Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
өсімдіктерден басқамен қосуға да болмайды. Демек, әр дәріні өз мөлшерімен ыңғайына қарап
қабылдағанда ғана тиімді болатынын ұмытпаған жөн.
б)Қызыл мияны ысырыпсыз пайдалану мен өңдеудің адам өміріндегі маңызы
Аталмыш өсімдік біздің елімізде, оның ішінде көп бөлігі Қызылорда облысы аумағында өседі деп
ауыз толтырып айтқанымызбен, оны әлі де өз пайдамызға жарата алмай, құрдымға жіберіп
жатқанымыз қынжылтады. Осыдан бірнеше жыл бұрын, яғни “Батыс Европа-Батыс Қытай”
халықаралық дәлізінің құрылысы басталған тұста Сыр жұртшылығы қызыл мияның құрдымға кетіп
жатқанын айтып, бір шу көтерген болатын. Себебі сол уақыттарда иесіз жатқан ен дала құрылыс
алаңына айналғанда техникалар сыр бойындағы санаулы ағаштарды аударып тастады. Оның арасында
өзі аз әрі аса құнды саналатын қызыл мия өсімдігінің біраз бөлігі де келмеске кетті. Осы жәйтке орай
аймағымызға іс-сапармен келген халық қалаулыларына тұрғылықты халық сауал тастап, табиғатты
қорғауға қол ұшын созуды сұраған болатын. Бірақ аталмыш мәселеге орай қандай шешім жасалғаны
бәрімізге беймәлім күйде қалып келе жатыр.
Алайда биыл қызыл мияға қырғидай тиюшілер шетелдік компаниялар ғана емес, өз арамызда да бой
көрсетіп отыр. Өзен бойын жағалай қоныстанған халық жыл басынан бері қос-қос жүк көліктерімен
келген соқталдай жігіттердің өзі құрдымның аз-ақ алдында тұрған қызыл мия өсімдігін тамырымен
қопарып әкетіп жатқанын айтып дабыл қағуда. Өңір жұртшылығының сөзіне құлақ түрсек, бұл
өсімдік медицина ғылымы жоғары қарқында дамыған көршілес Қытай сынды шет мемлекеттерде зор
сұранысқа ие екен. Бағасы да аспандап тұрғанға ұқсайды. Сондықтан да оңай табысқа кенелуді
көздеген кейбір бауырларымыз туған жеріміздің табиғатын аяусыз тонап, бар байлығымызды сыртқа
тасумен әлек.
Өкініштісі сол, мұндай бассыздықты көре тұра көз жұма қарап отыр ма, әлде бұл жәйттен бейхабар
ма, әйтеуір табиғат - ананың байлығын тонаушыларға «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа табылмай
отыр. Жергілікті атқарушы билік тарапынан қандай да бір шара көрілмей тұр. Ал контрабандалық
жолмен қызыл миядан қып-қызыл табысқа кенелуді көздеушілер дәрілік өсімдікті «Камаз-камазбен»
тасуын тоқтатпақ емес. Бұлай жалғаса берсе, табиғат-ана берген байлығымызды шет ел асырып,
ертеңгі күні бармағымызды тістеп қалмасымызға кім кепіл.
Ендеше ,алтынға бергісіз байлығымызды шет елге тасуға жол бермеу үшін, біздің ауданымызда
қызыл мияны игеретін арнайы өндіріс орны ашылмақшы . Қызылорда облысы Жалағаш ауданында
өңір басшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен қызыл мия өсімдігінің тамырын өңдейтін
зауыттың іргетасы қаланды. Зауытты «БИС-групп»
ЖШС бірлескен кәсіпорны салып бастады.Қызыл мия тамырынан ерітінді дайындайтын
кәсіпорынның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, іске қосылады деп күтілуде. Аймақтағы iрi
жобалардың бiрi-бұл зауыттың жалпы көлемi 10 гектар жерге орналасқан. Зауыт үш бөлiктен тұрады.
Жоба құны 1 887 миллион теңге тұрады.
Кәсіпорынның бас директоры Ділдахан Ахметовтің мәлімдеуінше, жоба еліміздің индустриялық-
инновациялық бағдарламасына енген және оның өнімдері 100 пайыз экспортқа бағытталатын болады.
Мамандар зауыттан шығарылатын қызыл мия тамырының ерітіндісінен бөлек, 1200 түрлі
медициналық препаратқа қажетті шикізат әзірлейтін болады. Әлемдік нарықта қызыл мия тамырына
Германия, АҚШ, Түркия, Жапония елдері ерекше сұраныс танытып отыр. Зауыт толық қуатына
шыққанда 320 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев инвесторларға жобаның жүзеге асуына жергілікті билік тарапынан
барынша қолдау жасалатынын мәлім етті. Ал Жалағаш ауданының әкімі СерікСермағанбетовке жоба
толық іске асқанға дейін оны жіті бақылап, қолғабыс етуді тапсырды.
