Бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



жүктеу 353,1 Kb.
Pdf просмотр
бет3/13
Дата26.05.2018
өлшемі353,1 Kb.
#17873
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

9

сұрақтарды пайдалануды талқыладық, сосын мен оған өзімнің бақылау парағында 

көрсеттім (дәлелдеме ұсыну).

Қорғаудың  көп  бөлігі  тәлімгерлік  арқылы  қандай  материал  игерілді,  соған 

шоғырлануы қажет, мысалы:

«Менің тәлімгер алушым айтты ... Келесі сабақта мен оның ... бақыладым. Бұл 

оның ... үйренгенін көрсетеді».

Мұғалім әріптесі ментидің не меңгергендігіне қатысты қандай да болса пайымдау-

ды қолдау үшін фотосуреттер, бейнежазбалар және сабақ жоспары, оқушылардың 

жұмысы немесе мұғалімнің бағасы сияқты артефактілерді, қолдануы керек.



3.3  Таныстырылымды бағалау үдерісі

Таныстырылымды  қорытынды  бағалауға  мұғалімдерге  таныс  емес  тәуелсіз  тре-

нерлер жауапты болады. Бағалаудың үш түйінді критерийі негізінде таныстыры-

лым  бағаланады.  Мұғалімдердің  таныстырылымы,  жалпы  алғанда,  барлық  үш 

критерийге сәйкес болуы керек, бірақ әрбір слайд бір немесе екі критерийге аса 

шоғырлануы  мүмкін.  Таныстырылымда  үш  түйінді  критерийдің  қалай  қолдану 

мүмкіндігінің мысал арқылы түсіндірмесін және слайдттарда көрініс табуы мүмкін 

критерийлер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін 2-қосымшаны қараңыз. 

Таныстырылым «жақсы», «қанағаттанарлық», «шекті деңгей», «қанағаттанғысыз» 

деп бағаланатын болады.

Мұғалімдер  топтағы  өз  әріптестерінің  таныстырылымын  бақылайды.  Барлық 

мұғалімдердің оқу үдерісіне әріптестерінің таныстырылымын бағалау белгілі бір 

үлес  қосады.  Әріптестердің  бағалауын  тәуелсіз  тренер  ескеруіне  болады,  бірақ 

қорытынды  бағаны  дербес  шығарады.  Тәуелсіз  тренердің  бағалауын  эксперт 

құптауы  мүмкін,  егер  ол  үдерісті  бақылаған  болса.  Эксперттер  модератор  бола 

алады  және  қажет  жағдайда  тренердің  шешіміне  араласып,  түзету  енгізе  алады. 

Эксперттің  мұғалімдердің  таныстырылымына  қатысуы  тренерлерді  қолдау  және 

бағалау үдерісіне белгілі бір үлес қосады.

 

Тәуелсіз тренерлер, әріптестер мен эксперттер Бағалау жабдықтарындағы профор-



маларды таныстырылымның әрбір элементін бағалау үшін қолдана алады.



Портфолио мен таныстырылым бағаларының модерациясы

Бағалаудың кейбір шешімдері модерацияға жатқызылуы мүмкін. Модерация келесі 

жағдайларда жүзеге асырылады:

1) топ  тренері  мен  тәуелсіз  тренердің  портфолиоға  қойған  бағаларының 

айырмашылығы екі немесе одан жоғары балл;

2) портфолио  немесе  таныстырылымға  қойылған  қорытынды  баға  -  «шекті 

деңгей».



10

Бірінші жағдайда, эксперт немесе екінші тәуелсіз тренер мұғалім портфолиосын 

қайта қарап, топ тренері және тәуелсіз тренермен бағаларды талқылайды. Эксперт 

немесе екінші тәуелсіз тренер соңғы шешім қабылдайды.

Екінші  жағдайда,  эксперт  немесе  екінші  тәуелсіз  тренер  және  тәуелсіз  тренер 

мұғалімнің портфолиосы мен таныстырылымын үш түйінді критерийдің әрқайсысы 

бойынша  дәлелдемелердің  жеткіліктілігін  шешу  үшін  қарастырып,  талқылайды. 

Экспертке және екінші тәуелсіз тренерге портфолио портал арқылы қол жетімді 

болады. Егер олар мұғалімнің таныстырылымды қорғауына қатыспаған болса, онда 

шешім шығару үшін қолжетімді болған жағдайда таныстырылымның бейнежазба-

сын қарай алады. Эксперт немесе екінші тәуелсіз тренер соңғы шешім қабылдайды.

Модерация  үдерісі  аяқталғаннан  кейін  барлық  мұғалімдерге  «есептелді»  немесе 

«есептелмеді» бағасы қойылатын болады.

