, аса құрметті, 

жұрт ардақтайтын Ибраһим мырза!»

Хат  Абайды  орыстандыру  мен  ислам  дініне  қайшы 

отаршыл саясатқа қарсы наразылық күресінде басшылық етуге 

шақырғанымен,  күш  көрсетуге,  бағынбаушылыққа  үндемейді, 

күресті бейбіт жолмен жүргізуді ұсынады.

Абай  тек  өз  қандастарының  арасында  ғана  зор  құрметке 

ие  болып  қоймағанын  бұл  жерде  баса  айта  кетуіміз  керек. 

Абайды  орыс  әкімшілігі  мен  интеллигенциясы  зор  құрмет 

тұтып,  сыйлағанын  Семей  губернаторының  1903  ж.  30 

қыркүйекте  Дала  губернаторына  жазған  хатынан  байқауға 

болады.  «Сіздің,  жоғары  мәртебелім,  осы  жылғы  1-ші 

қыркүйегіндегі 

№12 

ұсынысыңызға 



байланысты 

баяндайтыным: 

Шыңғыс 

болысының 



қырғызы 

Ибрагим 


Құнанбаев 

60 


жаста 

(шындығында 

59 

жаста-К.А.), 



салыстырмалы  түрде  үлкен  дәулетке  ие  – 1000-ға  жуық 

жылқысы, 2 мың қойы бар.

Құнанбаев  өте  сауатты,  білімді  адам,  ол  екі  рет  үш 

жылдан  би,  үш  рет  үш  жылдан  Шыңғыс  болысының  билеушісі 

болды.  Сонан  соң  үкіметтің  тағайындауымен  3  жыл  Мұқыр 

болысының басшысы қызметін атқарды.

Қызметте Құнанбаев өзін ақылды басшы ретінде көрсетті. 

Құнанбаевтың барлық балаларының орысша сауаты бар. Оның 

орыс  әдебиетінен  хабары  мол,  үнемі  кітап,  газет,  журналдар 

жаздырып  алып  оқиды.  Кезінде  бұратана  халықтың  арасында 

зор  беделге  ие  болған  көрінеді.  Қазіргі  кезде  қартаюына 

байланысты  партияаралық  тартыстарға  араласпайды, бірақ та 

кеңес  сұрап  келетіндер  әлі  де  көп…»  Құжатта  бас  штабтың 

генерал-майоры Галкиннің қолы қойылған.

Осы  құжаттың  авторы  –  жоғары  лауазымды  шенеунік 

Семей  облысының  губернаторы  өзінің  адамгершілігімен  және 

тазалығымен  көзге  түседі.  Керісінше,  Н.Таласовқа  тексеру 

жүргізген  Көкшетау  оязының  бастығы,  подполковник  Троицкий 

туралы ойымыз мүлде басқаша. Оның Ақмола губернаторының 

атына  жазған  1902  жылғы  3  сәуірде  жазған  хатынды  былай 

деген:  «Сот  ведомстволары  қазақтардың  зиянды  істеріне 

289



тосқауыл  қоюдың  орнына,  керісінше,  бүркемелеп  отыр. 

Айталық,  Көкшетау  мировой  судиясы  стат    -  кеңесшісі 

Кудровецкийдің  бей-жайлығы  осыны  дәлелдейді.  Қазіргі  кезде 

оның  сыбайластары:  М.Сердалин  (бақылауда),  оның  бұрынғы 

аудармашысы, 

Зеренді 


болысының 

тұрғыны 


Балқожа 

Құдайбергенов,  заңгер  Айдархан  Тұрлыбаев,  молла  Таласов, 

оның  көмекшісі  Қосшығұловтар  болыс  пен  қалаларды  аралап, 

насихат жұмыстарын жүргізуде».

Басшылардан  «әбден  көңілі  қалған»  Троицкий  тіпті  өзінің 

әріптесі, 

Петропавл 

ояз 


бастығын 

«Қазақтардың 

діни 

мұқтаждықтарына  көмек  беруде»,  - деп,  одан  әрі  қынжылыс 



білдіреді.  Сөзінің  соңында  ояз  бастығы  мешіт  ислам  дінін 

насихаттаудың 

орталығы 

болып 


отырғанын, 

ал 


мешіт 

жанындағы мектептің заңсыз екендігіне тоқталып, бұлар ортаға 

өте қауіпті деп, қорытынды жасайды.

Православие  шіркеуінің  басқа  діндерден,  ағымдардан 

басымдылығын,  артықшылығын  тілге  тиек  ете  отырып, 

Троицкий  мұсылман  дінінің  қызметіне  шектеулі  түрде  ғана 

заңға  сәйкес  рұқсат  беру  керек  дейді.  Мына  бір  ойлары  оның 

бет-пердесін толық ашып берсе керек: «Пора покончить с игрой 

на  почве  религиозной,  мусульманской.  Пора  разобраться  в 

этих  вопросах,  пора  наложить  руку  на  центры,  изъять  их 

деятелей  в  места  нейтральные,  а  население  поставить 

должными разъяснениями на надлежащий путь».

Ояз  бастығының  ұсыныстарын  толық  мақұлдаған  дала 

генерал-губернаторы 

ішкі 

істер 


министрілігінің 

атына 


«Қосшығұлов  пен  Таласовты  Дала  өлкесінен  аластату  және 

қазақтар  арасындағы  сенімсіздік  тудыратын  адамдарды  үнемі 

қадағалау үшін 155 сом жіберуді» өтініп, хат жолдайды.

Тиісті  орындардың  жауабы  көп  күттірген  жоқ.  Ішкі  істер 

министрілігінің  1903  жылғы  17  шілдедегі  арнаулы  мәжілісі 

молла  Таласов  пен  қамауда  отырған  оның  көмекшісі 

Қосшығұловқа  «өкіметтің  қаулыларына  қазақтарды  қарсы 

қоюшылар»  деп  баға  берді.  Ішкі  істер  министрі  қол  қойған  бұл 

қаулыда былай делінген: «Аталған екі адам Шығыс Сібірге жер 

аударылып,  Иркутск  генерал-губернаторының  қарамағына 

жіберілсін.  Қосшығұловқа  – 5  жыл,  Таласовқа  – 3  жыл  мерзім 

кесілсін. Шешім 1903 жылдың 12 маусымынан күшіне енсін».

Халық  арасында  кең  танымал  Науан  Хазіреттің  жер 

аударылуы қазақ арасындағы жағдайды одан әрі шиеленістірді, 

ашу-ызасын 

тудырды. 

Нақақтан-нақақ 

жала 


жабылып 

итжеккенге  кеткен  Хазіретті  босатып  алу  туралы  ел  арасында 

петицияға қол жинау қозғалысы басталды. Осы орайда Әлихан 

290



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау