6
болса, айтылған барлық талаптарсыз да портфолиоға «есептелді» бағасы қойылуы
мүмкін. Сонымен қатар, егер есептерде елеулі элементтер болмаса, ол қорытынды
бағада көрсетілуі тиіс.
2.2 Портфолионың мазмұны
Мектеп тәжірибесі кезеңінде мұғалімдер оқыту, зерттеу, коучинг пен тәлімгерлікке
қатысып, жазба жүргізеді. Мұғалімдерге бағалауды басқаруды жеңілдету үшін,
портфолиосына жүргізілген жұмыс бойынша барлық жазбаларын түгел енгізу қажет
емес. Портфолио үшін талаптар минимумы төменде көрсетілген. Мұғалімдерге
жұмысты бағалауын немесе олардың білімі мен кәсіби дамуын куәландыратын
құжаттарды портфолиоға қосқаны жөн. Бұл қосымша жазбалар әріптестері және
тренерлермен формативті талқылауларды растауы мүмкін. Бағдарламаның екінші
«бетпе-бет» кезеңі барысында мұғалімдер бағалау және таныстырылым үшін
портфолионың кейбір дәлелдемелерін аяқтайды және жетілдіреді. Суммативті
бағалаудың жазбаларын дамыту үшін тренерлер өз оқу топтарында портфолионың
мазмұны мен құрылымы бойынша мұғалімдерге формативті қолдау көрсетеді.
Портфолионың жалпы құрылымы Екінші (негізгі) деңгей
1)
Іс-әрекеттегі зерттеу жобасы бойынша есеп (4000 сөз):
• Бағдарламасының жеті модуліне сәйкес зерттеу тақырыбын негіздеу.
• оқыту тәжірибесіндегі өзгерістер туралы есеп. Әсер етуші факторлар қандай
болды?
• Мәліметтерді жинау - мәліметтерді жинау үшін қандай әдістер қолданылды?
Неліктен осы әдістер таңдалды?
• Негізгі қорытындылар - мәліметтер нені көрсетті?
• Мәліметтерді талдау - жақсарту орын алды ма? Осыны анықтау үшін сыртқы
факторлардың әсер ету тиімділігін бағалау. Егер оң өзгерістер болса, бұл
мәліметтердің нақты дәлелдері бар ма? Егер болмаса, сіздің зерттеулеріңіздің
келесі циклінде жақсы нәтиже алу үшін іс-әрекетіңізге қандай өзгеріс енгізуге
болады?
• Шектеулер: жоба барысында қандай қиыншылықтар кезікті?
• Қорытынды - Осы жоба нәтижелері сіздің болашақ тәжірибеңізге қалай әсер
етеді?
2)
Екі коучинг сабағы бойынша рефлексивті есеп, соның ішінде:
• екі коучинг сабағының жоспарлары;
• коучинг сабақтары бойынша екі рефлексивтік есеп (әрқайсысы 1000 сөзден):
- осы мәнмәтіндегі бағдарламаның белгілі бір идеяларына назар аударудың
мақсатқа сәйкестігінің негіздемесі (мектеп мұғалімдерінің касіби даму
қажеттіліктерін анықтау).
- коучинг сессияларының сипаттамасы.
- өткізілген коучинг сабақтарының үдерісінің мықты және әлсіз жақтарын
бағалау
7
- коучинг сабақтары барысында мұғалімдер нені үйренгенін бағалау
• коучинг тәжірибесін іске асыру аясында коучтің оқуы туралы рефлексивтік
есеп (1000 сөз).
3)
Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы аналитикалық есеп (2000
сөз), оның ішінде:
• қажеттілікті анықтау: екінші деңгей бағдарламасының идеясына қатысты
әріптестің кәсіби дамуындағы қажеттілігі қандай болды (коучингтің топтық
сабақтарында қарастырылған идеяларды талдауға болады);
• тәлімгерлік барысындағы мұғалімге берілген ұсыныстар, қадағалау
нәтижелері, кері байланыс;
• тәлімгерлік үдерісінің табыстылығының сапасын бағалау;
• әріптестермен жұмыс істеу нәтижелерінің негізінде тиімді тәлімгерлік мәнін
түсіну.
Тәлімгерлік үдерісі бойынша аналитикалық есепке ұсынылатын қосымшалар:
• даму қажеттіліктерін анықтауға зер сала отырып, тәлім алушы әріптестің
оқытуын бақылау
• тәлім алушы әріптеске даму мақсаттарын көрсетіп ұсынылған кері байланыс
жазбалары
• тәлім алушы әріптестің тәлімгерлік тақырыбы бойынша оқуы туралы
рефлексивті есебі.
2.3 Портфолионы бағалау үдерісі
2.3.1 Топ тренерінің портфолионы алдын ала бағалауы
Мұғалімдер оқуының екінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңі барысында тренер-
лер өз тобындағы барлық мұғалімдердің портфолиосын аяқтауға қолдау көрсетеді,
танысады және портфолионың алдын ала бағалауын жүргізеді. Бағалау «жақсы»,
«қанағаттанарлық», «шекті деңгей», «қанағаттанғысыз» бағаларын қою арқылы,
жоғарыда сипатталған критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады. Болашақта оқыту
бағдарламаларында үлгі ретінде қолданылуы мүмкін жұмысты «жақсы» бағасы
анықтайды. Осы бағаны алған мұғалімдерге өзінің жұмысын мұнан былай кәсіби
журналға жариялауы үшін дамытуды ұсынуға болады. Бұл бағалардың сипаттамасы
3-қосымшада берілген. Тренерлер өз тобындағы әрбір мұғалімге алдын ала бағалау
парағын толтыратын болады. Нәтижелері мұғалімнің портфолиосы және танысты-
рылымын тәуелсіз бағалауға осы топқа бекітілген тәуелсіз тренерге беріледі.
2.3.2 Портфолионы тәуелсіз бағалау
Мұғалімдер өз портфолиосын электронды түрде тапсырады. Олар бағалау
үшін топ тренері мен тәуелсіз тренерге қолжетімді болады. Тәуелсіз тренер-
лер оқудың екінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңі соңында портфолионы зер-
делеп, бағалайды. Тәуелсіз тренер, содан кейін, өз бағасын Бағалау жабдығында
8
келтірілген алгоритмге сәйкес топ тренерінің бағасымен салыстыра отырып, әрбір
мұғалімнің портфолиосына қорытынды баға қояды. Топ тренері мен тәуелсіз тре-
нер қойған бағаларында екі балл айырмашылық болған жағдайда немесе тәуелсіз
тренер «шекті деңгейге» бағаласа, мұғалім портфолиосын эксперт немесе екінші
тәуелсіз тренер модерациялайды.
3
Таныстырылымды бағалау
3.1 Таныстырылымды бағалау қағидалары
Мұғалімдер оқудың екінші «бетпе-бет» аудиториялық кезеңі барысында өз порт-
фолио есептерімен байланысты таныстырылымды дайындап, шығып көрсетеді.
Таныстырылым мұғалім портфолиосының шынайылығын айқындауға көмектеседі
және қорғау дағдыларын көрсетеді. Таныстырылым жалпы білім беретін мектептер
тәжірибесіне бағдарламаның екі бағытының идеяларын енгізуіне шоғырланады.
3.2 Таныстырылым мазмұны
Өз тәжірибесі мен әріптестер тәжірибесіне өзгерістер енгізу және басқару бойын-
ша рефлексия (22-22 минут). Мұғалім алты слайд немесе алты постерден тұратын
таныстырымға жүгіне отырып көрсетеді:
• Іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелері мен оның мұғалімнің болашақтағы
тәжірибесіне әсері: слайд зерттеу үдерісін сипаттамай, онда мұғалім өзі үшін не
ашты және бұл нәтижелерді болашақ оқытуды жоспарлауда қалай қолданатынын
көрсетуі тиіс;
• бір коучинг-сабақтың нәтижесі бойынша әріптестердің оқуының
тиімділігін бағалау, осы оқудың айғақтарымен: слайдта мұғалім коучинг-сабақты
қысқаша сипаттайды. Уақыттың көп бөлігін олардың ойынша, әріптестердің не
үйренгенін көрсетуге арнап, және де өз тұжырымдамасын растайтын дәлелдемелер
ұсынуы керек. Бұл мәліметтерде мыналар болуы мүмкін: мәселен, сабақ барысын-
да жасалған топтың фотосуреті, постерлер, сабақтағы әріптестерінің бағалауы,
көрсетілімге ұсыну үшін іске асырылатын идеялардың сабақтан кейін жазылған
әріптестердің оқу жоспары және т.с.с.
• әріптестердің бірін оқуының дәлелдерімен қоса тәлімгерлік туралы
рефлексивті есеп
Тәлімгерлік үдерісінде не жақсы, ал не онша сәтті болмағаны және неге туралы
мұғалімнің пікірін қосу керек:
«Менің мұқият бақылауым мен кері байланысым шынында пайдалы болды және
менің әріптесіме сұрақ қою дағдысын дамытуға көмектесті.
Сонымен қатар, мұғалімнің не істегені туралы қысқаша түсініктеме берілуі тиіс,
мысалы:
«Мен бақылаған сабақта менің әріптесім сыни ойлауды дамыту үшін сұрақтардың
әр түрін қалай қолданды, мен ... Сабақтан соң біз екеуміз кездесіп, осындай түрдегі
Достарыңызбен бөлісу: |