«Есептелді»  қорытынды  бағасын  алған  бағдарламаның  барлық  тыңдаушылары 

ресми сертификаттау үшін ПӨШ өткізетін емтиханға жіберіледі. Бірақ, модерация 

үдерісі емтиханға дейін аяқталмауына байланысты, «шекті деңгей» бағасын алған 

барлық тыңдаушылар емтиханға жіберіледі.

Модерация  қорытындысы  бойынша  «есептелмеді»  қорытынды  бағасын  алған 

тыңдаушылар емтихан нәтижелеріне қарамастан, сертификаттауға ұсынылмайды.



Сертификаттау, қайта тапсыру және апелляцияға ұсынылған 

мұғалімдер тізімін ресми бекіту

Модерация үдерісінен кейін үміткерлердің бағалары Емтихан Кеңесіне берілетін 

сертификаттауға  ұсынылған  мұғалімдер  тізімін  жасау  үшін  қолданылады. 

Сертификаттауға  ұсынылған  мұғалімдер  тізімін  Емтихан  Кеңесі  қарастырады 

және ресми түрде бекітеді. Емтихан Кеңесі сертификаттауға өтпеген үміткерлердің 

жағдайларын,  сонымен  қатар  кез-келген  бұзылыс  жағдайларды  қарастырады. 

Берілген дәлелдемелер негізінде Емтихан Кеңесі үміткерлерді қайта тіркеу немесе 

қайта тапсыру туралы шешімді қабылдайды.

Үміткерлер портфолиосы немесе таныстырылымы «қанағаттанғысыз» бағаланса, 

қажетті  компонентті  бір  рет  қайта  тапсыруға  рұқсат  ала  алады.  Портфолиосы 

және таныстырылымы бойынша «қанағаттанғысыз» баға алған үміткерлерге қайта 

тапсыруға рұқсат берілмейді.

Емтихан  Кеңесі  денсаулығы  және  жеке  себептерге  байланысты  бағдарламаны 

аяқтамаған  үміткерлердің  жағдайларын  қарастырады.  Емтихан  Кеңесі  үміткерді 

бағдарламаға қайта тіркеу мүмкіндігі немесе бағдарламаның қандай да бөлімдерін 

аяқтау қажеттігі туралы шешім қабылдайды.




11

Емтихан  Кеңесі,  сондай-ақ,  барлық  бұзылыс  жағдайларды,  әдетте  плагиатты 

қарастырады. Мұғалімге арналған нұсқаулықтан плагиат ретінде не есептелетіндігі 

туралы ережені табуға болады. Емтихан Кеңесі үміткердің плагиат болып есептел-

ген жұмысын қайта тапсыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.

Сертификаттауға  ұсынылған  мұғалімдердің  ресми  тізімі,  сонымен  қатар, 

«есептелмеді» бағасын алған үміткерлер үшін қайта тапсыру немесе қайта тіркеу 

туралы шешім Емтихан Кеңесінен кейін жарияланады.



Апелляция

Үміткерлер  апелляцияға  «есептелмеді»  шешімі  қабылданған  жағдайда  бере  ала-

ды. Дегенмен, бағалау рәсімдері бойынша ғана апелляцияға беруге болады. Тре-

нер, тәуелсіз тренер және эксперттің портфолио мен таныстырылымның сапасына 

қатысты бағалау және модерация бойынша қабылдаған шешімдері талқылауға жат-

пайды. Апелляцияға осы құжатта баяндалған бағалау және модерация үдерістері 

орындалмаған жағдайларда ғана беруге болады. Осындай жағдайдларда үміткерлер 

бас экспертке бағалау үдерісінде орын алған ағаттық жағдайлар немесе орынсыз 

әрекеттердің,  кез-келген  жіберілген  рәсімдік  қателіктердің  дәлелдері  мен  егжей-

тегжейін баяндап жазбаша өтініш беру керек.

Осындай  апелляцияға  өтініш  сертификаттауға  ұсынылған  мұғалімдер  тізімін 

бекіткеннен кейінгі 14 күн ішінде берілуі тиіс.

Өтінішті алғаннан кейін, бас эксперт кідірмей қабылдап, қарастырады. Жағдайды 

тексеруді бас эксперт аппеляцияға өтініш беруші үміткерді бағалауға қатысқан тре-

нер, тәуелсіз тренер және экспертпен кеңесе отырып жүргізетін болады. Үміткерден 

өз таныстырылымын бас экспертке жекелей көрсетуі сұралуы мүмкін. Бас эксперт 

шешім себебін көрсете апелляцияға қабылдау немесе қабылдамауға қатысты жаз-

баша жауап ұсынады.




жүктеу 353,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау