- «Емтихан» сөзі латын тілінен аударғанда « сынақ» деген мағынаны білдіреді. Түлектер үшін де және олардың ата – аналары үшін де ҰБТ рәсімі сынаққа айналып келеді. Әр емтихан тапсырушы, оның нәтижелеріне қарамастан, өмірдің ең маңызды ғылымды меңгереді емес пе?! Бұл ғылым – қиын жағдайда жеңілмеу, толқуды жеңе білу, көкірегін кере кең демалу және өмірде алға қарай жүру!
- Мектепте және үйде емтиханға дайындалу – 8 сағат
- Спорт, таза ауада серуендеу– 8 сағат
- Тамақтану: Дұрыс тамақтануға ұсыныс береміз. Калорийлі, дәрумендерге бай тағамдармен күніне 3 – 4 рет тамақтану керек. Ас мәзіріне шоколадты, көкөністерді, балды, жаңғақтарды, балықты, етті қолданған пайдалы.
- Емтихан әзірленуге қолайлы орын
- Балаға емтиханға дайындалуға арнайы орын дайындаңыз. Үстел үстіне күлгін немесе сары түстегі заттарды қойыңыз. Осы үстер белсенділікті, жұмыс қабілетін арттырады.
- Оқушылардың жеті ережесі:
- Сенің оқып жатқаның абсолютті шындық емес, тек үлгі ғана.
- Сен түтас жүйені оқыт жатырсың.
- Саған жүрегінің жылуы бар адамдар білім беріп жатыр.
- Білім алудың мақсаты – ақыл – ой қабілетін жаттықтыру.
- Кез келген пәннің қызық жағын табуға болады.
- Жақсы оқу бұл – қарапайым әрі қызықты.
- Тек баға үшін ғана оқымай керек.
-
- Жұмыс қабілеттілігін қолдау:
- Ақыл қабілетін және дене еңбегін кезектестіру;
- Көздерді шаршаудан қорғау, оларға демалыс беріп, зейінді аудару;
- Телевизиялық хабарларды көруді және компьютермен жұмыс істеуді азайтып, көп қозғалып, оттегі жұту;
- Отбасындағы жаттығулар мен ойындар көмегімен танымдық қабілеттерді ынталандыру;
- Тыныс алу жаттығуларының көмегімен көңіл – күйді көтеріп, өз бойына жаңаша күш жинау.
- Отбасындағы қолайлы психологиялық ахуал, сенімді өзара қарым – қатынас.
-
- Ашушаңдық пен психикалық шиеленісті босату тәсілдері
- Ата – аналарға нені білу маңызды?
- Табыс күйін жасау, ынталандыру
- ( мен барлығының жақсы болатындығына сенімдімін: күлкі, әңгімелесу, қорқыныштар мен үрейлерді талқылау, физикалық байланыс)
- Қолдау, эмоционалдық ахуал
- Сен ақылдысың, күштісің, ептісің. Мен сені мақтан тұтамын! Қандай жағдай болмасын, сен біз үшін – ең жақсысың!
- Стреске төзімділікті және жинақылықты арттыру
- ( құлау жаттығуы, түлек арқасымен тұрып туған – туысқандарының созған қолдарына құлайды, дене қысымын босату мен адреналинді шығару үшін аттракциондарға бару)
- Толыққанды демалыс пен ұйқыны қамтамасыз ету.
- БАЛАҢЫЗҒА:
- СЕН СҮЙІКТІСІҢ!
- СЕН- БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗДІҢ ЕҢ ҚЫМБАТ ЖАНСЫҢ, ТУҒАНЫМЫЗСЫҢ!
- СЕН КӨП НӘРСЕНІ ІСТЕЙ АЛАСЫҢ!
- КЕЛШІ МАҒАН! МЕНІҢ ЖАНЫМА ОТЫРШЫ, СӨЙЛЕСЕЙІК...
- МАҒАН НЕ БОЛҒАНЫН АЙТШЫ...
- МЕН СЕНІҢ ТАБЫСЫҢА ҚУАНАМЫН!
- СЕНІҢ ТАЛАНТТЫ ЕКЕНІҢДІ МАҚТАН ТҰТАМЫН!
- СЕНІМДІ, САБЫРЛЫ БОЛ, БАРЛЫҒЫ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ!
- ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙ БОЛМАСЫН, МЕН СЕНІМЕН БІРГЕМІН
- ӘРІ КӨМЕКТЕСУГЕ ӘЗІР ЕКЕНІМДІ ЕСТЕН ШЫҒАРМА!
- СЕНІҢ ҮЙІҢ СЕНІҢ ҚАМАЛЫҢ, - ДЕП АЙТЫҢЫЗ
-
- Емтихан мен ҰБТ уақытында зияткерлік мүмкіндіктерді шоғырландыратын тәсілдер
- Стресс уақытында ағзаның күшті сусыздануы болады. Емтихан алдында және емтихан кезінде суды, әсіресе минералды суды көп ішкен жөн. Судың құрамында ми жұмысының электр химиялық реакцияларына қатысатын калий мен натрий иондары бар.
- Тыныс алу – антистресс – баяу демді ішке тартып, кейін әдеттегідей тыныстайды. Бұл стрестің импульсін бөлшектейді. Осылайша 3 рет жасаңыз да, әрі қарай әдеттегідей тыныстаңыз.
- Өзіңіздің балаңызға емтихан уақытында келесілерге назар аударуға кеңес беріңіз:
- Қандай тапсырма бар екенін көріп шығу үшін, көзіңмен барлық тесті сырттай шолып шық, бұл жұмысқа ниеттенуге көмектеседі.
- Сұрақты соңына дейін мұқият оқы және оның мағынасын түсін.
- Егер берілген уақыт ішінде сұрақтарға жауап бере алмасаң, өзіңнің түйсігіңе сеніп, ең ықтимал нұсқаны көрсет.
- Баланың емтихан уақытында алатын балдарына алаңдамаңыз және оны емтиханнан кейін сынамаңыз. Балдардың саны бұл – оның мүмкіндіктерін субъективті түрде бағалау ғана. Балаңызды жігерлендіріңіз, оның барлығын дұрыс істеп жатқанын айтыңыз.
- Балаға әрдайым ана – ананың толқынысы беріледі және де егер жауапты сәтте ересектер өздерінің эмоцияларына ие бола алса, онда бала да өзін барынша сабырлы сезінеді. Өзіңізге қамқор болыңыз!
Достарыңызбен бөлісу: |