Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет122/147
Дата26.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#17970
түріСеминар
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   147

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
айтылатын бата тілектерде жылқы түлегінің қадір- қасиеті алдымен ауызға алынады. Мысалы: 
“азаматтарымыз аттан түспесін, қазандарымыз оттан түспесін”, “бұл қазаққа қанат болған жүйрік 
ат,бұл қазаққа жақсы ән мен күй мұрат”.
 Әсіресе,ақын – жыраулар, би – шешендер жылқы малы туралы жүрек тебіреністерін ерекше 
айшықты өрнектер арқылы жеткізген.
БАЛ           ҚҰНАН       ДӨНЕН 
УЫЗ           ҚЫМЫЗ       САУМАЛ 
БЕСТІ        АЛАУ            ЖУАС 
Қорытынды: Мен болашақта жастарымыздың дені сау болу үшін өз үлесімді аянбай қосар 
едім.Қымызды күнделікті тұрмыста пайдаланып,ережеге сай тұтыну үшін жылқы малын көптеп 
өсіретін шаруашылықтарға көп көңіл бөлер едім.
 Жылқы мінсе – көлік,ішсе-сусын,жесе – тамақ екенін естен шығармай,қымызды Отандық тауарлар
атынан   айналымға   шығартатын   едім.Оның   емдік   сусын  екенін   мойындап  және   оған   жоғары   баға
берген Л.Толстой,А.С.Пушкин т.б болғандықтан оның әлемдік сұранысқа ие болатынына   сенемін.
Ал,одан еліміздің экономикасы көтерілетн еді.Қымызды қазіргі уақытта бізді көп алаңдатып отырған
қаназдық   ауруына   ем   ретінде   дәріханаларға   да   бөлінгенін   қадағалар   едім.   Еліміздегі   қымызбен
емдейтін орындар яғни орталықтарды әр қалаға ұйымдастырар едім.
 Үйретілген Сары алтындай Сары қымыз,
 Ауруға – ем сауға – қуат дәрі қымыз.
 Сапырған далам, қалам бәрі қымыз,
 Жайлаудың бүгін болды сәні – қымыз. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақ энциклопедиясы.
“Егеменді Қазақстан газеті”
    Академик Т.Шарманов. “Қымыздан артық дәм болмас”
3. Биология, география,химия.Доцент Р.Сәтімбекұлы “Жылқыдан асқан мал бар ма”
4. Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясын оқыту методикасы
5. Ж.Жабаев өлеңдері
6.Г.Есмағанбетова, “Қымыз,шұбат”. “Қайнар ”
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
«ҚЫЗЫЛ МИЯ-САҚТЫҢ, ЯҒНИ СКИФТІҢ АЛТЫН ТАМЫРЫ»
     №201 орта мектеп. Мектепішілік «Зерде»   ғылыми жобасы
Тақырыбы: «Қызыл мия-сақтың, яғни скифтің алтын тамыры» 
Секциясы:Дүниетану 2013-2014 оқу жылы
Жоба қорғаушы: Шайділда Мақсат  Сыныбы: 1«б»
Жетекшісі: Шалқымаева Ұлбосын
                          
 Жоспары:
1.Кіріспе.  Қызыл мия –шөптесін өсімдік  
2.Негізгі бөлім.
а)Қызыл мия-сақтың, яғни скифтің алтын тамыры
ә)Қызыл мия –дәрі
б)Қызыл мияны ысырыпсыз пайдалану мен  өңдеудің адам өміріндегі маңызы
270


Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Қорытынды. Қызыл мияны қорғау және өңдеу біздің негізгі міндетіміз
1.Кіріспе. Қызыл мия –шөптесін өсімдік 
Мен жоба қорғаушы Шайділда Мақсат1«б» сыныбында оқимын.Жобамның тақырыбы «Қызыл мия-
сақтың, яғни скифтің алтын тамыры» деп аталады.Бұл тақырыпты зерттеуге алған себебім, 
ауылымызда қызыл мия тамырын өңдейтін зауыт салынып ашылғалы жатқанын үлкендерден 
естідім.Менің әкем мал бағумен айналысады.Малға мияны орып әкеліп береді,қысқа дайындаған 
шөптерінің ішінде де мия шөбі кездеседі.Оның кепкен түрін осы кезде мал қорадан көп көріп 
жүрмін.Сондықтан,мені қызыл мия тамырын өңдеуге байланысты әңгімелер  қызықтырып , зерттей 
бастадым.   
Қызыл мия өсімдігінің адам денсаулығына емдік шипасы мол дәрілік шөп екені баршаға мәлім. Біздің
дәуірімізге дейінгі 426-484 жылдары бұл дәрілік өсімдік жайлы ежелгі грек тарихшысы Геродоттың 
өзі қызыл мия тамырының мың сан дертке дауа екенін айтқан екен. Тіпті бұл шөптесін өсімдікті 
“Сақтың, яғни скифтердің алтын тамыры” деп әспеттепті. Ал қазіргі уақытта дамыған медицинада 
бұл көптеген дертке дауа екені дәлелденіп отыр екен.                                                                                    
2.Негізгі бөлім.
а)Қызыл мия -сақтың, яғни скифтің алтын тамыры
Қызыл мия – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның шөл, 
шөлейтті, далалы аймақтарында өседі. Қазақстанда қызылмияның 5 түрі кездеседі екен.Әсіресе,олар 
Қызылорда облысының барлық аймақтарында кездеседі. Биіктігі 80 – 100 см-дей, тамыры жуан 
болады. Сабағы тік өседі, жапырақтары қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, 
күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы арқылы немесе вегетативті жолмен 
көбейеді. Маусым – шілдеде гүлдеп, шілде – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – қабықты 
бұршақ. Бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық салады. Тұқымы топырақта 2 – 3 жылға дейін 
тіршілігін жоймайды. Қызылмия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, 
эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және 
тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.                          
ә)Қызыл мия –дәрі
Айта берсек, бұл өсімдіктің адам ағзасына тигізер пайдасы орасан зор.Мияның тамыры дәрі,оны 
көктем мен күзде қазып алып,ұсақ,шашақ тамырларын қиып алып тастап,жуып-тазалап 
кептіреді.Шикідей немесе бал қосып жасалатын дәрілердің құрамына  қосады.Қолқа демікпесін 
емдеуде бұл тамырдың алатын орны өте үлкен. Дененің ыстығын басып, уытын қайтарады. 
Көкбауырды күшейтіп, әлдендіреді. Өкпені дымқылдандырып, жөтелді басады. Кеудені босатып, 
қақырық түсіруге көмектеседі, дәрілерді теңестіреді. Денедегі ыстықты басуға пайдаланады.                
1. Қолқа демікпесіне берілетін глициам дәрісі осы қызыл миядан жасалады. Түрлі тері ауруларына, 
аллергияға, асқазан жараларына, ішектердің созылмалы сырқаттарына тиімді дәрі ретінде белгілі. 
Нақтылап айтқанда, қолқаны тазалап, қақырық түсіруге, жөтелді бастыруға 30 г мия тамыры, 15 г 
қылша, 15 г өгейшөп гүлі, 15 г қарағай бүршігі, барлығын қосып, жарты литр суға қайнатып, 40 
минут бұқтырады. Астан бұрын күніне үш рет ішеді. Бір қайнатқанды екі күннен асырмау керек. Бір 
емделу мерзімі 15-20 күн.
    2. Асқазан және он екі ішек жарасына 31 г ақ жүрек, 30 г балмен өңделген қызыл мия, 16 г тырнақ 
гүлді қосып араластырып, әр жолы 3,5 грамнан қайнаған сумен ішеді.
   3. Жұтқыншақ қабынып, өкпенің ыстығы көтерілсе, жөтел қысса шикі қызылмия, қоңырау гүл, 
ошағанның әрқайсынан 9 грамнан қосып, суға қайнатып ішеді.
  4. Адам көтеріліп, есі ауысып ауырғанда 31 г тамырдан, солыңқы бидай (дәні толық піспей бүрісіп 
қалған) 9 г, өңделген мия тамырынан 9 г, шылан ағашының 6 дана жемісі, сарана гүлінен 18 г, қарабас 
шөбінен 12 г, ерте заманда өлген жануарлардың тасқа айналған сүйегінен 9 г қосып, суға қайнатып, 
ішеді.
  5. Бұзылған тағамдардан уланған кезде: шикі қызыл мия мен бұршақтың әрқайсынан 31 грамды суға 
қайнатып, ішу керек.
  6. Қызыл мияны көз мөлшермен өлшеп, қалыптан асырып алуға болмайды. Ол шамадан асып кеткен
жағдайда дене ісінеді. Ет пен терінің арасында натрий қышқылы жиналады. Жоғарыда аталған 
271


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау