Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет119/147
Дата26.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#17970
түріСеминар
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   147

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Бұл қай мезгіл деп сұрақ қойдым. Оқушылар күз деп жауап берді. Әрі қарай күзде қандай табиғат 
өзгерістері болатынын туралы сұрадым. Балалар біреуі күн салқындайды, құстар жылы жаққа ұшады,
ағаштардың жапырақтары сарғаяды, адамдар жылы киінеді, жеміс-жидектер пісіп жетіледі деді. Осы 
аралықта мен жаңа тақырыпты аштым. Иә, балабар, бүгінгі жаңа сабағымыз «Күздің кереметі» деген 
тақырып, ерекше күз     кереметтерін суреттейтін Әдібай Табылдиевтің «Күздің кереметі» әңгімесімен
танысамыз. Авторға мәлімет бердім. Одан кейін мәтінді мәнерлеп оқыттым, оқушылармен бірлесе 
отырып, әңгімеге мазмұндық жоспар құрылды. Үш топқа тапсырма бойынша бағалау критерийлерін 
топтардың алдына үлестіріп түсіндірдім.
1-топқа. «Күз-байлық, молшылық» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
2-топқа осы мәтінге бақшадағы жемістер жайлы сурет салу.
3-топқа «ребус шешу» (күз-мереке, күз-береке)
Әр топ берілген уақыт ішінде тапсырма бойынша ойларын оратға салып, бір-бірімен ақылдасып, 
суретін де сала бастады. Одан соң топ ішінен бір оқушы жасаған жұмыстарын ортаға шығып 
түсіндірді. Бұл тапсырма барысында мен оқушылардың жарыса ойларын ортаға салып жатқанын, бір-
біріне ынтамен қарап, бірлесіп жатқанын байқадым. Тіпті бұрын сабақта өзімен-өзі болып отыратын 
оқушылар мағұлматты анық білмесе де, өзгенің айтқанын құлақ түріп, суретін мен салып берейінші 
деген ұсыныстарын да айтып жатты. Сабақтың арасында сергіту сәтін ұйымдастырдым. «Ойлан-
топтас-талқыла» стратегиясы бойынша оқулықтан әр топқа мәтінді тауып оқыту. Бұл тапсырма 
арқылы мен оқушылардың мәнерлеп оқуын, жүйелі сөйлеуін жетілдіргім келді.
Одан кейінгі тапсырмам күз туралы мақал-мәтелдерді дәптерлеріне жаздырдым.
Соңында сурет бойынша күздің ерекшелігін әр топ қортындылап айтып берді: үй тапсырмасына
күздің суретін салып келуді ұсындым. Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін тақтадағы плакатқа
стикермен   жазып,   жабыстыруын   сұрадым.   Оқушылар   жаңаша   өткізлген   бұл   сабақтың   бұрынғы
сабаққа қарағанда қызықтырақ екенін, уақыттың аз болғанын, жазып қалдырыпты. Оқушылардың
сабақтағы ынтасынан мен жаңаша бастаманың алдағы уақытта жақсы әдіс боларына сендім. 
Үшінші сабағымның тақырыбы «Адам болам десеңіз» Ана тілі пәнінен өткізілген бұл сабақтың
мақсаты-өлеңнің идеясын ашу.Өлеңдегі үзінділерге ой түйін айта білуін,сын тұрғысынан ойлауын,тіл
байлықтарын   дамыту.Өлеңде   адамгершілікке,білімдікке,сүйіспеншілікке,талапшылдыққа   еңбекті
сүюге   тәрбиелеу,бір-бірін   тыңдауға   үйрету.Оқушылар   сабақтың   жүру   барысынан   хабарлы
болғандықтан,топқа   бөлінуге   көп   уақыт   кетпеді.Оқушылар   суреттер   арқылы   екі   топқа   бөлініп,өз
орындарына жайғасты.Сабаққа кіріспес бұрын оқушының көңіл-күйін байқау мақсатында әр түрлі
смайликтер бейнеленген парақшаға әр оқушыға сәйкесінше аттарын жаздырып алдым.Бұл арқылы
оқушының сабаққа ынтасын түсінуге ,сабақ барысында сол оқушыға қолайлы тапсырмамен қажетті
марапаттау қажеттігін түсіндім.Сондықтан бүгін бәріміз бірлесіп жақсы баға алу үшін топ болып тату
жұмыс жасауымыз керек екенін түсіндіріп айтып өттім.Одан соң сынып ережесін еске түсірдік.Бұл
өздері құрастырған ережені еске ұстап,сол бойынша жұмыс жасауларына себептігін тигізеді.Сабаққа
қатыспай   отырған   оқушыны   журналға   белгілеп   алдым   да,әрі   қарай   сабағыма   кірістім.Сабақтың
жоспарын   Блум   таксономиясына   сай   құрып   көрдім.Алғашқы   «Білу»баспалдағында   жазушының
өміріне қатысты сандар берумен бастадым.Бұл тапсырмада берілген сандарға қатысты мәліметтерді
айтып   өтеді.Өлеңнің  авторымен  таныстыра   отырып,жаңа   сабақтың   тақырыбын   аштым.Осы   жерде
видео   ролик   көрсетілді.Сабақтың   мақсатымен   таныстырып   өттім.   Одан   соң   сабақтағы   бағалау
көрсеткішін әр топқа тараттым.Әр топтың белсенді әр тапсырма бойынша өз тобының,өзге топтардың
бір   бағасын   және   мұғалімнің   топқа   берілген   бағаларын   бағалау   парақшасына   түртіп   алып
отырады.Бағалаудың   бұл   әдісі   оқушыға   сабақ   барысында   тапсырмалардан   алған   бағаларын
байқап,өздерін бағалауына,алға қарай ұмтылуына себептігін тигізеді деп ойладым.Келесі тапсырма
Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?деген сұрақпен оқушыларды әр түрлі шығармаларымен және
өлеңдерімен таныстырып өттім.Жаңа сабағымыз «Адам болам десеңіз» өлеңін роликпен оқушыларға
таныстырдым.Сабақтың басында екі топқа бөлінуі бойынша ; бірінші топ «Ибраһим»(азан шақырып
қойған аты) екінші топ «Абай» (әжесінің қойған аты). Екі топқа Абайдың «Желсіз түнде жарық –ай»
өлеңін айтқыздым.Осы жерде рефлексивті оқытуға балалардың үйренгендері жайында сыни тұрғыдан
ойлауы жатады.Бұл олар көрсеткен сыни тұрғыдан ойлау тәртіптері мен дағдыларын зерттеуді ,жазып
алуды   және   бағалауды   талап   етеді.   Бұл   қабілеттер   мен   дағдылар   оқу   үдерісіндегі   белгілі   бір
264


Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
дәлелдерді   талқылап,қарастыруды   қажет   ететін   тапсырмаларды   орындау   барысында   көрініс
береді.Бұл   арқылы   олар,мәселен   адамдардың   өмір   жолын   тілге   тиек   ете   отырып,қажеттіліктерді
танып-білуге  құрылған немесе  тарихтағы  өзгерістер  мен үздіксіз  ізденістер  туралы біліп,адамның
әлеуметтік –экономикалық өміріне әсер ететін 
қоршаған орта мен технологияның арасындағы қарым-қатынастарымен танысу мүмкіндіктеріне ие 
болады.(53-бет,Мұғалімге арналған нұсқаулық)
Келесі тапсырма екі топқа өлеңдегі «Бес асыл қасиетті іріктейді» «Бес дұшпанды» топ болып бірлесіп
отырып жауап берді. Бұл тапсырманы орындап отырғанда оқушылардан байқағаным ,топтың әр 
мүшесі үзінді туралы өз ойларын ортаға салып,әркім өз пікірінің ескерілуін қалап,дауласқан 
дауыстары да шығып қалды.Келесі тапсырма «Қолдану» баспалдағындағы әр сөзге түсінік беру.Содан