Қазақта «қасқалдақтың қанындай тапшы» деген сөз бар. Дәл сол секiлдi қызыл мия тамырынан
сығып алынған шырын тамақ өнеркәсiбi, косметика, медицина саласында кеңiнен қолданылады. Ал
өндiрiлген өнiмнiң қалдығын ауылшаруашылығы саласына мал азығы ретiнде жаратуға аса пайдалы
саналады. Демек, қалдықсыз өнiм өндiрiп, Қытай, Ресей, Жапония секiлдi алпауыт елдермен
әрiптестiк бағытта жұмыс жасайтын зауыттың келешегi зор. Әрине, жылына миллиардтаған салық
түсiрiп, үш жүзге жуық адамды жұмыспен қамтитын зауытты өз аумағында салуға барлық аудан
басшылары құмартып едi. Алайда, зауыттың басшысы айтқандай, Жалағаш ауданының әкiмi бiрiншi
кезекте барынша қолдау көрсетiп, әкiмгершiлiк кедергiлердi туындатпай, мәселенi жедел шешiп
272
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
берген. Бүгiнде зауытқа ауданның 47 азаматы жұмысқа орналасты. Жоба бойынша зауыт 2015
жылдың алғашқы тоқсанында пайдалануға берiледi.
3.Қорытынды. Қызыл мияны қорғау және өңдеу біздің негізгі міндетіміз.
Қызыл мия өңдейтін зауыттың іске қосылуына жергілікті атқамінерлер де қал-қадірінше қолдау
білдіріп отыр. Сондай-ақ кәсіпорын қызыл мия тамырын өңдеп қана қоймай, 2000 гектар жерге оның
өзегін егіп, күтіп-баптауды да қолға алмақ. Өндіріс жылына 22 мың тонна қызыл мия тамырын
өңдейді. Қазір бұл облыста 80 мың гектар алқапта қызыл мия қоры бар екенін мамандар анықтап
отыр. Негізі, жаңа кәсіпорынды іске қосуға ықыластылар қызыл мия қоры елімізде бұдан да көбірек
екендігіне сенімді болар деп ойлаймыз. Өйткені бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін
өсімдіктер еліміздің шөл, шөлейтті және далалы аймақтарында бұрыннан кездеседі. Оның кең
тараған 5 түрі өседі. Тіпті зауыт ашып отырған Қызылорда облысының барлық аймақтарын да
жерсінген және молынан кездеседі. Негізі, өсімтал, аса күй талғамайтын бұл өсімдік жылына бірнеше
жүздеген ұрық салады. Топыраққа түскен тұқым 2-3 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Қызыл
мияның тамыры бірнеше ауруға ем, дертке дауа екендігі әлдеқашан дәлелденген. Сондықтан да
іргетасы енді қаланып жатқан кәсіпорынның болашағы зор болмақ. Арзымаған тиын-тебенге елімізде
өсетін пайдалы өсімдікті шекара асырудың орнына, жергілікті кәсіпорынның аяғынан тік тұруына ел
болып атсалыссақ, ол біріншіден, жергілікті халыққа тұрақты жұмыс орны, екіншіден, бюджетке
түсетін қомақты қаражат, сосын ел экономикасының дамуына үлкен үлес болар еді.
Қазып, құртқан оңай, әрине. Ал тамырымен жұлынған соң оның орнына келмесі кәдік.
Биологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ол өсімдіктің қайта өсіп шығуы үшін жүздеген жыл қажет
болуы да мүмкін. Яғни тамырынан түк қалмаған соң ол қайта өсіп шықпайтыны айқын. Қызыл
кітапқа енгізіліп отырған қызылмияның тамырын өңдеу үшін ашылғалы отырған зауыттың
жұмысына сәттілік тілеп ,үлкен үміт күтемін және төмендегідей ұсыныс айтқым келеді:
1.Қызыл мияны ысырапсыз пайдалану үшін оның өсетін аймақтарын қорғауға алса;
2.Қызыл мияны егетін арнайы шаруашылықтар ашылса;
3.Мектеп оқулықтарына қызыл мия туралы мағлұматтар енгізілсе;
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. "Орал өңірі" газеті 2013 жыл
2. "Таным мен тағылым" журналы ,2012жыл
3. «Жалағаш жаршысы »газеті,11 желтоқсан 2013жыл.Серiк БЕРТАЕВ
4.«Сыр елі энциклопедиясы»
5.«Қызылорда облысының өсімдіктер әлемі».оқу құралы .2013жыл
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
«ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ БАС КИІМІ»
Жұмыстың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық бас киімі»
Бағыты: Этномәдениеттану
Орындаушы: Карифуллаев Байтұрсын 4 в сынып оқушысы № 201 орта мектеп
Жұмыстың жетекшісі: Шарипкулова Базаркул, бастауыш сынып мұғалімі, № 201 орта мектеп
Жұмыстың орындалған уақыты: 2014 жыл, ақпан
Шолу
Бұл ғылыми жұмыс жазуды 4 – сынып оқушысы Карифуллаев Байтұрсын бастады. Байтұрсын
салмақты, сабырлы, мектепте жақсы оқитын оқушылардың бірі. Байтұрсынның бұл жобаны жазу
барысында қызығушылық танытып, қазақ халқының бас киімдерін жазуды таңдады. Таңдау себебі,
Байтұрсынға ұлттық бас киімдер қатты ұнайтын болды. Қызығушылықпен қазақ халқының бас
киімдерін жазып шықты. Жазу барысында жан – жақты дайындық үстінде болды. Байтұрсынның бұл
жұмысты жазу барысында көптеген ізденістер жасап аудандық, мектепішілік кітапханаларға барып
273
Достарыңызбен бөлісу: |