соң «Сыңарын тап»ойыны(мақал-мәтелдер жалғасын табу) екі топқа да берілді.Екі топта жақсы 
орындап айтқандарға қол шапалақтау арқылы формативтік бағаланып отырды.Формативтік 
(қалыптастырушы)және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылық 1960жылдардан бастап 
белгіленген,бірақ берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған.Іс жүзінде бір мәнге ие болатын 
бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқытуды бағалау және нақты 
мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану 
болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.(21-бет,бағдарлама)
«Талдау» баспалдағы,одан кейінгі тапсырма суретпен жұмыс «Ой толғау» әр топ өз ойларын постер
қорғау   арқылы   жазып   шығарды.Жинақтау   баспалдағында   «Тобықтай   түйін»   салыстыру
жасалды.Білім   мен   байлықты   салыстыру.Білім,Білім   сені   бағады.Білім   досыңды   көбейтеді.Білімді
ұрылардан   сақтаудың   қажеті   жоқ.Білімің   көп   болса,сені   құрметтейді.   Ал,Байлық»   Байлықты   сен
бағасың.Байлық дұшпаныңды көбейтеді.Дүниеңді ұрылардан күнде қорғайсың.Байлығың көп болса
қызғанады.Сабақ   аяғында   бүгінгі   топтардың   жұмысын   бағалау   үшін   алдарындағы   бағалау
парақшаларындағы бағалардың ортақ қорытынды бағасын айтып өтеді.Үй жұмысына өлеңді жаттап
алуды бердім.Одан соң көңіл-күйді білдіретін смайликтердің астына сабақтан алған әсерлерін жазып
қалдырады.Мен   оқушылардың   бойынан   қазіргі   жаңа   тәсілден   қызығушылығын,сабақтың
ұнағанын,бұрынғы   дәстүрлі   сабақтардан   өзгешелігі,тиімді   жақтары   болғанын   түсіндім.   Сыни
тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен
заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы
шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.Сыни тұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз
бетімен білімді игеруге , бір- бірімен қарым – қатынас жасауға   тәрбиелейді. Ойлау да, оқу , жазу,
сөйлеу жене тыңдау сияқты іс – әрекет . Ол – белсенді , тұжырымдалған , күрделі шын ойды айтатын
құбылыс.«Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту » бағдарламасымен оқытудан
оқушылардың   кестелер,   суреттер,   оқулық   дәптермен   жұмыс   істеу   іскерліктері   де   артады.Шығыс
даналығы былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсен есімде қалар. Ал, өзім істесем,
үйреніп алам».Сыни ойлату арқылы оқыту қазіргі таңда жиырма тоғыз мемлекетте қолданылады екен.
Осы  бағдарламамен  оқыту  нәтижесінде  оқушылардың  өзін  –  өзі  бақылау,  бағалау,  сөйлеу,  тыңдау
қабілеттерінің артатыны байқалды. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір
оқушының   белсенділік   көрсететін   кезі   туды.   Сабақ   мұғалімінің   емес   ,   оқушының   іс-   әрекетімен
бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында
оқушының ізденуі мен  зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру   мақсатында   сыни   ойлаудың   маңызы   зор   деп   ойлаймын.   Сын   тұрғысынан   ойлау
бағдарламасындағы мұғалім үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға
сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Яғни, мұғалім бүкіл
қайнаған   істің   ортасында   білім   алу   ісін   ұйымдастырушы   деуге   болады.
(http://www.vestnikkfu.info/journal/13/493/)     
Қашықтықтан оқыту кезеңінде мен өз сабақтарымда осы сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану 
арқылы байқағаным:
Дәстүрлі сабақтарда 
Жаңа тәсілді қолданғанда
Мұғалім сабақты түсіндіреді
Топқа бөлініп ой қозғайды 
Оқушыға шығарма жазу 
Мәтінмен өздері танысады
265


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау